Шоқан Уәлиханов,

                                                                           қазақтың ұлы ғалымы

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға  жайлы бір нәрсесі бар».

«Ұшы — қиыры жоқ теңіздей шексіз даланы неше алуан шөп басып, үлбіреген нәп  — нәзік гүлдер бейне жасыл дастарқандай боп жайылады».

«Дала тұрғынын басқаша көрініс, басқаша табиғат қоршайды. Жайқалған өзен, кең айдынды тұнық та жарқын, үйрек, қаз, аққулар су бетінде әсем қалықтап жүзеді, қиқулап үн қосады, бірақ бәрі де орынды, жарасымды».

«Дала көшпенділерінің поэзия мен шынайы сезімге бейім болуына өмір бойы табиғат құшағында жүруі – жасыл майса дала, ашық мөлдір аспан, көші-қоны көп тұрмыс әсер етпесіне кім кепіл?».

  Ыбырай Жақаев,

                                                екі мәрте Еңбек Ері, «Ақ күріштің атасы».

Қызылорда облысы

«Мен рақметімді алдымен жерге айтар едім, өзімді дүниеге келтірген, маған бақыт әперген, жомарт төсінде дән дариясын тасытқан, о қасиетті Жер-ана, сенсің менің ардақтым».

«Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де ыждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттің бірі».

 «Жер… Қасиетті де қастерлі жер. Сен ыстықсың бәрінен де. Сенің бойыңда өзекті жанды өзіне тартып тұратын керемет күш бар. Жер, қандай қасиетті сөз. Осы бір сөзде бүкіл тіршілік тынысы тұрғандай. Бұл сөздің терең мағынасын адам тілімен айтып жеткізіп алар ма, сірә».

 Жазылбек Қуанышбаев,

 екі мәрте Еңбек Ері, втақты шопан.

Жамбыл облысы.

      «Ең бастысы, табиғатпен тіл табыса білуге ұмтылдым. Шалғай ашық аспаннан, шуақты күннен, көктемгі жаңбырдан пайдалы сыр іздедім».

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *