Түлеп ұшқан ордаңнан талай талант,

Білімнің жанарынан арай жанад.

Пед колледжде Мәншүк апам атындағы,

100 жылда небір тарлан қақты қанат.

 

Толды жүз жыл ал бүгін оқу ордам,

Қойнауында мың асыл білім толған.

Саған келер жан-жақтан оқушыға,

Өзіңнен білім алу бақыт болған.

 

Ғимараты ғажайып Сыр өңірдің,

Төрінде тұрасың сен жүрегімнің

Талай жасты тәлімнен сусындаттың,

Өзі болып көтерме тірегі шын.

 

Ақиқаты сіңірген ғажап білім,

Көрсеткен қазақ еліме қазақтығын.

Келешекте гүлденер елімізді,

Әперер сауаттылық азаттығын.

 

Бабадан балаларға мирас болып,

Отырғой ұстаздарға көңіл толып.

Саф алтындай сақтадық ел мерейін,

Өзіңғой білім жақұт ордасы алып.

 

Өнер білім тең ұстап келе жатқан,

Оқу орда өзіңсің дамып жатқан.

Шыңдап тұрар оқудың шығармасын,

Төл шәкірт,таудай қазына алып жатқан.

 

Мақтанамын өзіңдей оқуменен,

Жүрегінде жастардың мың гүлденген.

Жоғары білім алады дамушы ел деп,

Елбасымыз айтқандай рухты күшпен.

 

100 жыл толды тарихы бай ордаға,

Білімі пайда берген әр ортаға.

Қазақстан елімнің жастарына,

Оқу деп талаптанған қазағымның,

Еңбектене бергейсің бақытыңа!

Берік Алтынай Айбекқызы

Қызылорда қаласы

М.Мәметова атындағы жоғары педагогикалық колледжінің

ББ-Б-21 тобының студенті

«Ертегілер» және «Ертегілер елінде» кітаптарының авторы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *