Құрметті Нағашыбек Қапалбекұлы!

 

Наурыз мерекесімен қатар келіп жеткен туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Сізге алдағы уақытта ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілейміз. Балалар мен жастарға айтқан ағалық ақылыңыз, ақсақалдық даналық сөздеріңізден ғибрат, өмір жолыңызды өнеге тұтсын. Қаламыңыздан туған жаңа шығармалар жастарды мейірімділікке, еңбексүйгіштік пен адалдыққа бастасын.

Шығармашылық әлемінде шабыттанып, жаңа заман оқырмандарына арнаған  шығармаларыңыз толастамасын.

 

                          Игі тілекпен: «Farabi  shakirti»

                         журналының шығармашылық ұжымы.

 

Нағашыбек  Қапалбекұлы — белгілі қоғам қайраткері, жазушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.

ЮНЕСКО-ның 2 категориялы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері. «Бәйдібек баба» Республикалық қорының президенті. Қырық бес кітаптың авторы,

Приморье өлкесіндегі 1969 жылы шекарада Даманск аралы соғысына қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері.«Құрмет» орденінің иегері.

Кітаптары мен шығармалары Ресейде, Түркия мен Қытай, Моңғолия мен көрші қырғыз тілдеріне аударылып, басылды.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *