Алматы қыздар мектеп-лицейінің мұғалімдері бақытты десем, қателеспеймін. Сені көруге асығатын, көргенде қуанатын адамдар көп болса, бақыт болмағанда ше?

Ол адамдар – сүйікті оқушыларымыз.

Сондай бақытты адамдардың бірі, биология пәнінің мұғалімі ТЮТЕНОВА АлимаАбилбекқызының еңбекқорлығы, өз ісінің шебері, мамандық таңдауда адаспағанымен бөліспекпін. Біз үшін Алима апай болса,оқушылар Алима teacher дейді, себебі сабағын ағылшын тілінде жүргізеді.

2009 жылғы Шымкент қазақ-түрік қыз балалар лицейінің үздік түлегіАлима биология пәнін мамандық ретінде таңдап, Тараздағы М.Х.Дулати атындағы мемлекеттік университетінің бакалавры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистрі дәрежелеріне ие болды.Өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын мұғалім ғана сапалы білім бере алады, өз мамандығының хас шеберіне айналады. Алима Абилбекқызыбиыл

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің PhD докторанты атанды. Лицейімізде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер қатарында, «Biology-grade 7»  оқулығының қосымша авторы, ғылыми мақалалары республикалық басылымдарда жариялануда.Сабақта қолданатын педагогикалық технологиялары заманауи талаптарына сай: «Kahoot», «Edmodo», «Edupage», «Quizlet», «Quizizz», «Prezi», «Anatomy 4D», «Zipgrade», «Nearpod».

Еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасының үштілділікті дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында А.Тютенова«Биология пәнінің мұғалімдерін «CLIL» әдістемесі бойыншаағылшын тілінде оқыту» курсының тренері болып табылады.

2019 жылы өткен «Фараби әлемі» атты  студенттер мен жас ғалымдарға арналған Халықаралық ғылыми конференцияға қатысып, оқушылардың денсаулығын жақсартуға байланысты баяндамасы жоғары бағаланып, ІІ орынға ие болды.

Назарбаев Университеті мен Ұлыбританиядағы Norwich Institute for Language Education, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Вулверхэмптон университетінде тағылымдамадан өтті.Зерттеуші мұғалімоқушылардың дарындылығын анықтап, олимпиадаға дайындайды. Соңғы үш жылдағы жетістіктерін саралап өтсек, жүлделі орындары жеткілікті. Оқушылары аудандық олимпиадаларда 9, қалалық олимпиадаларда 6 жүлделі орын алды. Ал республикалық олимпиадасында5 шәкірті жүлдегенр атанды.Сонымен бірге «British Biology Olympiad»-қа қатысқан оқушысы Табарова Муниса алтын медальмен марапатталды.ҚБО /Қазақстан білім олимпиадасында/ оқушысы І орынға ие болса, Халықаралық Мендель олимпиадасында 11 оқушысы жүлделі орындарды жеңіп алды. «Беларусь-2020» Халықаралық олимпиадасында оқушысы Диасова Ансаль

ІІІ орынға ие болды. Бұл цифрлардың артында үлкен жүйелі жұмыс тұрғанын байқайсыз.

Мұғалім сабақтарында пәнаралық байланысты тиімді пайдаланады. Мысалы, «Эндокринді жүйе», «Адамның денсаулығы»тақырыптарында өткен ашық сабақтарын медицинамен ұштастырса, «Дұрыс тамақтану», «Зиянды әдеттерден безу»тақырыптарында өткізген дөңгелек үстел, пікірталастар барысында салауатты өмір салтын сақтауға шақырады. Білім көрмесінде оқушылары үлкен белсенділік танытады. Әсіресе, қаншаөткізсе де жалықпайтын зертханалық эксперименттер,  «Florarium» жарысы, «Biology competition» білім жарысы сияқты сабақтан тыс шаралар оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз.

«Елбасы Медалі» жобасы бойынша волонтерлық игі істерді жүзеге асыруда Алима Абилбекқызы ментор ретінде 9-11 сынып оқушыларын жұмылдырып, аянбай еңбек етуде.

Өз ісін сүйе білетін, ықылас көңілменен істейтін, үлкен жауапкершілікпен қарайтын адамның көретін нәтижелері де биік болады. Ұстаз болу – үлкен мәртебе.Шебер ұстаз болу – үлкен бақытқа бөленген адам.

 

 

ОРГАНОВА Сара Түркменбайқызы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *