Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында да кәсіподақ ұйымы жұмысын жасайды. Кітапхана кәсіподағы өз мүшелерінің мемлекет және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі. Ұжымдық шарттар мен тиісті деңгейдегі тарифтік келісімдер жасасады; олардың арасындағы жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі. Кәсіподақ ұйымының ең қуатты құралы – бұл ұжымдық келісімшарттар. Ол Еңбек Кодексіне сай құрылып, жұмыс берушілер мен кәсіподақ тарапынан қайта қаралып келісіліп, өзіндік талаптары мен шарттары бекітіледі. Біздің кәсіподақ ұйымының мақсаты – кітапханашылар мен жұмысшы қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту. Құқығының қорғалуына әрқашан көмек беріп, қолдау көрсетті. Ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес кітапхана қызметкерлерінің еңбек қызметі кезінде өмірі мен денсаулығын сақтау, еңбектерін қорғау қатаң сақталады. Кітапхана кәсіподағы әрдайым «Мектепке жол» акциясында, қайырымдылық акцияларында көмек қолын созып келеді. Кәсіподақ ұйымы тұрмысы төмен отбасыларға ақшалай көмек көрсетуден де тыс қалған жоқ. Денсаулығына, отбасылық жағдайына байланысты өтініш жазған қызметкерлерге де көмек көрсетуін тоқтатқан емес. Ол рухани көмек ретінде, қолдау ретінде үлкен сыйластық деп есептеймін. Кітапхана кәсіподақ ұйымының төрағасы кітапхана процестерін автоматтандыру бөлімінің меңгерушісі Шынара Манарбекқызы. Кітапханадағы қызметкерлерге кәсіподақтық жиындар, спорттық жарыстарға белсене қатысуға демеу береді. Ай сайын айлық жиналыс өткізіп, қорытынды жасап отырады. Кітапханаға жаңадан орналасқан қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.Ұжым арасында өткізілетін демалыстарда кәсіподақ өз белсенділігін танытады. Қысқы және жазғы демалыстарда, мереке кезіндегі демалыстарды үнемі жоғары деңгейде өткізеді. Қысқы демалысқа шыққанда шаңғы, конькимен сырғанау сияқты спорттық ойын түрлері ұйымдастырылып тұрады. Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін қысқы спартакиадаға Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұжымы қалмай қатысып, жүлделі орындарды иеленіп және бағалы сыйлықтармен марапатталып келеді. 2019 жылы Қазақстан Республикасының Кәсіподақ күніне арналған «Тұрақты кәсіпорын! Тұрақты қоғам! Тұрақты ел!» плакаттар сайысында кітапханамыз жүлделі екінші орынды қанжығасына байлады. Кәсіптікодақтың ұйымдастыруымен өтетін «Мәдениет қызметкерлері» күні, «Еңбек күні» тағы сол сияқты мерекелерде кітапхана қызметкерлі мерекелік төсбелгілермен марапатталатын.

«Кітапхана процестерін автоматтандыру» бөлімінің меңгерушісі, кітапхана кәсіподағының төрағасы Шынара Манарбекқызы «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен, 2019 жылы кітапхана директорының орынбасары, ардагер қызметкер Құдасова Үржан Құрманқызы «Еңбек Даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Кітапханамыздан осы уақытқа дейін Алтынгүл Асқарқызы «Құрмет грамотасымен», Әлия Кенжеғазықызы, Ұлжан Мырзегерейқызы, Гүлжан Ескендірқызы, 2021 жылы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай кітапханамыздың «Жасөспірімдерге қызмет көрсету» бөлімінің бөлім меңгерушісі Ләззат Сағындыққызы мерекелік «Алғыс хатпен» марапатталды, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Табылдинова Назира Сәрсенбайқызы кітапхананың кадр бөлімінің маманы Қарабаева Ғалия Жұбанышқызын «Құрмет» грамотасымен марапаттады. 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Сильная первичка – сильный профсоюз» республикалық онлайн байқауына қатысып, «Қазақстандық, салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Ж.Иманқұлованың «Лучший молодежный лидер» дипломымен марапатталдым. 2020 жылы ұйымдастырылған «Шаг вперед» кітапханалар байқауында кітапханамыз бас жүлдені иемденді. Сондай-ақ әрбір мереке кезінде кітапхана кәсіподағы ардагерлерге, қызметкерлерге сый-сияпат ұсынып, құттықтауды дәстүрге айналдырған. Осының барлығы ауызбіршіліктің арқасы деп ойлаймыз.

Кәсіподақ жұмысы заман талабына сай ұйымдастырылып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарапайым еңбек адамдарына оңтайлы етіп жасап келеді. Кітапхана білім кенінің ордасы, ал кітапханашы сол білімді таратушылар. Ұжымдық ауызбіршілік сақталып, жасаған жұмыстарымыз елене берсе қанатымыз талмай биікке ұшарымыз анық. Сондықтан кәсіподақ жасасын!

 

Лаура Ерікқызы

Сағи Жиенбаев атындағы

Ақтөбе облыстық жасөспірімдер

кітапханасының қызметкері.

Ақтөбе қаласы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *