Адам баласының өмірде қателеспей таңдайтын жолының бірі – мамандық таңдау. Қабілетіне, бейімділігіне қарай мамандықты оқушылар мектепте білім алып жүріп, таңдайды. Оған бірінішіден, ата – анасының еңбек жолындағы мамандығы өнеге болса, кейбірі жүрек қалағанын таңдайды. Шәкірттер ата – анасына ұқсағысы келсе, оларға болашақта оңай болады. Тіпті, кейбір оқушылар ата –анасына көмектесе жүріп, дәрігер, заңгер, әртүрлі салаға қажетті инженер, қрылысшы, сәулетшідей мамандықтарды игере бастайды. Құқық қорғау органдары, құтқарушы, ұшқыш болуды армандайтындары да бар. Ежелден келе жатқан киелі мамандықтардың бірі – мұғалім, ұстаздық ету.

Мен де ұстазбын. Мұғалім болу өз балаңнан гөрі өзгенің баласына жаның ашып, сол балаға пәніңді әбден ұқтыруға тырысатын тұлға. Елімізде мұғалім мәртебесі артып келеді. Жас педагогтарға әлеуметтік жағдайларын жақсартуына мүмкіндік мол. Мектепте білім алып келе жатқан оқушыларымыздың қайсыбірі ұстаздыұ етуге бел буса, еш қателеспейді дер едім. Мұғалімнің бар ынта – ықыласын шәкіртінің заманауи бағытта білім алуына жұмсауына жол ашатын – әлеуметтік жағдайы. Ең алдымен айлық жалақы. Басқа мамандық иелеріне қарағанда, еңбекақымыздың жыл сайын өсіп келе жатқаны материалдық, тұрмыс жағдайымызды жақсартуға, баспаналы болуға мүмкіндік беруде.

Қай кезде болсада білімдіде білікті маманға сұраныс әрқашанда  жоғары. Білімді де білікті маман дегеніміз- жан-жақты, өз ісініңжілігін шағып, майын ішкен адам.

«Білімдінің -күні жарық, білімсіздің күні- қаріп»,-демекші білімді адам тек өз болашағының ғана жарқын етіп қана қоймай, мемлекетініңде дамуына, гүлденуіне үлкен үлесін тигізеді. Ал өзінің қара басын алып жүре алмаған адам ұлтының дамуына қалай пайда әкелмек?..

Білімді де білікті маманның түп тамыры -мектеп қабырғасынан қаланады. Осы тұста ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі орасан зор. Әл-Фараби бабамыз айтпақшы, «Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы». 1-11 сынып аралығында оқушылар мектеп қабырғасында жүріп бойына тәрбиені сіңіріп, білім нәрімен сусындайды. Кейінірек алған орта білімдерін жетілдіру мақсатында қыр асып, туған жерлерінен алыстап, арман қуып ЖОО-на аяқ басады. Ұстаз ретінде айтатын кеңесім: мамандық таңдайтын уақытта – билікті баланың өзіне беру. Жұмыссыздық мәселесі және өз мамандығымен жұмыс жасамайтын мамандардың болуының бір себебі- адамның өз мамандығының қыр — сырын түсінбеуінде және қаламауында. Қазір ата-анасы немесе ұстазы мамандық таңдап беретін болса, күндердің бір күнінде баланың өз қызығушылығы болмауы әсерінен қаншама оқуға кеткен алтын уақыты, қаржысы заяға кетпек.

Сондықтанда білікті маман болу үшін-алдымен өз ісіне деген махаббат қажет. Махаббат бар жерде ізденіс, даму, жетістік бар. Жетістік бар жерде ел экономикасы дамып, әр адам- мемлекет маған не береді екен деп емес, мен мемлекетке не береді екенмін деп ойлайтын болады!..

«Адамның барлығыда бірдей, тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ», — деп ерте заманда-ақ дана  Абай  атамыз айтып кетті емеспе?!Расындада жинаған тәжірибесі жоқ, бір істі бастауға батылы жетпейтін,  әке-шешесіне арқа сүйеп жүрген адамның болашағы жарқын болатынына күмәнім бар. Ғылыммен айналысып, білім алудың өзі- үлкен сауаптардың бірі. Сауап жинап қана қоймай, осы тұста жаңалықтар ашып, жаңа технологияларды меңгеріп  еліміздің дамуынада үлесін қосуға болады.

Біздің еліміз дамушы мемлекеттердің қатарында, әліде дамуымызды тоқтатпауымыз қажет. Шет мемлекеттер пайдаланып жүрген технологиялар бізге енді жетіп жатыр. Жаңа технологияларды меңгеретін, көп тіл білетін мамандар көп болуы қажет. Адамның тек бір мамандық иесі болып қалғанын қолдамаймын. Беріліп отырған мүмкіндіктерді пайдаланып, әсіресе өсіп келе жатқан жастарға – бірнеше мамандықты игеріңдер деп айтқым келеді. Үйренемін, дамимын деген адамдар үшін ақылы-ақысыз түрде елімізде қаншама мүмкіндіктер бар, тіпті шет мемлекеттермен тәжірибе алмасуға, білім алуға жағдай жасалынған.

Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін жастар көбеюде. Басын ғылым-білімге ауыртпай, жалақыны азырқанып оңай жұмыстар істеп табыс тапқысы келеді. Жалақысы аз деп мамандықпен жұмыстан бас тарту қателік. Сіз өзіңіздің білікті – білімді екеніңізді көрсеткенде – жалақыңыз үшін алаңдамая қойсаңыз болады.

Уақыт өте жылдам өтуде, бізді тосып тұрмайды. Артынан өшпес із қалдырып кету әркімнің арманы деп білемін!…

 

 

 

 

 

 

 

 

БЕЙСЕНОВА Айжан,

Нұр-Сұлтан қаласы «Мәшhүр Жүсіп атындағы

№57 орта мектебінің» химия пәні мұғалімі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *