Алматы қаласындағы М.Базарбаев атындағы №138 гимназияда білім аламын. Биыл мектебіміздің құрылып, бала оқыта бастағанына – 30 жыл. Ширек ғасырдан бері мектепте бала оқытумен келе жатқан ұстаздарымыздың жетістігі аз емес екен. «Шәкіртсіз ұстаз – тұл», «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген теңеулердің барлығы да ұстаз-мұғалімнің шынайы еңбегіне берілген баға. Ұстаз – ұлы тұлға. Әлемнің кез келген түкпірінде де ұстаз өзгермейтін есім. Біздің гимназияның мұғалім-дері де машақаты көп, бірақ жеміс сыйлайтын мамандықты таңдағанына өкінбейтіндіктерін еш шүбәсіз айтады.

— Бала тәрбиелеу мен оқыту – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Мұндай мәртебелі мамандық иесі болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Яғни, бала мектепте білім ала
бастаған шағында оның алдында маман-дық таңдау мәселесі тұрады. Сол сәтте қарасаңыз, бір сыныптағы барлық ба-ланың бір не екеуі ғана мұғалім жолын таңдайды,- деп сынып жетекшіміз Кул-шайхан Еділ апайымыз арасында бізге ақыл қосып қояды.

— Балам, қай мамандықты таңдасаң да, ол – сенің ғұмырыңмен бірге жүреді. Жүрек қалаған мамандығыңмен есейесің. Отбасын құрасың, бала-шаға тәрбиелейсің. Мамандықтары ұқсас
адамдардан ұжым құралады. Ұжымың – екінші үйің іспетті. Сондықтан, мамандық таңдауда қателесуге болмайды, – дейді ата-анам.

Ұстаз туралы пікірімді қайта жалғастырайын. Адам ғұмырындағы жыл он екі айдың әр күні – мереке. Мен үшін таңертең тұрғанда, Күннің күлімдеп атып келе жатқаны – мереке. Күн райы ашық, жылы болса, адамның көңіл-күйі көтеріңкі, сабаққа деген ынтаң да жоғары болады. Біздің Тәуелсіз Мемлекетімізде балалар үшін мереке күндері өте көп. Жыл басы – Наурыз мейрамынан
бастау алатын күндер оқушылардың жазғы демалысына жалғасады. Үш ай демалыстан соң, асыға күткен 1-қыркүйек Білім күнін қарсы аламыз. 22-қыркүйек елімізде «Тіл» мерекесі аталып өтеді. Одан кейін қазан айының алғашқы аптасы – Ұстаз мерекесі.

Гимназиямыздың 30 жылдығы Ұстаздар мейрамымен қатар келгендіктен, білім ұясының ардақты мұғалімдерін айтулы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қала мектептері ішінде алғашқы ондықтың қатарындағы гим-назия «Үздік педагогикалық ұжым» атанған. Ұстаздарымыз да топ жарып, есімі қала бойынша үздіктер сапында келеді.

География пәнінің мұғалімі Есназарова Ұлжалғас Әмзеқызы 2015-2016 жылдардан бастап білім беруде қадап — қадап айтатын жетістіктерге жетуде. Ресей Жаратылыстану Академиясының корреспонденті. «Академияның Құрметті қызметкері» атағы мен К.Ушинский атындағы Еуропалық ғылыми өндірістік консорциум медалін иеленді. Бүгінде Ұлжалғас апайымыздың қол жеткізген жетістіктері аз емес. Тарих пәнінің мұғалімдері Қасымова Алия Қажиахметқызы, Махаева Айтбала Шайымқұлқызы, бастауыш сынып мұғалімдері – Абдуллаева Гүлсім Мубаракқызы, Курмашева Гүлнар Мунзатқызы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Даниярова Бейбіткүл Қаржауқызы, музыка пәнінің мұғалімдері Бекенова Гүлнар Турабекқызы, Нигматуллина Гүлнар Сакенқызы, Сайдуова Дидар Одақбайқызының да алған марапаттары олардың табан-ды еңбегінің жемісі деп білеміз.

Гимназия директоры Елеманова Алия Сейдекаримқызының да білім саласындағы өнегелі істері үшін ерекше бағаланып, бірнеше марапатқа ие болды. Солардың ішіндегі ең үздігі – «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгі. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Бижанова Ақмарал Мелиянқызының тәрбие саласындағы еңбегі лайықты бағасын алды.

Ұстаздарыма арнаған лебізімді мына төмендегі өлең жолдарымен қорытындылайын:

Егер өмір алтын болса, зергері оның – мұғалім.
Егер өмір теңіз болса, гауһары оның –.мұғалім.
Егер өмір жүзік болса, оның көзі – мұғалім.
Егер өмір ақын болса, оның сөзі – мұғалім.

Мереке құтты болсын, ардақты ұстаздарым! Дендеріңізге саулық, ғұмыр жастарыңыз ұзақ болсын дейміз.

 

Дінмұхамед ШАМШАТОВ,
7 «Б» сынып оқушсы.
Бостандық ауданы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *