Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев  жуырда ғана Польшаның Кельце қаласында өткен әлем чемпионатында  49 кг салмақ дәрежесінде алтын медалді иеленген жерлесіміз Санжар Ташкенбайды   арнайы қабылдап, жеңісімен құттықтады.

Аудан басшысы туған жерінің ғана емес, бүкіл қазақ елінің намысын қорғап, көк байрағымызды желбіреткен жеңімпаз жерлесімізге алғысын айтып, сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай — 2003 жылы Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі Ғ.Мұратбаев елді мекенінде дүниеге келген. Қазірде Нұрсұлтан қаласының тұрғыны Санжар Тәшкенбай былғары қолғапты бала күнінен жанына серік еткен.Еліміздің көк туын Еуропада желбіреткен отандасымыз алғашқы сайыста Үндістан, Өзбекстан, Германия боксшыларын басым ұпайлармен жеңіп финалға жолдама алды. Ақтық сайыста Ресейлік қарсылыласын жеңіп, Қазақ елінің мәртебесін асқақтатты!

Аудан әкімімен кездесуі барысында спортшы Кельце қаласында өткен әлем чемпионаты жайлы кеңінен баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті. Келесауданынәлемдікдеңгейдетанытыпжүргенспортшыауданәкімініңграмотасыменмарапатталып, арнайысыйлықтарғаиеболды.

 

 

 Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі,

 Түркістан облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *