kznews.kz

Әже, сонда сіздің ата — анаңыз мүлдем болмадыма?

— Неге? Болды. Тек өмірден ерте кетті. Мен де ертеесейдімЕнді мен де…

Жоқ, әже. Олай демеңізші. Әлі ақ жазылыпкетесіз. Сіз бізге ертегі, әңгімені көп айтып едіңіз. Бірақ атаммен қалай танысқаныңызды айтпадыңыз. Соның барлығын асықпай баяндап беріңізші.

— Е, балам! Сен де ескі сандықтың ауызын ашыпЖарайды, қаласаң айтайын:

Күнтізбенің бір парағын тағы жұлдым. 1 шіжелтоқсан. Қыс күн өткен сайын желін үдетіпкеледі. Ғалам жаңарып, адам толысып, күн сырғыпжатыр. Бірақ менің өмірім бәз баяғыша. Ата анамнан ерте айырылғалы бері маған ештеңе мәнсізкөрінген еді. Тіпті болашағым да… Таң атып, түнбатса болды. Әйтпесе тіршілік ағынына қарсыжүзер қауқарым да жоқ… Ал ата анамнан оқушыкезімде айырылдым. Қоңыр күз. Сабақта қамсызойда отырған ұстазыма белгісіз номер телефон соқты. Көңілі бір сәттің ішінде құбылыпкеткендей

Айман!

Ау, апай?

Сенің үйге баруың керек.

Неге?

Білмедім, шақырып жатыр,- деді ішінен бірсырдың басын бүккендей үнсіз қалып.

 Менің жүзімнен күмәннің де, қуанудың  да белгісібайқалмады. Сыныптан шығып, үйге ұмтылажөнелдім. Желе жортып, бір ойым үйге неге ертешақыртып алды деп, енді бір ойым үйге қонақтаркелді ме екен деген сан сауалмен соқтығысып кележатырмын. Ойыммен оралып үйге де жеттім.  

  Айтсам айтқандай-ақ екен. Үйдің сырты толы машина. Үйдің іші толы адам. Мен шақырылмағанқонақтың осынша көп келетін түрі болатын ба едідеген балалық сауалымды өзіме қойдым. Солайшығар. Әйтпесе мұнша адам үйде қайдан жүр? Қонақтардың көптігінен мәз боп үйге кірдім. БірақБірақ күлімдеген жүз менің  ғана бейнемнентабылды. Қалғандарының барлығын да мұңторлаған. Жүздері салыңқы. Көздеріндегі мөлтекжастарын әрең тиып тұр. Не болғанын түсінеремеспін. Кім де болса жауабын анам білер дегеноймен көптің арасынан оны іздей бастадым. Таптым. Бірақ денесін. Жоқ. Денелерін. Анам да әкем де ақ кебінге оранып жатыр. Үнсізбін. Ішімдебелгісіз бір сезім тулап жатыр. Толқыны асаусияқты. Тіпті дес берер емес.  Алайда көзімнен жасшықпады. Керісінше көзімнің жасы ішіме ағыпжатқан секілді. Ыстық жастың жалыны ішімдіәлсін-әлсін шарпып барады.

   Одан кейінгі сәттерім тіпті есімде жоқ. Бәріжалған түстей зу етіп өтіп кеткен сияқты. Келешектағдырыма деген талпынысым тіптен баяу. Жүзімде жүдеуленіп кеткен. Қыс басталғалы нағашымасалмақ салғым келмей жұмыс істеуді қолға алдым. Әйтеуір көңілі бір нәрсеге айналсын деп Ерденнағашым да қарсы бола қоймады.

     Кеш қарая жұмысымды тәмамдап, әдеттегідейжалғыз аяқ жолға түсіп келе жатырмын. Артымнанаяңдай аталарың Аят та ілесіп жетті.

Қараңғы ғой. Қорықпайсың ба?

Жоға, неге қорқуым керек?

Қыз балаға қауіпті. Сені үйіңе жеткізіптастаймын.

Маған бәрібір,- дедім көңілім ештеңегежылымай. Бір кезде үйге де жеттік. Үйге кіріп бара жатыр ем, аталарың мені тоқтатып алып, сезімінбілдірді. «Айман мен сені ұнатамын» дейді. Мен кілт тоқтадым

Сосын, әже?

Сосын сол. Ары қарай махаббат хикаямызбасталды. Үбірлі шүбірлі болдық. Аятым меніңөмірімдегі өшкен шырақты қайта жаққан адам. Мен оны мәңгілік сүйіп өтем…»

Түу, әже. Тебіреніп кеттім ғой. Тура голивудтыңкиноларындай шытырманға толы екен. Енді тезірекаяққа тұрыңыз. Атам сізді үйде күте күтешаршады.

Е, балам. Бір аяғым жерде, бір аяғым көрде. Өмірден өлім жақын уақыт. Аталарыңа қамқорболыңдар, күтіп баптаңдар, бағыңдар!

   Немересінің көзіне тура қараған бойы Айманныңсоңғы демі үзіліп кетті.

Оның өмірден көргені, түйгені көп болды. Міне, Алла берген жасына, тағдырына риза күйі өмірденкетті. Ол бақытты болды, бақытты болмақ. Себебі, мына өмірде жан жарының жанында, келесіөмірде ата анасының қасында болмақ. Тағдырдыңталайы оны әуреге салса да, ол бәріне де көнді, жеңді.

   Қалың ұйқыға кетсе де Айманның жүзінемересіне қараған күйі жымиған бейнеде қалаберді..

                                                  Аружан  ӘЛЖАНОВА,

                                    «Тұран» Университетінің  2 – курс студенті.

                                                          Алматы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *