«Керуен-Сарай» көпфункциялы туристік кешенінде

     «Керуен-Сарай» кешенінде «Жібек жолы» дәуірінен сыр шертетін саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «Ұшатын театр», ат ойындарын өткізетін амфитеатр, шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақүйлер мен мейрамханалар, SPA және фитнес орталық, отбасылық ойын-сауық орталығы бар. Олардың бәрі бір-бірімен су арналары арқылы жалғасып жатыр. 

Кешеннің Орталық Азияда баламасы жоқ және ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестиция тартатын басты орталыққа айналуы тиіс. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылған.

  «Керуен Сарай»

Азия құрлығында, Оңтүстік ЕуропадаҚазақстан мен Кавказ елдерінде қалалар мен керуен жолдарының бойында ежелгі дәуір мен орта ғасырларда, ішінара жаңа дәуірде салынған аялдама, дамылдау орны.

Керуен Сарай тұрғызу ерте заманнан белгілі. Үлкен керуен жолдарының бойында («Ұлыжібекжолы», т.б.) көптеп тұрғызылған. КеруенСарайлар, әсіресе, 7 ғасыр мен 19 ғасырдың аралығында халықаралық байланыс пен сауда-саттықтың дамуы әсерінен маңызды орыналды. Керуен Сарайдың екітүрі: төбесіжабықтұйықаулалыжәнетөбесіашығы бар. ЖабықтүріКавказда (Арменияда) жиікездеседі. Керуен Сарайдың ортасында мал суаты, айналасында жолаушылар жайғасатын қонақ бөлмелер болған.

Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде каланған.

Қала ежелде Ясы деп аталып, оның төңірегі VII-XII ғасырларда Шауғар өңірі ретінде тарихта қалған. Шауғар саяси-экономикалық орталық болды. Кейбір деректер бойынша Ясы ежелгі Шауғардың жанындағы қала болған, ал келесі бір пікір бойынша ол Шауғардың қала-серігі болған.ХІІ ғасырда мұсылмандар үшін қасиетті мекенге айналды

Түркістан — Қазақ хандығының астанасы болды

XVІ ғасырдың соңында Сырдарияның бойындағы қала Сығанақ өзінің бұрынғы маңызын жоғалта бастады. Ал, Түркістан Ахмет Ясауидің әсем де зәулім кесенесінің арқасында Орта Азияның рухани орталығына айналған болатын. 1598-1628 жылдары Есім хан Ясыны Түркістан деп атап, оны Қазақ хандығының орталығы етті. Қазақхандары  XVІІІ ғасырдың соңына дейін билік құрды.

Екінші түрінде көлікті ортадағы тұйық алаңға жайғастырып, бір кейде бірнеше қабатты шағын бөлмелерге жолаушылар орналасатын болған. Кейбір жерлерде  кешенді түрде (дамылдау, қонақ үйі, мешіт, асхана, т.б.) салынған.Керуен Сарайлар көп жағдайда қамал-қорғандармен қоршалып, немесе рабаттар мен ханакаларға жалғастырыла салынған.

Ірі Керуен Сарайлар Қазақстандағы ежелгі ОтырарТаразТүркістанСауран, т.б. қалаларында болған. Сондай Керуен Сарайға әрі қорған-сарайға Жамбыл қаласы жанындағы Ақыртас ескерткішін (археолог Т.К. Бәсенов зерттеген) жатқызуға болады.

Түркістан

Қазақстандағы қала. Түркістан облысының әкімшілік орталығы. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Түркістанда хандар, батырлар мен билер жерленген

Тарихи-мәдени «Әзірет сұлтан» қорық-мұражайының территориясында 164 атақты тұлғалар жерленген. Олар әртүрлі заманда өмір сүрген күллі қазақ халқының игі жақсылары. Кесенеде қазақтың Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан,   Есім хан, Хақназар хан, Тауке хан, Шығай хан, Жәңгір хан, Қанжығалы Бөгенбай, тобықты Мамай, қоңырат Сырғақ жатыр.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *