«Қазығұрттың басында кеме қалған»

                 «Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері»

 

   Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы қасиетті таудың етегін жайлаған. Аудан орталығы – Қазығұрт ауылы. Түркістан облысы орталығы Шымкент қаласынан оңтүстікке қарай 35 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Солтүстік — шығыстан оңтүстік  — батысқа қарай 55 шақырымға созылған.

                                                                                                        Асанқайғы

      “Қазығұрт Алланың мейірімі түсіп, шапағатын шашқан тау екен. Нұх пайғамбардың кемесі қалып, бар қасиет бойыңнан табылғандай тау екенсің… Жемісі көп, жері көп, жер төресі мұнда екен, жігіті көп, ері көп, ел төресі мұнда екен”.

      «Қазығұрттың басындағы үңгір – Қазығұрт атаның моласы. Оның белгісі – шаншулы ағаш көпке шейін тұрып келіпті. Жұрт Қазығұртқа шығып, сол молаға зиярат қылатын.  Басқа жерлерді бұлт басса, Қазығұрт басын бұлт баспайды. Егер де Қазығұрттың басына бұлт шығып, басы көрінбей қалса, қариялар «Қазығұрт қарасын киді» деп, қатындар күпарасын киеді дейді екен, Қазығұрттың басындағы бұлт жаумай кетпейді деп, малдарын жинап, шашылған дүниелері болса, үйлеріне кіргізетін еді».

                                                                                              Сәкен СЕЙФУЛЛИН

                 «Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері»

 

     Қазығұрт туралы аңызда өмірге деген ынтықтық, адамзаттың шыққан түбі бір деп ынтымақ пен бірлікке шақыру басым. Қазығұрт асуынан табылған динозавр сүйегінің өзге де жаратылыстарды зерттеген дүние жүзі ғалымдарының пікіріне сүйенсек, Қазығұрт, Қаратау, Қаржан, Өгем таулары аралығында тіршілік ерте пайда болып, алғашқы адамзат баласы осы маңда тіршілік еткенін мақтанышпен айтуға болады.

«Киелі тау», «жер жүзілік топан су», «Нұх пайғамбардың кемесі» жөнінде әлемдік мифологияда көптеген діни аңыз — әпсана бар. Олар негізінен иудейлік, христиандық, исламдық түпнұсқалардан тараған. Исламдық параллель негізіндегі «Қазығұрттың басында кеме қалған» деген қазақы мифологиялық нұсқаның өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл аңыз әрбір қазақ баласының жадында терең орнығып қалған және қазақ халқының ежелгі санасы әлемдік өркениеттен тыс қалмағанын айғақтайды.

Талас Алатауының бір сілемі Қазығұрттың биіктігі – 1800 метр, жалпы ұзындығы  – 20, ені 10 шақырымдай. Топонимнің шығу тегі туралы әрқилы болжамдар бар, «Қазық жұрт», ал «құрт» көне түрік тілінде «қасқыр, бөрі» деген сөз, ал «қас» нағыз деген мағына береді. Бұл өлке тұнып тұрған тарихқа толы. Қазақтар, біріншіден, Нұх кемесін көкпен тілдескен заңғар тауларға қайырлатпайды. Өйткені, ислам қағидаты бойынша, «мен бәріңнен биікпін» деген өркеуделік болмау керек. Өзі аласа болса да, жер бетіндегі таулардың қасиеттісі. Екіншіден, топан судан аман қалған кемедегі төрт түліктің төлдері Қазығұрттың басынан өсіп — өніп, көбейіп тарағаны айтылады.

А.Байтұрсынов емлесімен жазылған «Наурыз» қолжазба жырында Нұқ пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтаған мезгіл дәл күн мен түннің теңескен күні, осы күні үлкен той жасалған, сол ұлы мерекеге адам мен аң құс түгел қатысқан, Нұқ ғ.с. шашу шашқан. Адам да, аң да өз — өзінің өнерін көрсеткен. Сөйтіп, бұл жаңа жылдың басы ретінде мирас болғандығы айтылған деген дерек бар.

Жазушы Сәуірбек Бақбергенов “Басында Қазығұрттың…” атты еңбегінде аңыздағы Майқы биҚорқыт атаАсан ҚайғыАяз Би және Әбу – Насыр – әл — Фарабидай ел қамын ойлаған, сол үшін бар саналы ғұмырын арнаған ардақты азаматтардың Қазығұртта тұрғанын немесе, ұзақ сапарға шығар алдында киелі тауға келіп, тәу етіп, бас игенін жазады. Тәуке хан мен Абылай хан да, Төле биҚаз дауысты Қазыбек биӘйтеке билер де Қазығұрттың бал ауасын жұтып, дәмін татып, талай аялдаған. Абылай хан осы тау айналасында соғысқан. Сол кезедгі оқиғаларға байланысты бүгінге дейін Қаралы төбе, Қаралықия, Хан — шейіт атайтын орындар куә.

Онда “Адам Ата шоқысы”, “Пайғамбар тоқтаған”, “Пайғамбардың саусағы”, “Пайғамбар атының су ішкен жері”, “Ғайып ерен, қырық шілтен” сияқты аңыз жетегіндегі орындар бар. Сонымен қатар басқа да аңыздарға сүйенсек, Қазығұрт деген батырдың болғаны және оның аймақты  құтқару үшін өз жанын жау қолына тапсырғаны туралы екінші аңыз ел аузында қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған? Жетім бота үстінде жатып қалып, Ойсылқара жануар содан қалған. Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол әулие болмаса неге қалған? – деп халық жырында төрт түліктің бәрі – түйе, жылқы, қой — ешкі, сиыр – бас — басына атап айтылады және осылар төрт түліктің пірі болған дегенді меңзейді. Үшіншіден, бір назар аударатын жайт – кеменің, Нұх пайғамбардың, оның қасындағы адамдардың микротопонимдер арқылы Қазығұртта «локальдануы».

Қазығұрт тауының басында, күнбатыс жағында азырақ тегіс жер бар. Ол жер «кеме қалған» деп аталады. «Нұх пайғамбарының кемесінің ізі», топан су тасқыны қайтқаннан кейін «Нұх пайғамбардың және оның жанындағы адамдардың мекендеген үңгірі», «Пайғамбардың намаз оқыған жері», үңгірдегі  «бес саусағының ізі», «су ішкен бұлағы» деп аталатын топонимдер бар. Төртіншіден, қазақ мифінде «Құдай баста жер мен көкті жаратқанда Қазығұрт тауы да бірге жаралған» дейді.

«Нұх кемесі» қайырлағанға дейін де Қазығұртқа әулиелер аяқ басқан, сондықтан «киелі тау» деп түсіндіріледі. Жырдың «Ол әулие болмаса неге қалған?» деген жолдары Қазығұрттың әуелден қасиетті, әулиелі тау екенін көрсетіп тұр. Сондай-ақ бақсылар сарынында Қазығұрт ата әулиелер қатарында айтылған.

Қазығұрт баурайында жазғытұры дала қызғалдақтары жайқалып өсіп, жер бетін айқара тұтып тұрады. Мол кеңістікті тегіс жауып, шоқтай жайнап, құлпыра өскен қызғалдақтар бейнесі – керемет әсем көрініс.

 

                                   «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары»                      

                                                                                                       кітабынан:

                                                           «Уикипедия» ашық энцеклапедиясы

                                                                

     *Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақынжырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысыШиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі — Асан Қайғы мазары делінеді.

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *