Қазақтың бұлбұл әншісі

Бағланова Роза Тәжібайқызының туғанына – 100 жыл

                    Роза Тәжібайқызының естелігінен:

  «Мектеп ауылдан шалғай болатын. Ол кезде қыс аязды, бет қаратпайтын боранда анам мені көрпеге орап, аяғыма байпақ кигізіп, басыма шарқат байлайтын. Бірде жаяу, бірде шанамен мектепке барамыз, киер киім, ішер ас болса да жоқ. Күнде бір адам өліпті дегенді естиміз. Бала болсам да аштан өлген адамдарды көзіммен көрдім».

***

     «Мектеп бітірген соң 1939 жылы Қызылорда педагогика институтына түстім, бірақ кенеттен әкем қайтыс болып, туыстарды жағалап, тұрмыстық жағдайға орай сол жылы Ташкент тоқыма институтына ауыстым. Институт жатақхана мен ішер асыңды беріп, болашақ тоқымашы қыздарға қамқорлық жасайды екен. Менің балалық, бойжеткен, жастық шағым ашаршылық пен аласапыран  жылдар болатын. Тағдыр айдап, ағайындарды паналап, күнкөріс қамымен туған елден жыраққа — Ташкентке солай кеткенмін… Әдетте үйдің тіршілігін жасай жүріп, ән салатын әдетім бар еді. Өмірде күліп жүрген, ән салып жүрген қандай жақсы. Әлі есімде, есіктің алдын сыпырып жүріп әндеткен қыздың даусын естіп, өзбек филармониясының директоры «Ән айтқан кім?» деп іздеп келді. Менің әншілік өмір жолымды, бағымды ашқан Кари Якупов әка еді. Содан Кари әканың көмегімен Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші болдым.1941 жылы Москва консерваториясына жолдама алғанымда соғыс басталып кетті. Сол ансамбльмен Ұлы Отан соғысы жылдары майданды аралап, өнер көрсетіп, 1945 жылы 9 мамырда Берлиндегі жеңіс концертіне қатыстым».

***

   «Мен барлық сахнаны бірдей көремін. Бұлколхоздың клубы деп салғырт дайындаласалмаймын. Халық алдына шығуды қасиетті депсанаймын. Сол себептен де, мен сахнаға шығардатыңғылықты дайындаламын. Кейбір атақ даңқызор әртістер сахна таңдап, салғырт дайындалады. Соларға таңғаламын. Сахнаның үлкен кішісіболмайды. Мен халық алдында бар өнерімді салам. Кейбіреулер бұл әнді халықтыңдамайдыұнатпайды деп жатады. Олай деугеболмайды. Мәселе әнді халыққа жеткізе білуде. Мәселен, мен неміс, швед әнін орындап шықтым. Халық керемет қабылдады. Әнхалықтың жүрегі. Әнді орындай халықтың жүрегіне жеткізе білукерек».

 

     Бағланова Роза Тәжібайқызы   Қызылорда облысы, Қазалы ауданында 1 қаңтар, 1922 жылы дүниеге келді.  Қазақстанның (1955 ж.) және бұрынғы КСРО халық әртісі (1967ж.), Халық қаһарманы (1996 ж.).

  *Әлемнің 54 мемлекетінің сахналарында 30 — дан астам тілде ән салып, шетелдіктерді тамсандырған күміс көмей әнші, қайталанбас өнер иесі.

*Санкт-Петербургтағы «Эрмитажға» алып кеткен тайқазанның Түркістан мешітіне қайтарылуына Роза Тәжібайқызының да себепкер болған

  *Әнші туралы 1989 жылы «Первая Роза», 2006 жылы «Ах, Самара, городок» атты деректіфильмдері түсірілген. 1996 жылы «Алтын сақа» деп аталатын қайырымдылық шараларын өткізіптұру үшін үлкен қор құрылған. Қор жетімбалаларға, мүгедектерге, қайырымдылықкөрсетумен айналысады. Қордың президенті келіні– Марал, заңгеріұлы Тәжен.

  * Әнші Роза апамыз Қазалыда №67, қазіргі №420 мектепте оқыған,

  *Роза Тәжібайқызының туғанына 100 жыл толуына орай «Хабар» арнасы әншінің өнегелі өмірінің жарқын сәттері мен қилы кезеңдерін баяндайтын «Бұлбұл» телехикаясын көрермен назарына ұсынады», – делінген «Хабар» арнасының хабарламасында

   *Қазалы қаласында Роза Бағланованың ескерткіш – бюсті орнатылды.

 * Роза Бағланова 2011 жылы қаңтардың 8-інде Алматы қаласында дүниеден өтті.

                                              Баспасөз материалдары негізінде дайындалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *