Жаркент мешіті – 1887 — 1892 жылы Жаркент қаласында салынған ескерткіш. Сәулетшісі Хон-Пик. Қасбеті шығысқа қараған, ауданы 28×54 м, биіктігі 14,5 м, мұнарасының биіктігі 19 м. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Арқалығы ағашқа түсірген әсем оймышпен нақышталған. Тянь-Шань шыршасынан дайындалған бұл бағаналардың құрылыс қаңқасын құруда әрі әсемдік көрік беру де мәні зор (әрбір бағананы кендірмен орап, сылап, қызыл жосамен сырлап, сыртын лактаған). Бағаналарды құрастыруда шеге қолданылмаған, оларды қиып, қашап қиюластырған.

Қақпаларын бұқар Зәйнутдин Әмір Темір заманына сәйкестендіріп салған. Кешен қаланың орталық бөлігінде орналасқан.

 

        Алматы облысы, Панфилов ауданы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *