АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Парламент мәжілісіне адам құқықтарын қорғайтын заң жобасыкеліп түсті. Құжатта «азаптау» ұғымы нақтыланып, жаза мерзімі ұлғайтылған, сонымен қатар заңнамаға алғаш рет «қатыгездік» ұғымы енгізілді

   Ішкі істер министрлігі үш кодекс пен бір заңға барлығы 28 түзету енгізуді көздеп отыр.

                    Қатыгез қызметкерлер жазаланады

    Азаптаулар мен қатыгездіктің аражігін ажыратуүшін Қылмыстық кодекстің 146 бабы «Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір -қасиетті қорлайтын әрекет, азаптаулар» деп өзгертіледі. Яғни заңнамаға алғаш рет «қатыгездік» ұғымы енгізіліп отыр. Осы бапқа сәйкес, енді қылмыстық жауапкершілік тергеуші сияқты лауазымдыадамдарға ғана емес, сонымен қатар емдеу, медициналық әлеуметтік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлеріне де қолданылады. Мәселен, балалар үйіндегі немесе интернаттағы балаларға, қарттар үйіндегі қарияларға қатыгездік көрсетіп, қинаған қызметкерлер заң бойыншажауапқа тартылады.

  Конституцияның 17 бабына сәйкес ешкімдіазаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Алайда бұл ұғым қолданыстағы заңнамада бекітілмеген.

   Сонымен бірге, мұндай әрекет адамдардың, соның ішінде сот әрекетке қабілетсіз деп таныған (психологиялық ауруы бар, психикасы бұзылған, ақыл-есі кем), дәрменсіз азаматтардың конституциялық құқығын бұзу деп саналады және оны жасағаны үшін тиісті қылмыстық жауапкершілік белгіленуі шарт.

  Осыған байланысты қылмыстың жаңа құрамы —«қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер» енгізіліп отыр. Бұл бап бойынша 2 мың АЕК-ке дейін (6 млнтеңгеден астам) айыппұл, не 600 сағатқа дейінқоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

   Сондай-ақ заң жобасында «азаптаулар» ұғымы нақтыланған.

146 баптың 1-1 тармағына сәйкес, азаптаудегенімізлауазымды адамның немесе ресмитүрде әрекет ететін адамның (балабақша тәрбиешісі, педагог немесе қарттар үйінің қызметкері) мәлiмет алу немесе мойындату, оны қорқыту немесе мәжбүрлеу арқылы азапталушыға қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардап шектіруі.

  Бұл үшін Қылмыстық кодексте жаза мерзімін бес жылдан алты жылға дейін ұлғайту көзделіп отыр.

  Бас прокуратураның мәліметінше, 2017 жыл мен 2021 жылдың 8 айы ішінде Қазақстанда азаптаулартуралы 3029 хабарлама тіркелген. Соның ішінде1,8%-і немесе 56 сы ғана өндіріспен аяқталып, сотқа жолданды. Ал 98,2% і немесе 2968 ісақтайтын негіздер бойынша тоқтатылды.

  Айта кетері, бұл ретте лауазымды адамдардың және ресми түрде әрекет ететін адамдардың заңды әрекеті кезінде келтірілген тән зардабы және психикалық зардабы «азаптау және қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір қасиетті қорлайтын қарым-қатынас» деп танылмайды.

Редакциядан: мәтін қысқартылып, берілді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *