”Шолпан  жұлдыздары” би ансамблінің бишілері Халықаралық

өнер сайыстарының жеңімпаздары

                                                                                            Мұхтар ӘУЕЗОВ:                               

  «Бiздiң қазақ халқы дарынды, өнерпаз халық, ән, күй деген мұрамызда шек жоқ.  Ал бұл қазақ халқынан қалған биден мұра өте аз. Жаңа ұрпақ осы бидi қолға алғаны жөн. Менiң байқауымша осы өнерге талпынып жүрген Шара сияқты жастар бар көрiнедi. Одан бiр нәрсе шығатын түрi бар.  Ал қай өнердi алсақ та, опера болсын, музыка театры болсын, оның бәрi бисiз болмайды».

Би  — сахна ажары. Менің жетекшілігімдегі ”Шолпан  жұлдыздары” би ансамблінің бишілері ұлттық би өнерін жасөспірімдер мен жастар арасында кеңінен танытып келеді. Халықаралық хореографиялық “ Танцуй всей душой” Бас жүлде иегерлері,Халықаралық” Танцевальный фейерверк” би чемпионатының Бас жүлдеиегерлері, Республикалық хореографиялық “Ақ шағала” конкурсының Бас жүлде иегерлері. Республикалық  ” Ғұмырдария” конкурсының Бас жүлде иегерлері марапаттарына ие болды. Адам баласы қандай да бір кәсіби биіктікті бағындыру үшін шаршамай, ерінбей, қалаған ісін кейінге қалдырмай еңбектенуі қажет. Сонда ғана алдына қойған мақсатына жетеді. Мен 23 жылдан берә қазақ қыздарына әсемдік сыйлайтын бишілерді дайындаудамын.

Би ансамблі жастары өте еңбекқор. Би өнеріне кейінгі кездері көңіл бөлініп, байқаулар жиі ұйымдастырылуда. Әр байқаудың өз талабы бар. Оның үдесінен шығу үшін ізденіс керек. Би – қазақ музыкасы негізінде құрылады. Заман ілгерілеген сайын музыканың әрленуі аспаптар үнімен араласып жатады. Әр дыбысты дұрыс қабылдап, би қимылын соған орай келтіру той биінен өзгеше. Биші – музыкамен бірге біте қайнап, әннің ажарын ашатын сахна өнерпазы. Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады.

   Жаңа заман сахнасында, соның ішінде әлемдік деңгейде би сахнаның ажары десек, пікірімізді кез келген әншінің әні, бейнебаяндары бисіз түсірілмейді. Би  — балал бақша мен мектеп сахнасында жас өнерпаздар концертіне әр береді. Қазақ билері кәдімгі және маскарадты, жалғыз, екі есе немесе топтық билерге бөлінеді. Көңілді, жанды, әзіл — сықақ билері бар. Бидің ең тән ерекшеліктері — орындау экспрессивтілігі, қозғалыстың айқындығы, иықтың қозғалғыштығы, буындардың «ойыны», корпустың кернеулігі мен жинақтылығы, бишіге күрделі акробатикалық тәсілдерді қосуға мүмкіндік беретін икемділік.  «Қамажай», «Маусымжан», «Қаражорға», «Келiншек», «Өрмек биі», «Ор­теке», «Тепеңкөк», «Қоян-бүркіт» «Айжан қыз», «Садақ биі»,«Шолпы биі», «Қоян биі», «Аю биі», «Насыбайшы»,«Асау ат», «Бура биі», «Бүркіт биі», «Құр биі», «Құсбегі», «Киіз басу», «Тырна биі» көне билері  әлі де қазақ сахнасынан түскен емес.

    Би өнері туралы айтқанда, жетекшісі – хореаграф деп аталады. Хореограф тұла бойы тұнған сұлулық поэзиялы адам. Хореография (грек. choreіa — би, grapho — жазамын)  шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу. Би қимылдарын жазып алу тарихы ежелгі дәуірден  (мысырлықтар, римдіктер, ) басталды. Алғаш рет “Хореография” терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе (“Хореография немесе би жазу өнері…” атты кітаптың авторы, 1700) енгізді. ХІХ —  ғасырдың аяғы мен ХХ —  ғасырдың басында хореография термині би өнеріне қолданылатын болды.

 

 

 

 

 

 

 

ЕСЕНТАЕВА  Шолпан Умирбековна,

Шолпан жұлдыздары” би ансамблінің жетекшісі.

Хореограф.  Қалалық, Республикалық, Халықаралық конкурстың жүлдегері.

”Үздік мұгалім” ,“За вклад в развитие образования” төсбелгілерінің иегері.”Лучшие люди в образовании” энциклопедиясына шыққан ұстаз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *