БАЛНҰР!

Қаңтар айының алғашқы таңы әлемге бар шуағын шашып, нұрлана атты. Күн нұрындай біздің отбасын шаттыққа бөлеген жыл басының 1- күні дүниеге келуіңмен шын жүректен құттықтаймыз!

Сүйікті немерелеріміздің бірісің! Өзің білім алып келе жатқан Қарасай ауданына қарасты Іргелі ауылы Л. Толстой атындағы мектептің алдыңғы қатарлы оқушысысың. Өзіңнің 3 – сыныбыңдағы  құрбыларыңның алды болып, сабағыңды  «Үздік» оқып келесің. Сендей шәкірттерімен ұстаздарың да мақтанады. Көктегі   ақ ұлпа бұлттардай  көңілің гүлдей жайнасын!


Балнұртай! Саған мықты денсаулық, ұзақ  ғұмыр тілейміз! Кішкентай болсаң да армандарың бар. Болашақта ойыңа алған әр арманың орындалып, мақсатыңа жетуіңе тілектеспіз!

Үнемі сенің тілеуіңді тілеп, әр қадамыңа сүйсінетін, саған демеу болып, қолдау көрсететін жақындарың аман болсын!

 


Сені жанындай жақсы көретін:
Ата-әжең, әпкелерің мен інілерің.

 

Алматы облысы,

Жамбыл ауданы,

Аққайнар ауылы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *