Шіліңгір шілденің ортасында  он жасар Әлиханның ерлігі туралы  көпшілік біліп таңданып,  тамсанды.  Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танылған  ұланды рухани қолдап, әулетке арнайы келдік.

Іргелі ауылының жаңақұрылысында әкесі Бейсенғали күтіп алып, нағашы әжесі  Гүлжан ұстаз қарсы алды. Әлихан бауырларымен отыр екен, бізді көріп орнынан тұрып сәлемдесті.

—Әлихан, жүрек жұтқан екенсің! Әжетхана құдығына түсуге қорықпадың ба? Мұндай әрекетке үлкен ағалар да беттей алмас еді.

—Әкем айтты, балам, көршінің қызын құтқарайық. Мен балгарка (арнайы аспап) темірді кесіп өзім түсер едім. Сайман әкеліп, оны кесемін дегенше уақыт өтікізіп аламыз деді. Төменде қыз дауыстап жылап жатты. Анасы «өлді, өлді» қатты жылап жүрді. Әкем беліңе арқан байлаймын. Қорықпа. Қызды қолынан ұстама, тайғанып кетсе, құлатып аласың, белінен қатты құшақтап ұстап жіберме, мен сендерді тез шығарып аламын деді. Әкемнің айтқанын істедім. Анам телефонның жарығын түсіріп тұрды.

Әлиханның сөзін нағашы әжесі қостап:

—Қорықпаған себебі, отбасымызбен әжетхананың жанына барып, «Әлихан, қорықпа! Біз бармыз!» — деп демедік. Қыздың анасы бар.

Әлихан:

—Біз үй салып жатырмыз. Далада  құдық бар. (үйден шыққан қалдық суларды жинайтын құдық). Әкем беліме арқан байлап түсіреді, одан кейін шелекпен тастарды түсіреді. Мен соларды әкем айтқандай  қалаймын. Қызды құтқаруға сол жерге арқанмен түсіп, қайта көтеріліп жүргенім үшін қараңғыдан да, иістен де қорықпадым, — деп күліп сөзін жалғастырды. Бала емес пе! Өзінің ісі ерлік емес, қарындасын құтқарған тәрізді күй кешіп жүр.

Нұрдаулет әулеттіндегі тоғыз баланың кенжесі Бейсенғали, анасы – Светлана Алматқызы көпбалалы жас отбасы. Нұрдаулет Әлиханның інісі, оқушы Әділ де:

—Маған айтпадыңдар, мен де Әлиханмен бірге қызды құтқаруға көмектесетін едім, — деп ағасына қолдау білдіре алмағаны үшін бұртиып жүр. Бауырға жанашырлық.  Айару – жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттамақшы. Аяла кішкентай. Светлананың сіңлісінің қызы төрт жасар Зере де біздің әңгімемізді түсініп жатқандай қолымен керемет деп қояды. Нағашы әжесі Гүлжан Нұрділдақызы ардақты ұстаз, зейнеткер. Ұл – қыздарынан өрбіген немерелерінің бас ұстазы, ақылын айтып, олардың бос уақытында кітап оқыуын қадағаласа, кішкентайларына ертегі айтып беруден жалықпайды. Өмірлік жолдасы Алмат Оспанов та ұстаздық еткен. Жүректің батылдығы  Ұстаз  болу — атадан мирас болып келе жатқан қасиетті мамандық екенін Г. Әбдірасилова мақтанышпен айтады.

—Бейсен, ұлыңызды қауіпке тіктім – ау деп уайымдап жүрген сияқтысыз? ТЖД хабарласпадыңыз ба?

—Оныңыз рас. Дәл сол күні мен сіз айтқандай Тжд хабарласып, үлгермедім. Ер – азаматтарды телефонмен (көршілер) шақырамын, департаментке хабарласамын  деп уақыт жоғалтпайын дедім. Расын айтсам, ұлым екеуімізден басқа адам болмады жан — жағымызда. Сәл кешігетін болсақ, қыз тұншығып қалады. Балам түспеймін деп қарсылық танытса не істер едім? Өйткені, әжетхана тесігіне мен сыймаймын. Қырсық шалғанда, дәл сол мезет электр жарығы да болмай қалды. Қол созым жер емес. Қызды аман – есен алып шыққан соң, Облыстық Төтенше жағдай департаментіне хабарластым. Азаматтық борышымызды, көрші ақысын өтедік деп ойлаймын, — деді.

Әр отбасында әкенің айтқанын екі етпейтін ұлдар қатары көбейіп, ержетсін!

 

                                                                                             Ж.КУЧУКОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *