Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS мектебінде бір апта бойы еліміздің түкпір-түкпірінен келген 70-ке жуық зияткер оқушы мен жетекшілері әйгілі журналдың фотографтарынан дәріс алып, біліктіліктерін арттырды.

Элективті курсқа Нұр-Сұлтан қаласындағы NIS-тен екі оқушы қатысты: Нұрай Сұлтан және Маргарита Юрьева.

 

— «Photo camp-қа» дейін мен фотоаппаратпен сурет түсірген емеспін, сондықтан бұл курста жаңа дағдыға ие болдым. Қысқа уақыт аралығында фото өнердің қыр-сырын үйрететін базалық курстан өткеніме қуаныштымын. Оған қоса, мен енді камерамен қысқа ұсталым арқылы сурет түсіре алатын болдым, — дейді Маргарита.

— Бұрын мен білмеген суретке түсірудегі әр түрлі тәсілдерді өз тәжірибемде сөзсіз қолданатын боламын. Бұл апта мен үшін жарқын оқиғаларға толы болды. Өзге қалалардан жаңа достар тауып, бойымдағы көшбасшылық, шығармашылық сынды қабілеттерді дамыта алдым, — дейді Нұрай.

Курс бағдарламасы фотоаппараттың құрылысы, жарық пен түстің дұрыс қойылуы, суреттің жанры мен негізгі композициялары сынды фотоөнермен байланысты тақырыптарды қамтыды. Мол әрі халықаралық тәжірибесі бар мамандардан қатысушылар фото өнердің қыр-сырын егжей-тегжейлі меңгерумен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелерге объектив арқылы қарай білді.

Бағдарлама аясында оқушылар NG журналының фототілшісі Герд Людвигтің «сторителлинг» жанры бойынша түсірген жұмыстарын талдап, теориялық білімді Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында,  мектеп аймағында практикалық жұмыстарда жетілдіре түсті. Келесі сабақтар кезінде оқушылардың туындыларын бағалау жұмыстары жүргізілді.

National Geographic Қазақстан өкілі Қанат Абашов журнал мен оның жұмысы туралы жалпы ақпарат беріп, балалардың алдағы уақытта зерттеушілік дағдыларын арттыруына өз септігін тигізетініне, алған білімдерін өзге оқушылармен бөлісетініне сенім білдірді.

Ученики NIS обучались у фотографов National Geographic Kazakhstan

Успешно завершен элективный курс «Photo camp» совместно с автономной организацией образования «Назарбаев Интеллектуальные школы» и National Geographic Kazakhstan.

В течение недели в школе NIS химико-биологического направления г. Алматы около 70 учеников-интеллектуалов и руководителей со всей страны обучались у фотографов известного журнала.

В элективном курсе приняли участие два ученика из NIS г. Нур-Султан: Нурай Султан и Маргарита Юрьева.

— До «Photo camp» я никогда не делала снимки на фотоаппарате, поэтому получила новый навык в этом курсе. Я рада, что за короткий промежуток времени прошла базовый курс по обучению тонкостям фотоискусства. Кроме того, теперь я могу делать снимки с помощью короткой выдержки с камерой, — рассказывает Маргарита.

— Я безоговорочно буду использовать на своем опыте различные подходы к фотографии, о которых раньше я не знала. Эта неделя была для меня насыщенной яркими событиями. Я нашла новых друзей из других городов, развила в себе лидерские, творческие способности, — говорит Нурай.

Программа курса включала темы, связанные с фотоискусством, такие как устройство фотоаппарата, правильная постановка света и цвета, жанр и основные композиции изображения. От специалистов с большим и международным опытом участники смогли не только детально разобраться в тонкостях фотоискусства, но и взглянуть на актуальные проблемы общества через объектив.

В рамках программы учащиеся проанализировали работы фотокорреспондента журнала NG Герда Людвига по жанру «сторителлинг» и усовершенствовали теоретические знания в практической работе в Парке Первого Президента Алматы, школьной зоне. На последующих уроках проводилась работа по оцениванию произведений учащихся.

Представитель National Geographic Казахстан Канат Абашов дал общую информацию о журнале и его работе, выразил уверенность в том, что ребята в дальнейшем будут способствовать повышению исследовательских навыков, делиться полученными знаниями с другими учащимися.

 

 Гульназ СЕЙЛХАНОВА,

Пресс-секретарь
Назарбаев Интеллектуальной школы
города Нур-Султан

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *