АСТАНА. ҚазАқпарат – «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.  

    Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитеті ашық талқыға шығарған құжатта мектепалды және жоғарғы сынып оқушыларының сабақта гаджетпен жұмыс істеу уақытын белгілеу ұсынылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

    «Мектепалды сыныптардағы сабақтың барынша рұқсат етілген ұзақтығы — 25-30 минут. Сонымен бірге сабақ саны төртеуден аспауы тиіс. Сабақ арасындағы үзіліс кемінде 10 минут болуыкерек. Аталған бұйрықтың 21 тармағынақосымша «объектінің жертөле және цокольдыққабаттарындағы үй жай сәулет, қала құрылысыжәне құрылыс саласындағы мемлекеттікнормативтердің талаптарына сәйкесорналастырылады» делінген редакция жазылсын» деп көрсетілген құжатта.

      Жаңа өзгерістерге сай, енді оқушыларға сабақтадербес компьютер, планшет және ноутбук қолдануға рұқсат етілетін уақыт:

мектепалды, мектепке дейінгі топтарда(сыныптарда) және 1 сыныптарда — 15 минуттанаспайды;

— 2-3 сыныптарда — 20 минуттан аспайды;

— 4-5-сыныптарда — 25 минуттан аспайды;

— 6-8 сыныптарда — 25 минуттан аспайды;

— 9-11(12) сыныптарда — 30 минуттан аспайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *