Әнуар ӘЛІМЖАНОВ,

Мемлекеттік  және  Дж. Неру атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.

Жазушы.

(Соңы. Басы өткен  журналдың №6 (16) 2020 ж. санында)

                    Ғылым мұхиты шексіз қиыр

                                                       Әр нәрсенің себеп – салдарын ұғып – біл.

                                                                                                                 Гераклит

 

—Бұрынғы өткендер қандай дәл айтқан дана адамның аңқаулығына бала күледі деп,– деп күңкілдеген Хасан басқалардан кейіндеп қалмау үшін шалдыққан атын қузай түсті. Шалқыған байлық пен ләззатқа толы халиф сарайынан безініп, өзін өзі дүниенің  бар рахаты мен  сый – құрметінен айырып, мынадай қапырықта  шаңы бұрқыраған дала жолында қақырығы түтеп, бір жұтым су мен алақандай көлеңкеге зар болып, жаһан кезу, әр күн сайын қарақшылар мен қашқын арабтардың  кездейсоқ шабуылынан үрейленіп, болмаса күрестен шайлыққан  ызалы кедейлердің  қолына түсіп қалудан сақтанып керуен сарайларда тығылып жату…

    *Әбу Нәсір атынан түсіп, тізгінін Хасанға ұстата берді. Балаң жігіт ат қораға апарар  лапас астындағы сүрлеуді нұсқады да өзі көше көше жақты барлай қарап,  ешкімнің сырттай бақылап тұрмағанына көзі жеткен соң ғана қақпаны іш жағынан мықтап жауып алды.  Хасан Әбу Нәсірмен бірге ілесе жүрмек болған, бірақ балаң жігіт оған аттарын лапастың астына апарып байлауды бұйырды.Ал өзі Әбу Нәсірді ертіп, бақтың түкпіріне қарай кетті. Күннің сәулесі өшпестей қалың жапырақ жапқан жасыл кұркенің алдында Әбу Нәсірді ақ сақалды қарт күтіп алған.

    *—Ұлы шебер, Шамның тыңшылары мен баскесерлері ныспымды білетіндей мен соншалық данышпан да, бүлікші де емеспін. Мен қарапайым ғана адаммын. Бір кездері жауынгер, әрі ғұләм болғаным рас,  ал өзімнің кім екенімді әл – Киндидің кез келген жолымен, Платонның жазуындағы  Сократтың нақылдарымен немесе  Әбу Нуастың өлеңдерімен  және от пен Космос  туралы Гераклиттің сөздерімен дәлелдей  аламын… Менің Ұстазым Аристотель…

     *Әбу Нәсір қолжазбаны қастерлей қабыл алып, алғашқы беттерін ашқан бойда қызыға оқи бастаған. Ол Махмұттың  жігіт қолындағы буыншақты алып, оның арасынан тағы бір кітапты шығарып, беттерін ашып, бұрыштағы тері отырғыштың үстіне қойғанын аңдаған да жоқ. Махмұд жас жігітке басын изеп ымдап отырғызды да, өзі Әбу Нәсірдің қарсы алдына жайғасып, әлдеқандай салтанат сәтті күткен үнсіз күйде  жұп – жұмсақ, жылы тандыр нанды үзіп турай бастады.

             Білім – адамның өткені мен болашағына көз жібере алатын қырағы жанары…

        *Өткенге көз жіберу, өткенді еске алу…

          Әбу Нәсір өткен өмірдің ұзақ жолдарымен қайырыла қайта жүріп, айнаған қалың оқиғалардың ортасына қайта түсіп, бастан кешкен қуанышты күндері мен қасиетті кездері көз алдына тағы бір қайтып оралғандай, таусылмас ойлардың соңына ерген. Әбу Нәсірдің ой – қиялы таңғажайып еді. Бастан өткен оқиғалар мен соған қатысты мыңдаған  адамдардың кез келгенін ұсақ – түйек жайларына дейін  тегіс қалдырмай есіне түсіре отырып, солардың ішінен өздеріне ең қажет дегендерін ғана саралап алып, өзінің дәл қазіргі сәттегі көңіл – күйіне, тыныс – тіршілігіне, бүгінгі күннің оқиғаларына ғана мән бере тоқталатын…

      *Таңертеңгі күннің ақжалқын сәулесі шаһардың қақ ортасындағы жуырда салынған бас мешіттің мұнарасын шала бастаған, бірақ Әбу Нәсір көгілдір мұнараға жарқырай шағылысқан сәулені көрген жоқ, бұл кезде олар шаһардан бірталай ұзап шығып, Отырардың батыс жағына орналасқан диқанщылар мен малшы ауылдардан жанай өтіп бара жатқан, ал шаһардың шығыс жағында Сейхун  жағалауында да осындай іркіс – тіркіс ауылдар болатын.

     *Әкесі өлгеннен кейін бұрынғы достарының қарым – қатынастарының күрт өзгергенін сезді Әбу. Достарының бұлайша тез өзгеруіне Әбудің мұраға қалған әке байлығын сақтай алмауы да себін тигізді. Ол байлық көрінгеннің қолында кетті. Бір жылдан кейін –ақ туған шаһары Әбу үшін жат шаһарға айналды.

     *Әбу Отырардан жасырын қашуға мәжбүр болды, өзінің сыршыл нәзік адал досы, бұған үнемі жасырын келіп, сағаттар бойы баяу салған әндерін, алыс елдер туралы жұмбақ әңгімелерін ұйып тыңдайтын кедей қызы Әнидамен қоштасуға тура келді.

     *Әбу Нәсір өзінің көптен бері жазып жүрген кітабы «Тағлим әс — саниды» аяқтау үшінқасиетті жазбалар сақталатын қоймада тығылып отырды. Грек, парсы, үнді, араб және қытай философтарының ұшан – теңіз еңбектеріне бас қойған ол өзге дүниені тегіс ұмытқан, тіпті Бұқарды аралауға да уақыты болмады. Оған өзінің құлқы да болған жоқ.

      *…Арада біраз күн өткен соң ол жазып жүрген кітабын уақытша тоқтатып, жаңа достарының жәрдемімен Бұқардан Отырарға жол шеккен шағын керуенге қосылды. «Мұсылман қауымының әміршісі» халифтың мөрі басылған қағаздың да көмегі тиді, онда: сарай философына ұзақ үсапар жолдарда мұсылман атаулы тегіс жәрдем көрсетіп отыруы тиіс делінген болатын.

      *Әбу Нәсір кеткен ұзақ жылдар ішінде Отырарда пәлендей өзгеріс оқиға бола қоймапты., рас қала әдәуір өскен, кеңейген. Күншілік жерде Сырдарияның жарлауыт бойында дарияны бойлап теңізге қарай өтетін сауда кемелері мен салдарды бақылап тұратын Шардара атты бекініс қамалы бар екен.

       Бұл жылдарда Отырар шапқыншылықтан да, соғыстан да дін аман еді. Қала өз міндетін қалтқысыз орындап отырды. Бұқар мен Самарқанға, бағдад пен Шамға жиһангер – ғалымдар аттандырып, құлдары мен тұтқындарын бағындырып ұстағысы келгендерге даланың дырау қамшысы мен найзасын қажетінше жөнелтумен болды.

      *-Ол кездерде Әбу Нәсірдің жап – жақсы дауысы болатын. Тигр мен Евфраттың қосылар тұсындағы Адам ата ағашының көлеңкесінде халиф дем алып отырған кездерде Әбу өзі шығарған бәйіттерді шырқап, қыпшағымен күй тартты; ол өзінің құлаққа жағымды әсем дауысымен де, терең білімімен де, садақ тартқандағы мергендігімен де халиф нөкерлерін тамсандыра қайран қалдыратын.

       *Хасан Бағдатқа бара жатырмыз деген нық сенімде болатын,сондықтан думнан шығып осы өңірдегі ең бір жолаушы көп жүретін жолға түсерміз деп ойлады. Бірақ, Ұстаз олай етпеді, аттың басын Адраға қарай бұрды да одан әрі Кутеирді айналып өтіп Хемрон тауының шығыс жақ етегін жағалай жүріп отырып, терістікті тура бетке ұстап Хомсқа қарай тартты.

       *Әбу Нәсір Басыра жайлы айта отырып, ондағы әрбір құл, кедей шаруа, қайықшы егер оңаша отырып сөйлесер болсақ, Басыра құлдары көтерілісінің тарихы мен сол көтерілістің жеңілісті білмеген Ұлы Бастаушысы туралы тамылжыта әңгімелейтінін есіне алған. Сол басшы ең соңында өз әскерінің опасыздығын сезіп қап, соған қапаланып басшылықтан кетіп қалған екен. Әңгімеші оқиға арасына өзінің  әкесін немесе ағасын кірістіре сөйлеп, оның ұлы Бастаушымен соғыста болғанын мақтаныш етеді екен және сол кездері  Араб теңізінен Шаат әл – Араби өзеніне келетін кемелерді олардың қалай бақылауға алып отырғандарын жырдай етіп айтатын көрінеді.

                «Қас наданның бүкіл өмірінен ғұламаның бір күні қымбат»

                                                                                 Араб мақалы

     *Бұл бір ұсақ  түйегіне дейін  Әбу нәсірдің есінде мықтап сақталатын таңғажайып түс еді. Сол түні естіген әрбір сөзінде терең мән – мағына барды. Сол түс оның бүкіл өмірін жиынтықтатып, ақыл – ойының бар тереңіне бойлағандай қастерлі де қасиетті болжау болып қалды.

     *Әбу Нәсір ұйқыдан қара терге түсіп булығып оянды. Ағаш жапырақтарының арасынан ертеңгі күннің сәулесі түсіп тұр. Құстардың сайрағаны естіледі. Бірақ Әбу нәсір сол күні де, оның ертеңіне де құстардың тамылжыта сайраған әндеріне де, өзі қалай жүріп тұрамын десе де еркіне тиген Саиф ад – Даула сұлтанның сұлу бағына да еш көңіл аударған жоқ., шәкірттерін жинап дәріс те өткізбеді, ғұламалармен де кезжесіп сұхбат құрмады.

     *Уақыттың, тарихтың, оқиғалардың дәлелденгеі: «адамдар бір – бірімен тату – тәтті, бейбіт өмір сүруі керек, өйткені олардың бәрі адамзат ұрпағына жатады» — деп жазды Әбу Нәсір өзінің қстаздарымен айтысқа түсе отырып және Аристотель сөзін өзінше өзгертіп: «Аристотель Ұстазым, алайда Ақиқат одан да қымбат қой», — деді қайталап.

                                                     (Соңы. Басы журналдың өткен №6 (16) 2020 нөмірінде).

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *