Еңбек етсең арта бермек мәртебең, 

Аймағында асатын жан жоқ сеннен.

Жақында Сағи Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты шеберлік сағаты өтті. Шараның негізгі қонақтары: қылқалам, қолөнер шебері, әрі ұстаз өнер біткеннің бәрі бір адамның құшағына сыймайды демекші, қазіргі таңда білгенінен көбін шәкіртінің бойынан көргісі келетін М.Құсайынов атындағы  облыстық дарынды балалар мектеп-интернатының технология пәнінің мұғалімі Бижанова Айгүл Нариманқызы,оның шәкірттері Мерей Болатбай, Айсәуле Шайманова, Дильназ Әділ және Дильназдың анасы ЛәйләӘділова.

«Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген халық даналығын басшылыққа алып, жас ұрпақты тәрбиелеуде, дамытуда, қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбие құралдарынорнымен пайдалану, бүгінгі күн үшін де ерекше маңызды.Демек,әр өнер шеберінің қолынан шыққан туынды ата-бабадан қалған мол мұрадан нәр алып, жаңа өмірдің жаңа талабына сай болуы керек. Осы тұрғыдан мұғалім ретінде қолөнер технологиясын үйрету барысында шәкірттердің шығармашылық ойлау қабілетін арттырып, жаңа үлгіде жаңа технологияны пайдалана отырып, әдемілікке, сұлулыққа баулып, мамандығын таңдауға ықпал етуге және де өз беттерінше ізденіп шығармашылық жұмыс жасауға жағдай жасап, одан әрі қарай дамытуға мақсат қою бағытында жұмыстанып жүрген технология пәнінің мұғалімі Айгүл Нариманқызы аянбай еңбек етіп келеді.

Жалпы жастайынан өнерді сүйіп өскен Айгүл Нариманқызы өнер жолын таңдаған.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнер және сызу» пәнінің мұғалім мамандығын тәмамдап, әртүлі салада еңбек еткен. 2018 жылдан бастап М.Құсайынов атындағы  облыстық дарынды балалар мектеп интернатының технология пәнінен сабақ беріп келеді. Екі жылдың ішінде жыл сайын өткізіліп тұратынхалықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқауларға, көрмелерге қатысып жүлделі орындармен, сертификаттарға қол жеткізіп келген.

Адамның қиялында шек жоқ. Талғамдары да әр кезде әртүрлі болады ғой,-дейді Айгүл Нариманқызы. Бір күні дәрігер болып жұмыс жасайтын досы«Дәрігер қуыршағын» жасапберуге тапсырыс береді, сол қуыршақты жасау үшін  қиялға ерік беріп, көп ойланып алдыменілмекпен тоқуды үйренеді.Солай әртүрлі қуыршақтарды ілмекпен тоқып бірнешеуін  сатыпта үлгерген.

«Бірі мен жасап қойған бұйымдарды ұнатса, енді бірі өздерінің сұранысымен келеді. Мен қолымнан келмейді деп айтпаймын. Өйткені оны жасап шыққан соң өзім де бір белесті бағындырғандай боламын. Сол себепті сұраған тапсырыстарын алып, оны жасау жолдарын іздеп, үйреніп, шықпай жатса басынан бастап, бәрібір де жасап шығамын», — дейді шебер. Ғаламтордағы ақыл-кеңестерден бөлек, ол қолөнер шеберлігіне үйрететін кітаптарды оқып отыратынын айтты. Ғаламторда бар нәрсе, кітапта болмауы мүмкін, сондықтан ол қажетті әдебиеттерді кітапханадан алып, оларды да оқып, ізденіп зерттейді екен. Оның пікірінше, ұлтымызға жалын, ұрпағымызға тәлім беріп келе жатқан дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беру – кез келгеніміздің парызымыз. Менің айтқан ойым біреуге жай сөз болып қалар, ал біреулерге қамшы болып тиетініне  көзім  жетеді. Әр қазақтың санасына сәуле шашып, аз да болса ой тастасам – бұл менің ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеудегі бастапқы жетістіктерімнің бірі,-дейді Айгүл Нариманқызы.

Сұхбат кезінде шебер өзінің қолынын жасаған түрлі қуыршақтармен таныстырды. Сондай-ақ  шараға келген кішкентай қонақтарымызды да сөзге тартып қалай?, қашан?, кімнен? үйренгендері туралы білдік. Асыл мұраны жалғастырушы жас шеберлеріміз Мерей, Дильназ, Айсәуле М.Құсайынов атындағы дарынды балалар мектебіне 5-класында келіп, тоқыма тоқу үйірмесіне қатысып, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Анаргүл Қожахметовадан тоқыма тоқудыүйренгендерін әңгімелеп берді. Жастайынан өнерге жақын болған қыздар әрдайым ізденіс үстінде болатынын айтты.Шара соңында  кітапхана директорының орынбасары Үржан Құрманқызы сөз сөйлеп, қонақтарға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар қазақтың салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, қолөнеріне байланысты кітаптар көрмесі мен қолөнер шеберлерінің туындыларынан тұратын кең көлемді көрмелер ұйымдастырылды.

Бибігүл ШАМЕДЕНОВА,

Сағи Жиенбаев  атындағы

Облыстық жасөспірімдер

кітапханасының кітапханашысы.

Ақтөбе.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *