Сейіт Қасқабасов, ҚР ҰҒА академигі,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Қазіргі таңда бізде ғылымға бағытталған арнаулы журнал күрт азайып кетті. Ұлттық Ғылым Академиясының журналдары, негізінен, жоғары білікті ғалымдарға арналған. Ал университеттердің журналдарында көбінесе білім мәселесіне қатысты материалдар мен PhD диссертациясының мақалалары жарияланады.
Жаңадан ашылып жатқан мына журнал – ғылыммен шұғылданатын жастарға үлкен көмекші болады деп ойлаймын. Бұл журнал – талантты балаларымыз өз ой-пікірлерін, ғылыми бағыттағы жаңа идеяларын еркін айтып, ортаға салып, нақты ұсыныстар беретін трибунаға айналады деп сенемін. Ұлы бабамыз Фараби де осы ұлы далада туып, жас кезінен білім мен ғылым іздеп, шетел асып, оқып-ізденіп, ғылымның әр саласынан өте маңызды жаңалықтар ашып, «Әлемдегі Екінші Ұстаз» атанған болатын. «Фараби шәкірті» журналының жас авторларына осы ұлы бабамыздың жолын берсін, қазақ даңқын әлемге таратсын деп тілеймін! Журналдың ғұмыры ұзақ болсын!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *