(Ұлым Ермұратқа арнау)

Сағыныштан өзек күйіп тұр бүгін,

Сағым болып кеткеніңбе,сен ұлым.

Елестетем көз алдыма көрмеймін,

Сені жоқ айтуға Ұлым сенбеймін.

***

Уақыт деген өтіп жатыр зымырап,

Оралмадың  Емотайым  сен бірақ…

6-ай болды  жүрегімнің ішіндегі жүрегім,

Үзілдіде  тоқтап  қалды  білемін.

***

 Тынысым тар, демім жетпей барады-ай,

Анаң байқұс тек ботамдап қалған-ай.

Жарқ еттің де,сөне қалдың бір сәтте,

Ойламадым сені іздейм деп жан Ұлым.

***

Тағдыр неткен  қаталдықтан тұрады,

Алдамшы боп жүрегіңнен ұрады.

Соққы беріп,егілтеді тоқтаусыз,

 Анаң  байқұс шыдайды енді шарасыз.

***

Емотайым,айналайын атыңнан,

Балапаным анаң қатты сағынған.

Бір сәткеде ойымнан еш шықпайсың,

Таңда еріген аппақ қана шықтайсың.

*******

6-айға аяқ басты амал барма,

Емокамның өмірден өткеніне.

Өзімді  Емотайым бар деп алдап,

Күніге сүйретіліп жүргеніме.

Алысқа кетті, қайтем келмес жерге,

Артыңа майыңды шаш тұңғыш ұлым.

Аман болсын соңыңнан ерігендер,

Қолымнан сусып кеткен қоңыр қозым.

Аллам сені шығарса екен пейішке,

Себебі, сен періштесің, періште.

Жасамадың біреулерге қиянат,

Аттамадың ала жібін ешкімнің.

Сағым болып қалғаның ай құлыным,

Үзіліп түскендейме жұлыным.

Дем ала алмай тарылғандай тынысым…

 

Кеклова Алма Мукамгалиевна,

 «Жас тілшідер»тобының жетекшісі,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы

«Еңбек орта мектебі — Өрнек

бастауыш  мектебімен»КММ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *