Еліміздің  барлық мектептерінде бүгін соңғы қоңырау соғылып,  мектеп бітіруші түлектер Алтын ұя мектебінде білім берген ұстаздарына, мектеп директорлары мен кітапханашыға, балалардың денсаулығы үшін әдемілік пен тазалықты сақтаған жандарға деген шексіз алғысын жаудыруда.

Әр түлек  Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысына қарай таңдаған мамандықтары бойынша Жоғары оқу орындарына қадам баспақшы.

Білім сапасының қорытындысы- әр пән мұғалімінің  шәкіртіне  зерделеген білімінің нәтижесімен бағаланады. Бұл тұрғыдан алғанда, қай ұстаздың да еңбегінің жанғанын көреміз.

Мектеп бітіруші түлектер!

Қадірлі оқырмандарымыз!

«Өмір» атты әлемге атаған қадамдарың құтты болсын! Ақ қанат армандарың орындалып, мақсаттарың жүзеге ассын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *