Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы,

                                                                          Басқарма төрағасы — ректор

            «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Қарашаңырақ ҚазҰУ білім беру, ғылымды дамытуға ерекше маңыз береді. 2014 жылдан бері университет Біріккен ұлттар ұйымының Тұрақты даму бойынша «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабы болып табылады. Сонымен қатар білім ордасы көптеген халықаралық академиялық алаңдарда тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға өз үлесін қосуда».

    Әбу Насыр әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті десек, ең алдымен тарихы мен жетістіктерін, оқытушылардың жеткен ғылыми дәрежесі мен танымал түлектерінің есімін атаймыз. Өнегелі істерін айтып, ұрпақтарымыз ғибрат алсын, жүрек қалаған мамандығын болащақта қара шаңырақта шыңдасын, еліміздің төрт тағанын тең ұстай алатын білім көкжиегі шетелдің таңдаулы Университеттері студенттерімен тең болсын деген ниетімізді білдіреміз.

   Қазақстан тарихында жоғары оқу орындары туралы сөз бастасақ, ең алдымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін атаймыз. Бүгінде, ғылым әлемдегі ең үздік 2000 университетті қамтитын Best Global Universities рейтингіне енді. US News есептеулерінің қорытындысы бойынша барлық ЖОО-лар, сонымен бірге Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 13 көрсеткіш бойынша бағаланған: жаһандық бағалау, жаһандық зерттеу беделі, өңірлік зерттеу беделі, жарияланымдар, кітаптар, конференциялар, дәйексөздің әсері, жарияланымдар саны, жарияланымдардың жалпы санының пайызы, халықаралық ынтымақтастық,  жоғары цитаталанған мақалалар саны, жоғары цитаталанған мақалалардың пайызы.

   Университет 180 сала бойынша мамандар дайындайды.  Республикада 141 жоғары оқу орыны болашақ мамандарды даярласа, ҚазҰУ – білімнің ордаларының қарашаңырағы аталады. 1934 жылдың 15 қаңтары Қазақстандағы тұңғыш көп салалы университеттің ресми ашылу күні болып саналады.    ҚазҰУ-ды жеке ғылыми-білім конгломераты ретінде құруда ректор Өмірбек Жолдасбековтың үлесі теңдессіз, бұл атақты тұлғаның есімі отандық ғылым тарихына алтын әріппен жазылған. Оның тікелей қатысуымен Алатаудың баурайында «ҚазҰУ қалашығы» алғашқы студенттік қалашық салынды. 

   1991 жылы Ұлы ғалымның есімін алған қазақ ғылымы мен білімінің қара шаңырағы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының ең көрнектісі әл-Фараби образын және оның өзекті идеяларын алға жылжыту мен дамытуды, саналы да білімді ұрпақты осы идеяларды басшылыққа ала отырып тәрбиелеуді өзінің маңызды миссиясы деп біледі. Қазақ мемлекеттік университеті өмірдің жаңа парағын ашты, жаңа есіммен бірге – ұлттық университет, жоғары оқу орындарының көшбасшысы – жаңа мәртебесіне ие болғанын мақтанышпен айттуға болады. 

   Еліміздің дамып келе жатқан көптеген салаларына білікті маман даярлайтын жоғары оқу орнын 2021 жылдың ақпан айынан бастап Басқарма төрағасы – ректор  Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы басқарады. ҚазҰУ-дың әлемдік сахнада жайғасымы нығая түсті. Университет Bureau Veritas certification Франция сертификаттау органының аккредитациясынан табысты өтті. ҚазҰУ Қазақстандық жоғары оқу орындарының бас рейтингісінде 1-орынға ие болды. РейтОР агенттігімен әзірленген Ең үздік жоғары оқу орындарының жаңа әлемдік рейтингісіне сәйкес, әлемнің 500 ең танымал университеттерінің арасында ҚазҰУ білім беру критерийлері бойынша 150 — орынға ие болды. 

   Quacquarelli Symonds (QS) беделді халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген тәуелсіз бағалау қорытындысы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары баға алып, «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингісінде «Бес жұлдыз» жоғары марапатына ие болды. ҚазҰУ – «Бес жұлдыз» марапатына ие болған

Орталық Азия аймағындағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны..    QS «Бес жұлдыз» белгісін иелену әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-білім беру саласындағы халықаралық қауымдастықтарда беделі бар екендігін және жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде көшбасшылық позицияларды көрсетіп отырғанын білдіреді. Айта кету керек, Орталық Азия елдері мен Қазақстанда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан басқа QS Stars-тің бес жұлдызын бірде-бір университет алмаған.

    QS Stars «Бес жұлдыз» марапаты бүкіл әлем бойынша тек 62 ЖОО ғана берілген, олардың ішінде QS WUR халықаралық жаһандық рейтингінің әлемдік үздік топ-5, топ-10 және топ-20 қатарына кіретін Гарвард, Оксфорд, Кембридж, Чикаго, Принстон, Колумбия университеттері бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымын QS Stars Rating System халықаралық рейтингісінде «5 stars» жоғары марапатын алуымен

   əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарихындағы тарихи оқиғалардың бірі, 2000 жылы университет жанынан спецификалық жағынан алғанда Сорбон мен Кембридж университтерінен кейін əлемде үшінші орында, ал ТМД елдеріндері бойынша алғашқы – тас дəуірінің (палеолит) мұражайының ашылуы еді. Музейдің ашылуына жоспарлы түрде Қазақстан территориясында жүргізілген археологиялық экспедиция жұмыстары нəтижесінде табылған палеолит, мезолит, неолит дəуірінен мəлімет беретін артефактілердің көптеп табылуы негіз болған.

   Тоқсан жылға жуықтаған тарихында Ұлттық Универсмитетімідің жетістіктерің, оқыту – ғалымдардың ерен еңбегі мен бүгінгі білім алып келе жатқан жастардың ізденісі туралы айта беруге болады. Біз жоғары білімнің қара шағырағы туралы қысқаша мәлімет айта отырып, жаңалықтарды атап өттік. Иә, университетті тәмамдаған сан мың жастар еліміздің, Тәуелсіз мемлекетіміздің іргесін бекіп, даңғының әлемге танылуына аянбай қызмет етті. Олардың тағлымды өмір жолы мемлекетіміз тарихында алтын әріптермен жазылып қалды. Әр тұлғаның  тәлімі бүгінгістуденттер мен жас мамандарға таусылмас қазына, өмірлері өнеге.Білім мен тәрбиенің ұштасқан ордасы зияткерлік және инновациялық бастамалардың көшбасшысы болып қалыптасқан үрдісін жалғастыра береді деп мақтанышпен айтамыз.

                                                       ИСАЕВА Айман Амангелдіқызы
                                                                                kaznu.kz  сайтының

                                                    «Жаңалықтары» негізінде дайындалды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *