Абай  Құнанбаев:

«Адамның адамшылығы –ақыл, ғылым,

жақсы ата-ана,      

жақсы  құрбы, жақсы ұстаздар болады».    

Жамбыл ауданының білім беру  мекемелерінде  отбасы тәрбиесі  балалардың  отбасылық адамгершілік негіздерін меңгеруіне, отбасындағы  қатынас мәдениетін, толыққанды отбасын құру үшін денсаулықтың бірегей құндылық екенін ұғынуға тәрбиелеуді көздейді.   Осы мақсатта ауданда ата-аналар комитеттері, қамқоршылық кеңестер,  аудандық «Аналар мектебі»  жұмыс жасайды. Әлеуметтік желілері арқылы  ата-аналарға  «Бала қауіпсіздігі басты  назар» айдарымен  күнделік парақтары салынып, түрлі  қауіпсіздік ережелері  түсіндіріледі.  Сондай-ақ,  мектептерде өмірдің қиын жағдайға ұшыраған және  қолайсыздықтың алдын алуда  тәжірибелік  көмекке бағытталған әкелер, әже  клубтары  жұмыс жасайды.  Н.Құтпанбетұлы атындағы орта  мектебінің «Аманат» әкелері клубын, Жамбыл атындағы орта  мектебінің әкелер клубынның жұмыстарын ерекше айтуға  болады. Әкелердің  мектепте өткізілетін  жарыс, байқауларға  көптеп  қатысуы  балаларды    ерекше  қуанышқа  бөледі, ер  адамның  бала  тәрбиесіндегі  басты  рөл  атқаратындығына  ата-аналардың көзі жетті. Ата-аналарға  әсіресе, әкелерге ықпалы  зор.

Биылғы оқу  жылының IV- тоқсаны төтенше жағдайға  байланысты қашықтықтан өтуі  ата-аналарға өзгеше тың леп әкелді. Біреулері «елмен бірге көрерміз» деді,  енді  біреулері  «телефон, компьютерді  не істеймін? Қайдан аламын?»  десе,   көпшілігі   «Баланың білімі төмендеп кетеді-ау», – деп  алаңдай бастады. Десе де,  бала отбасында, оның  барлық мінез қылығын,   іс-әрекеті,  білімге  деген  ынта-ықыласы   ата-анасының көз алдында болды. Білім саласындағы   тәрбие мен оқыту  жұмыстары  төтенше жағдай кезеңінде де қарқынды  жүрді.  14230 оқушы интернет арқылы, 17392 оқушы «Балапан» және «Ел арна»  телеарналар арқылы оқумен қамтылды. Сонымен қатар, мұғалім мен оқушының арасындағы кері  байланыс 518 волонтерлер арқылы жүзеге асты.амбыл ауданының білім беру  мекемелерінде  отбасы тәрбиесі  балалардың  отбасылық адамгершілік негіздерін меңгеруіне, отбасындағы  қатынас мәдениетін, толыққанды отбасын құру үшін денсаулықтың бірегей құндылық екенін ұғынуға тәрбиелеуді көздейді.   Осы мақсатта ауданда ата-аналар комитеттері, қамқоршылық кеңестер,  аудандық «Аналар мектебі»  жұмыс жасайды. Әлеуметтік желілері арқылы  ата-аналарға  «Бала қауіпсіздігі басты  назар» айдарымен  күнделік парақтары салынып, түрлі  қауіпсіздік ережелері  түсіндіріледі.  Сондай-ақ,  мектептерде өмірдің қиын жағдайға ұшыраған және  қолайсыздықтың алдын алуда  тәжірибелік  көмекке бағытталған әкелер, әже  клубтары  жұмыс жасайды.  Н.Құтпанбетұлы атындағы орта  мектебінің «Аманат» әкелері клубын, Жамбыл атындағы орта  мектебінің әкелер клубынның жұмыстарын ерекше айтуға  болады. Әкелердің  мектепте өткізілетін  жарыс, байқауларға  көптеп  қатысуы  балаларды    ерекше  қуанышқа  бөледі, ер  адамның  бала  тәрбиесіндегі  басты  рөл  атқаратындығына  ата-аналардың көзі жетті. Ата-аналарға  әсіресе, әкелерге ықпалы  зор.

Әр баланың  өз отбасын құрметтеуімен қатар, отбасы тарихын тану арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін нығайту  мақсатында Республикалық, облыстық, аудандық өткізген шараларға қатысулары  соған куә.

«Біз біргеміз!», «Бақыт – отбасынан   басталады»   байқау-

лары, «Отбасым — сүйіспеншілік мекенім» тақырыбында  фотоколлаждар байқауы, «Отбасы  шұғыласы» атты  сурет   байқауы  ұйымдастырылды. Жамбыл, Үмбетәлі,  Қазбек бек, Ш.Уәлиханов атындағы, Мыңбаев, Айдарлы,  Қайназар  №2, Тарғап, Қарғалы №3, Қарғалы №4 орта  мектептері   «Өнерлі  отбасы»,  «Шебер отбасы» , «Анашымның ақылы», «Отбасылық мерекені  қалай тойлаймыз?» тақырыптарында  қашықтық  жұмыстарына  белсене қатысты.   Бейне-роликтердегі   ата-анасының, ата-әжесінің, бауырлармен   бірге шаттыққа толы, жайраңдаған, өмірге құштар отбасы мүшелерін көру ерекше сезімге бөлейтінін дәлелдеді.

Аудандық «Менің атам ардагер» байқауы ұйымдастырылды, байқауға  45 жұмыс түсті.  Қатысушы әр баланың өзінің отбасының тарихы туралы, атасы  туралы әсерлі  әңгімелері ешкімді  бейжай қалдырмады. Нәтижесінде Жамбыл ом оқушысы  Сағат Аружан 1 орын, Қасымбек мектебінің оқушысы Буламбай Мерей  мен Жамбыл мектебінің оқушысы  Төлеген Айзере  2 орын,  Н.Құтпанбетұлы  мектебі оқушысы  Базарбай Ақсәуле, Қарғалы №3 ОМ  Дедов  Егор, Қайназар №2 ОМ Толыбай  Амина, Қарғалы №4 ОМ Тілеужанова  Диана, Жамбыл мектебінен  Мажен Балнұр  жүлделі  орындарға ие болды. Келешекте  осындай  отбасында  тәрбиеленген  ұрпақ  «Менің отбасымның тарихы, менің Отанымның тарихы» деп  еліне   адал,   парасатты  абзал азамат болады. Осы  байқаулардың барлығы  әлеуметтік  желілерде жарияланып, әділдігін   желі көрермендері  бағалады.

 

 

 

 

 

 

ЗЕЙНЕЛАЕВА Әлия Оханқызы:

Жамбыл ауданы білім бөлімінің әдіскері,

Алматы облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *