АСТАНА. ҚазАқпаратЛ.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ІІ курс студентіүлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің жаңа формуласын ойлап тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгінде жас ғалымның қоржынында 33 түрліформула бар. Дарынды студент алдағы уақытта өзеңбегін патенттеп, шәкірт тәрбиелеуді армандайды.

   Ақпараттық технологиялар факультетінің білімалушысы Бек Мұсабековтың математика саласынақызығушылығы мектеп қабырғасында оянған. Талантты жас квадрат және куб әдістеріменформулаларды 9 ші сыныпта алғаш рет ойлаптапты.

«Түбір астынан жуықтап табу» амалын баған жәнеквадрат арқылы шешу де — оның мектептегіеңбегінің жемісі. Нақты ғылымға қызыққан студент ізденімпаздығының арқасында үлкен сандардыкалькулятордың көмегінсіз есептеуге болатынформула жасап шығарды.

«Калькулятор қолдану мүмкіндігі жоқ барлық жерде, тіпті емтиханда да менің формуламмен есептер еркін шығарылады. Оның үстіне бұлуақыт үнемдеуге де үлкенмүмкіндік. Енді осы формулаларымдыпатенттеп алғым келеді. Менің ойлап тапқанформуламды оқу бағдарламасына кіргізугеболады деп ойлаймын. Алдағы уақыттаматематикадан шәкірт тәрбиелеп, оқушыларымды олимпиадаларға дайындасамдеген ниетім бар»,деп өзінің жоспары туралыайтты.

   Бүгінде ЕҰУ жас ғалымының қоржынында калькуляторсыз есептеудің 33 түрлі формуласы бар. Оның 29 ын мектеп қабырғасында шығарса, 4 еуін университетте жүріп ойлап тапқан. Студент үлкен сандарды калькуляторсыз есептеудің бұданда оңай формулаларын іздеуді жалғастырмақ.

   Бек Мұсабеков өзінің қабілетін 2021 жылы«Дарынды жас ғалым» Республикалық ғылыми-жобалар байқауында ортаға салып, «Дарын» аталымы бойынша топ жарды. ЕҰУ студенті «ҚРтәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төсбелгісімен де марапатталған.

                                                                               Фото: t.me/gylym_jogary_bilim

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *