Нұрды көрсең
Жапырақтан мөп-мөлдір,
Күнді көрсең
Көкжиектен төккен нұр,
Гүлді көрсең
Сұлулықтан өткен бір,
Көктем бұл!
Жерді көрсең
Жасыл иә көктең біл,
Сеңді көрсең
Ағыстағы – өткен жыл!
Селді көрсең
Ағып жатқан өктем бір
Көктем бұл!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *