«Қазақстан – 2030» стратегиясын қабылдадық. Шығыстағы көршімізбен шекарамызды бекіттік. Басқа да іргелес мемлекеттермен шекара жөніндегі келіссөздер қарқынды жүргізіле бастады. Ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. Нарықтық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Отандық бизнестің негізін қаладық. Жастар әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім ала бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді.»

                                   Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев:

                                                    «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2021 жылғы 5 қаңтарда «Егемен Қазақстан»республикалық газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы аясында «Ақтоғай» орта мектебінде «Семей полигонының жабылуына 30жыл» толуына орай «Ядролық қарусыз әлем» атты көрме жасалып, оқушыларға таныстырылды.

Көрменің мақсаты : Оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәлімет беру. Қоршаған ортаның  ластануы тіршілік иелеріне зиян келтіретінін айтып,келешекте табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы түсінік беру.

Мектеп кітапханасында даталы күндер мен мерекелік  күндерге байланысты көптеген көрмелер жасалып тұрады.

Зейнеткер ұстаз сыйы

Мұғалім – мектептің жүрегі. Мұғалім – мектеп  үшін жаралған, бар ғұмырын балаға арнаған жан.Шәкіртінің қабілет дарынын ашу, келешекке жетелеу — әрбір ұстаздың мейірлі де, мерейлі ісі. Шәкірт жүрегіне жол таба білу екінің бірінің қолынан келмесі анық. Бала бойындағы қабілетті ұштап, шәкірттердің сүйікті ұстазы болған  жанның бірі, ардақты ана, көптеген шәкірттеріміздің алғашқы ұстазы, «Ақтоғай» орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып,қазіргі уақытта зейнетке шыққан Өтешова Айжан апайымыз .

«Ұстаз» атты ұлы есім қашанда кісілік келбеті жоғары сан мыңдаған шәкірттерге үлгі — өнеге, білім — тәрбие беретін, ізгілік нәрін төгетін ерен еңбектің иелері. Қай қоғамда да ұстаз құрметті орындардың төрінен табылады. Осындай құрметті мамандықтың иесі болып, ұлағатты ұстазға тән үлгі көрсеткен, талай шәкірттердің жүрегінен орын алып, тәлімді тәрбие берген зейнеткер ұстазымыз Айжан апай мектеп кітапханасына кітаптар мен дисклерді сыйға берді. Зейнеткер ұстазымыз өз кітаптарын сыйлау арқылы кітапхана қорын молайтуға ұйытқы болды.

 

М.ОШАҚБАЕВА,

  «Ақтоғай» орта мектебінің кітапхана меңгерушісі.

 Жамбыл облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *