Apple өнімдеріндегі «і» әрпі нені білдіреді?

1998 жылдаApple өнімдеріндегі «і» әрпі нені білдіреді?н бері iMac әлемге ұсынылғалы бері кіші «і» әрпі Apple-дың құрам бөлігі болып табылады. Мүмкін, бұл – әлемдегі ең әйгілі әріптердің бірі, бірақ көбісі бұл әріптің не мағына беретінін біле бермейді. iPhone-дағы «і» әрпі телефонның ерекшелігі болып табылады. «і» әрпініңнегізгімағынасы – «internet».

Стив Джобс алғашында компьютерді әлемге ұсынғанда: «Біздің мақсатымыз әлемде нөмірі бірінші компьютер жасап шығару және «і» әрпі нөмірі бір деген мағынаны білдірсін дегіміз келді», – дейді.

Стив Джобстың айтуынша, «і» әрпі тек интернет және нөмір бір деген мағынаны білдірмейді. Әлемге алғаш ұсынған сәтте «і» әрпіне бірнеше сөз қолданған (internet, individual, instruct, inform, inspire) ғаламтор, жеке, нұсқау беру, хабарлау және шабыттандыру.

«і» әрпі біз үшін басқа да мағына береді дейді Стив Джобс. «Біз – компьютер шығаратын компаниямыз, сондықтан біз үшін бұл білім деген мағына білдіреді. Себебі көптеген тұтынушылар дербес компьютерді ғаламторға қосылып білім, ақпарат алу ретінде қолданады», – дейді ол. «і» әрпі қазіргі таңда ең танымал брендке айналған.

«Алло» сөзі қалай пайда болды?

Адамның телефон тұтқасын көтергенде айтатын алғашқы сөзі «Алло». Алайда осы сөздің мағынасы мен қандан шыққаны туралы бір сәт ойланып көрдіңіз бе?!

Александр Грейам Белл телефонды ең алғаш ойлап тапқан кезінде оның желісін сүйіктісінің үйіне қарай тартады. Ол қыздың есімі– Алессандро Лолита Освалдо. Шеберханасында жұмыс істейтін Грейам Белл телефон тұтқасын көтерер-көтерместен: «Алессандра Лолита Освалдо» дейді екен. Уақыт өте келе сүйіктісінің атын қысқартып: «Але Лол Ос», – депті.

Жұмыстары көбейген сайын қыздың атын одан сайын қысқартып, «Алло» деп тұтқаны көтеретін болған. Алайда өнертапқыштың телефон желісін барлық қалаларға таратып, жұмыстан бас алмауы сүйіктісін зеріктіре бастайды. Содан Алессандро Лолита Освалдо одан кетіп қалады. Бірақ Грейам Белл сүйіктісінен үмітін үзбейді. Шеберханасына соғылған әрбір қоңырауды Лолита деп ойлап, «Алло» деуден жалықпайды екен. Уақыт өте келе басқа да адамдарға осы сөз ұнап, күнделікті қолдана бастайды. Осылайша бүкіл әлем халқына «Алло» деп айту сәнге айналады.

 

Электронды сандық қолтаңба деген не?

«Электрондық сандық (цифрлық) қолтаңба»  (ЭСҚ) дегеніміз — электрондық сандық қолтаңба  құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілі әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық нышандар терімі. Қолтаңбаны пайдалану өте оңай. Ол үшін ешқандай арнайы білім, дағдылар және құралдар талап етілмейді. Электрондық қолтаңба кілтінің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, жеке немесе заңды тұлғалар мемлекеттік мекемелерден тиісті анықтамаларды ала алады. Мысалы, жылжымайтын мүлкіңіздің бары немесе жоқтығы туралы, мекен-жай анықтаманы, салымшының зейнетақы аударымдары туралы анықтама, сотталған немесе сотталмаған туралы анықтама алу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып кезекте тұрмай-ақ үйіңізде отырып ала аласыз.

Сондай-ақ, ұялы сымтетік арқылы онлайн қызметтерді алуға болатынын хабарлаймыз. Электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасының алғашқы нұсқасы 2012 жылы шілде айында іске қосылған болатын. Ең алдымен мобильдік қосымшаны қазақ және орыс тілдерінде Andrоid пайдаланушылары қолданса, кейін ол іOS жүйесінде іске қосылды.Пайдаланушы санаулы секундта мекенжай анықтамасын электрондық поштаға жіберіп, басып шығара алады. Мекенжай бюросына жүгіріп, не болмаса анықтама алудың өзге жолдарын іздеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, балабақшаға кезекке тұрып, оны қадағалап отыруға мүмкіндік беретін электрондық қызмет іске қосылған. Бұл үшін баланың ЖСН-н немесе туған жылы мен күнін, аты-жөнін енгізу қажет. Келешекте, Шымкент қаласының тұрғындары үшін дәрі-дәрмек атауы арқылы жақын маңдағы дәріхананы табуға мүмкіндік беретін қызмет енгізіледі. Айта кетерлігі, бұл қызмет тек мобильдік қосымшада ғана көрсетіледі.

Бүгінгі күні елімізде 1414 ХҚКО чипке электрондық цифрлық қолтаңба жазылған жаңа жеке куәлік беру бойынша қызмет көрсетеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында электрондық үкімет бұрыштары ашылған. Бұл жерде қазақстандықтарға электрондық қызметтер алу мәселелері жөнінде кеңес беріледі. ЭЦҚ жазылған куәліктің иесі үйден шықпай-ақ, картридердің көмегімен мемлекеттік қызметті онлайн түрде ала алады. Картриждерді тұрмыстық немесе компьютерлік техника дүкендерінде сатып алуға болады.Сонымен қатар, тағы бір «Электронды үкімет» порталының мүмкіндігі ол азаматтар облыстың кез келген жерінде тұрып-ақ республикамыздың барлық өңірлеріндегі өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты анықтамаларды ала алады.

«Электронды үкімет» порталы мен электрондық сандық қолтаңбаның тиімділігі  — уақытыңызды үнемдейсіз әрі қызметтері қолжетімді.

Қауіпсіздік белдігін кім ойлап тапты

1985 жылы Халықаралық патент конференциясында Патент бюросы адамзат тарихындағы ең маңызды 8 өнертабысты таңдады. Тізімде швед инженері Нильс Болиннің өнертабысы да бар. Нильс Болин көлік жасау саласында жоғары білім алып, Svenska Aeroplan Aktiebolaget (SAAB) компаниясына жұмысқа тұрады. Оның басқа әріптестері ұшақты жылдам әрі қуатты етіп жасаумен айналысса, Нильсті пилоттардың қауіпсіздігі алаңдататын.

1956 жылы алғаш рет ағайынды Лигондар Ford көлігіне екі нүктелі қауіпсіздік белдігін жасады. Көлік апаты бола қалса, мұндай қауіпсіздік белдігі жүргізушілердің көліктен ұшып кетпеуіне жағдай жасайды. Алайда кей жағдайда бұл белдік құрсақ қуысын ауыр жарақаттайтын болған.

Volvo компаниясының президенті Гуннар Ингеллауға бұл өнертабыс әсер еткені соншалық, ол әлемдегі ең қауіпсіз көліктерді жасауды қолға алады. Сол үшін ол авиация саласында қауіпсіздік үшін жауап беретін қызметкерді іздейді. Осылайша Нильс Болин Volvo компаниясына жұмысқа тұрады.

Бір жыл бойы Нильс қауіпсіздік белдігінің түр-түрін қарастырады. Нәтижесінде қазіргі қауіпсіздік белдігінің алғашқы прототипін жасап шығады. Белдік жүргізушінің белі мен кеудесін ұстап тұрады. Ал қауіпсіздік белдігін бір қолмен алып-салу оны одан сайын ыңғайлы ете түсті.1959 жылы Volvo көліктерінде үш нүктелі белдіктер қойыла бастады. Volvo компаниясы өнертабысына патент алып, оны кеңінен қолдануға рұқсат етті. Осылайша көлік нарығында қауіпсіздік белдігінің дәуірі басталды.

 

Глобусты қалай жасайды?

«Глобус» сөзін латын тілінен қазақшаға аударар болсақ, тұп-тура «шар» сөзі шығады екен. Ең тұңғыш жасалған глобус, әрине, бүгінге дейін жете алған жоқ, бірақ одан біраз «жастау» — не бары 500 жыл жасаған шар әлі де дін аман сақтаулы тұр. Бұл үлкен темір глобусты қаңқаға бұзау терісін керіп отырып жасаған.

Бір кезде теңізшілер қауіпті ұзақ сапарға шыққанда глобусты өздерімен бірге ала жүретін болған. «Саяхатшы» глобустар, сөйтіп, өздерінің ұзақ ғұмырларында дүниенің төрт бұрышын біраз аралаған ғой. Олар да теңіз дауылдарынан зардап шегіп, долы желдерге бүйірлерін тосқан, тіпті тұзды судың әсерінен суреттері бүлінген. Мұндай «еңбекқор, саяхатшы» глобустардан басқа тек король сарайларының сәнін келтіріп қана тұрған «отырықшы» глобустар да болған. Қызметтерінің бір саласы «сарай сәнін келтіру» болғандықтан, олар алтынмен апталып, күміспен күптеліп дегендей, асыл тастармен аямай безендірілген. Тіпті қайсы-біреулеріне бұрауы босағанша шарды айналдырып тұратын серіппе темірлі сағат механизмі орнатылған.

Глобус жасайтын фабрикаға қағаз комбинатынан көлемі әр түрлі, қазанға ұқсас мыңдаған жарты шарлар келіп түседі. Қос жарты шарды бір-біріне қосып желімдеген соң қатырма «шар» даяр болады. Міне, осыдан бастап істің ең бастысы — қарапайым қатырма шар глобусқа айналады. Ол үшін шардың бетіне алдын ала 12 бөлікке бөлінген Жердің географиялық картасы жапсырылады.

Uniface сайтынан алынды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *