Құрметті  Меруерт  Қаратайқызы!

Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ өнері мен киносы туралы сөз басталғанда, «Қыз Жібек» фильмін тамсана айтамыз. Кино жарыққа шыққаннан бергі 50 жылдан бері халқыңыздың алдында қазақтың Қыз Жібегі болып, қыздарымыздың арманын жалғап, келіндерге  өнеге, аналарымызға ақылшы құрдас болып өнерге деген адалдық пен парасаттылықты алақаныңызға салып келесіз.

    «Қыз Жібек» фильмі туралы айтылған сәтте: «Қазақ киносының брендіне айналуына және жарты ғасырдан бері экраннан түспей келе жатқаны менің ғана еңюегім емес қой. Фильмнің режиссёрі Сұлтанахмет Қожықов,  сценарийдің авторы Ғабит Мүсірепов , композиторы Нұрғиса Тілендиевтей ағаларымыздың  саф алтындай таза шығармашылығы.  ҚұманТастанбеков, ӘнуарМолдабеков, КененбайҚожабеков, ГүлфайрусЫсмайылова, Фарида Шәріпова, ЫдырысНоғайбаевКәукенКенжетаевСәбира Майқановадай һас шеберлеріміздің тұтас өнері болмаса мен Қыз Жібек болмас едім.  Мемлекеттік сыйлықтың иегері, күні бүгінге дейін қазақ киносының бірегейі Асанәлі Әшімов ағамыздың шеберлігі шексіз» — дейсіз.

Сұлулық, ақыл мен тағлым, ғибратты ғұмырыңызды бүгінгі ғана емес, ертеңгі, одан әрі ғасырларда өмір сүретін қыздарымызға  нәсіп болсын! Жыл өткен сайын жасқа жас қосылады. Тарихи лиро – эпостық жыр, махаббат символына айналған Қыз Жібек –актриса Меруерт Өтекешоваға мықты денсаулық, ұзақ өмір мен шығармашылық табыс тілейміз!

Игі тілек, ізгі ниетпен:

«Farabi  shakirti» журналының оқырмандары

мен редакция журналистері

Кетпейді естен бала кез

Меруерт Қаратайқызы ӨТЕКЕШЕВА,

«Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі»,

«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері:

«Сұлулық пен адалдық әр бойжеткеннен табылсын!»

Меруерт Қаратайқызы  ең алдымен  жүрегі мейірім мен шапағат нұрына бөленген ана. Ардақты әже. Театр сахнасының саңлағы. Кинода ақыл – парасттылығымен, мықтылығы, табандылығымен  қыз – келіншектерге үлгі көрсететін кейіпкер. Күнделікті өмірде ақылшы құрбы, қамқор ұстаз.

Қазақтың Қыз Жібегі дегенімзде отбасын құрып, бірге қырық бес жылға жуық  өмір сүрген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Құман Нұрмағанұлы  Тастанбеков (10 наурыз 1945- 17 желтоқсан 2017) ағамен өткізген өнегелі өмірінің тағлымы өрнектеледі.

М.Қ. Өтекешева  Құрманғазы атындағы Өнер институтында (қазіргі Қазақ Ұлттық консерваториясы)  Халық әртісі Хадиша Бөкееваның класын бітірген. Одан кейін М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театр сахнасындағы алғашқы ролі Ш. Айтматовтың «Құс жолы» повесі бойынша сахналанған «Ана -Жер-Ана» спектакліндегі Әлиман. Киелі сахнада М.Әуезовтың «Қарагөз», «Еңлік Кебек», басқа да оннан астам кейіпкерді сахналады. Өнердегі бойтұмары «Қыз Жібек» фильмінен кейін «Ғани Мұратбаев»,  «Ұлдың оралуы», «Тентек балалар»,  «Хабар» агенттігі түсірген «Жаным» сынды  20-ға  жуық фильмдерде басты ролдерді орындады.

Меруерт Қаратайқызын мерейтойы қарсаңында арнайы құттықтап, игі тілегімізді арнадық.  Елдегі эпидахуалға байланысты өнер майталманымен Online сұхбаттастық. Бүгінде қасиетті сахнаны таңдаған ондаған жастарға ұстаз болып келе жатқан М.Өтекешовамен қыздар тәрбиесі туралы да сөз қозғай кеттік. Балалық шаққа да оралдық.

— Меруерт Қаратайқызы, қайырлы күн! Меретойыңызға ортақтасып, Сізге игі тілектерімізді арнаймыз! Қасиетті сахнаны пір етіп, өнер тазалығын кейінгі жастардың жанына дарытып келесіз. Солардың арасында Қыз Жібек болуды армандайтын қызыдарымыз аз емес қой. Қыздарымыздың жандүнинсінде Жібектің мінезі, ақылы мен парасаттылылығы, сұлулығы бар ма?

—«Қыз  Жібек» болуды армандап, оған еліктеудің өзі қыздарымыздың парасаттылығы деп білемін. Қыздарымыз сұлу, инабатты, мейірімді, махаббатқа адал болуы үшін фильмді бірнеше рет көруі керек. Тарихи дастанды жалықпай оқыса, артық болмайды. Баян, Еңлік, Жібек бейнелері мәңгі жас күйінде ғасырлар еншісінде қалғанымен, бүгінгі бойжетіп келе жатқан қыздарымызға берер өнегесі – тұтас ұлттық тәрбиені қамтиды. Жібектер өмір сүрген ғасырда қыздарымыз табиғи сұлу болған ғой!

Байқаймын, өсіп келе жатқан қыздарымыз косметикалық бояуларға тым әуес. Қыз – келіншектеріміз де жасанды сұлулыққа құмартып, беті және шашымен алысуда. Яғни, түрлі түске бояйды, шашын неше түрлі етіп кескенді сән санайды. Бәлкім, қазір адам өміріне қажетті барлық нәрсе түр — түрімен болған соң да, қыздарымыз  ұлттық менталитемізге жат косметиканы шамадан тыс жағып, біздің көзімізге оғаш көрінетін киімдерді пайдалануда. Қыздар туралы аналық, әже ретіндегі пікірімді айта отыра, олардың кемшілігін көрсетсем деймін. Бүгінде шашы ұзын қыздарымыз бар, бірақ сол бойжеткендердің шашын өріп, әдемілеп түйіп қоюдың орнына жайып жіберіп желп – желп етіп жүргені мүлде ұнамайды. Көшеде, қоғамдық көлікте шаштары үзіліп жерге түссе, әркімнің аяғында тапталады, біреу жұлып кетеді. Біреу: «Шашыңды жина» деп ұрсады.

Иә, «Қыз Жібек» фильмінде Төлегеннің қазасын естіген Жібек шарасыздан шашын жайып жібереді. Жеңгелерінің айтқанына, жұбатқанына көнбейді. Ол менің фильмдегі кейіпкерім.

— Сұлулық жауһары атанған Қыз Жібекті жасөспірімдер, бойжеткендерімізден өзіміз байқай бермейміз. Сіздің кейіпкеріңіздің парасаттылығы бар ма, қазіргі қыздарымызда.

—Қыз бала тәрбиесінде ананың, ұстаздың алатын орны ерекше. Әр қыз бала табиғи әдемілілігін сақтай отырып, көркіне ақылы  сай болуға өзін тәрбиелегені жөн. Жасанды сұлулықтан, жасанды қылықтан аулақ жүргені абзал. Бүгінгі қыздарымыз – ертеңгі отана. Оның кез келгені тұрмысқа шығып, бала тәрбиелейді. Отбасының ұйтқысы, ата – енені сыйлайтын келін, отағасын қадірлейтін жар атанады. Бар уақытын үй шаруасына арнаудың орнына уақытының көбін бетін әрлеуге жұмсаса, міне отбасындағы кикілжің осы тұста басталады. Ұрыс —  керіс көбейеді. Ерлі  — зайыптылар бірінің алдында бірінің сыйын кетіреді. Кесірі балаға тиеді. Рас, бүгінгінің жастары батысқа көп еліктейді. Әрине, батыстың жақсылырын, ұтымды тұстарын, жаңа заманға лайық білімін алуға ұмтылу қажет. Десе де, ана тілімізді, ұлттық тәрбиені, салт пен дәстүрді жадынан шығаруға болмайды. Біздің артықшылығымызда осы аталған қаситемізде. Адам бойындағы айнымас қасиеттердің бірі – адамгершілік. Бізді ата – анамыз инабаттылыққа, тәкаппар болмауға, бір – бірімізді қорғауға, сыйлауға үйретті.

— Фильмдегі Қыз Жібек пен Төлеген (Құман Тастанбеков ағамыз) өмірде отасып, ұзақ ғұмыр кешті. Өрімдей Жібек ана атанды,сүйкімді әже, өнер ордасында ұстаз. «Қыз Жібек» бала кезде қандай қыз болды екен?

—Әкеміздің қызмет бабымен Орал қаласынан Алматыға қоныс аудардық. Қаладығ №66 мектепте білім алдым. Отбасында жеті ағайынды едік… Үйге қонақ көп келетін. Анамның дастарханы жиналмайтын. Анамызға қолғабыс етеміз. Сабақтан келген соң, үй тапсырмасын орындаймыз. Үй жинау, су тасу, ыдыс — аяқ жуу, тамақ пісіруге көмектесуді ұл — қыз деп бөлінбей, кезектесіп істейтінбіз.  Бірімізге біріміз қамқор болатынбыз. Қуыршақты қолдан жасап алатынбыз. Бес тас ойнайтынбыз. Әдемі тастарды жинап алатынбыз. Балалардың ең жақсы көретін тағамы пицца болатын. Қандай деп қазіргі оқырман таң қалуы мүмкін!? Анам пісірген нанның бетіне май жағып, үстіне құм шекер себетінбіз. )):

Шашым жастайымнан ұзын болып өсті. Жас кезімде қиып, келтелеуге тырыспадым. Мектепте оқып жүргенімде «Оқушылар» сарайында өтетін  көркем гимнастика үйірмесіне қатыстым. Коньки тебемін. Ән сабағы – вокалға бардым. «Қыз Жібектің» роліне таңдалуыма өнер үйірмесінің пайдасы көп болды. Жібектің роліне кастинг өткізілді. Ұмытпасам, 500 — ге жуық қыз қатысты деген. Солардың ішінен Жібектің роліне таңдалғаным әрине, бақыт! Ал, Төлеген ролі ше деген сұрақ тууы мүмкін. Білуімше, оған таңдау ұзақ болмады. Құман Нұрмағанұлы ағалырың бірден бекітілді.

— Меруерт Қаратайқызы, қыздарыңыз анасындай өнер жолын таңдады ма?

—Жібек, Томирис есімді екі қызымыз бар. Тұңғышымыз Жібек жоғары білімді. Бірнеше тіл біледі. Қазақстандық телеарналарда бірнеше жыл қатарынан жүргізуші – диктор болды. Тұрмыс құрды. Қазір төрт баланың анасы. Мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Кенже қызымыздың өз таңдауына қарсы болмадық. Дегенмен де әнге жақын. Сәті түссе, шығармашылыққа ауысар деген ниеттемін.

— Меруерт Қаратайқызы, біздің сұхбатымыздың сәті түскеніне қуаныштымыз! Оқырмандарымызға деген Ақ батаңыз бен игі тілегіңізді арнауды сұраймыз.

—Қыздарымыз қылықты, ұлдарымыз ұлықты болсын! Қалаған мамандығын таңдап, еңбегіңнің жемісін көрсін. Ата – анасының қартайғанда сүйеніші бола білсін!

—Уақыт бөліп, әңгімелескеніңізге көп рақмет! Қашанда амандықпен жүздесейік!

 

  А.Айтбаева, ардагер журналист.

Ж.Кучукова

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *