«Еліміздің тірегі-білімді ұрпақ!»

Н.Ә. НАЗАРБАЕВ,

                                                                           Елбасы. Ұлт көшбасшысы

Биылғы жыл карантиндік ережеге байланысты  білім саласында өзгерістер болып, 2020 жылғы 17 сәуір  №149 бұйрық, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің 2008 жылғы18 наурыздағы №125 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бұйрығын негізге ала отырып, өткен оқу жылының наурыз айынан бастап, қашықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім беру шеңберінде жұмыс атқарды.

2019-2020 оқу жылындағы атқарылған іс шараларды қорытындылап, талдай отырып,

— Мұғалім  компьютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет екендігі,

— Қашықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі,

— Мұғалімнің ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы,

— Оқу үрдісін қашықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлану, қашықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет екендігі анықталды.

Сондықтан 2020-2021 оқу жылындағы  мектептің өзекті мәселесі:  «Білім платформалары арқылы мұғалімнің   кәсіби шығармашылығын жандандырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, білім сапасын арттыру» деп алып,  мұғалімдерге ақпараттық онлайн платформалар арқылы, қашықтан білім алушыларға сапалы білім бере отырып, бүгінгі өзгермелі қоғамға сай құзіретті тұлға тәрбиелеу мақсатында жұмысты ұйымдастыра бастадық .

Қашықтан онлайн оқуды ұйымдастыруда, қиыншылықтар  мен кедергілерді анықтауда мақсатында, зерделеу жұмыстары,  сауалнамалар алынып,  рейд жасау нәтижесінде  168 оқушыға  ақпараттық ресурстар, оқу құралдары  жеткіліксіз екендігі анықталды. Ол мектеп оқушыларының  31 пайызын құрады.  Қашықтан оқытудағы мұғалім, оқушы, ата-аналар арасындағы кедергілерді анықтай отырып төмендегідей SWOT талдау жасалынды.

Қашықтан оқудың «Қауіпті» тұстары: Әлемдік білім беру стандартына ілеспеу, заман көшіне ере алмау, оқушы мен мұғалімнің денсаулығына кері әсері, көптеген қауіпті сайттардың қолжетімділігі т.б.с.сҚашықтан оқудың  «Әлсіз» тұстары: интернет желісінің төмендігі, қолжетімсіздігі, толыққанды қашықтан оқыту туралы айту үшін, оқу орындарында және оқушының үйінде де жақсы техникалық және программалық құралдар болуы тиіс, кабинеттер компьютерлермен толық қамтамасыз етілуі керек; мультимедиялықбағдарламалармен жабдықталуы керек, халықтың әлеуметтік жағдайдың төмендігі, т.б.с.с.

Қашықтан оқудың «Жағымды» тұстары: Ақпараттық мәдениетінің дамуы, жаңа мәлімет,қызығушылық, логикалық ойлауды дамыту,

барлық дереккөздердің сақталуы, уақытты ұтымды пайдалану, білім порталдарынан түрлі қызықты ақпараттар алу,  т.с.с.

Қашықтан оқудың «Мүмкіндіктері»: Ақпараттық құрылғыларын меңгеруге, іс-тәжірибені таратуға, шығармашылығын шыңдауға, баласының білімін бақылап отыруға, ауыл мен қала баласының тең дәрежеде білім алуына мүмкіндік бар;

Мектебімізде 60 мұғалім, педагог зерттеуші- 2, педагог сарапшы-11, педагог модератор-20, жоғары санатты-5, бірінші-2, екінші санатты — 4, санаты жоқ — 16 мұғалім, 4-жас маман бар.   Білім платформаларымен  жұмыс жасау үшін мұғалімдерге жаппай әдістемелік көмек көрсету қажеттігі туындады. Тәжірибелі ұстаздардан «мобильді топ», деңгейлік курс бітірген ұстаздардан «сыншы топ»  құрылып, мұғалімдер үшін семинарлар мен онлайн курстар, вебинарлар, видео сабақтар, презентациялар ұйымдастырылды.

Сондай ақ  700 оқушының 399 оқушысы Әли ауылынан бөлек сегіз саяжайдан, оның ішінде Талғар ауданының саяжайларыннан қатынап оқиды.  Сол саяжайда тұратын оқушыларға интернет желісінің жетіспеуі, кей жерлерде тіпті жоқ екені анықталды. (карта)

Қашықтан оқытудың жаңа технологиясына көшу ұзақ уақыт алады. Дегенмен ауыл демеушілері, еріктілер,  ұстаздар, білім бөлімі, әкімшілік тарапынан біршама әлеуметтік көмек беру шаралары ұйымдастырылып, 121 оқушыға, соның ішінде 7 смартфон, 11- модемроутер, 6 ноутбук, 15 планшет, 10 компьютер, 26 оқушыға кеңсе тауарлары алынып, 27 отбасыға Қазақ телекоммен келісімге келе отырып  сымсыз интернет қойылуына ықпал еттік. Аса көмек қажет етіп отырған, 168 оқушының 121 не, яғни 72 пайыз көмек көрсетілді.

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру барысында ата-аналарға да әдістемелік, психологиялық көмек ұйымдастырылды. Мектеп әкімшілігі мен психологтар тарапынан  23 ата анаға, 36 оқушыға  жекелеген кеңестер, сынып жетекшілерге 12  видео сабақтар, Ата-аналар үшін 28 видеороликтер, сыныптарға деңгейіне қарай 54 видеороликтер көрсетіліп, гугл меет және зууммен  әңгіме сұхбат жасалды.Өздеріңізге белгілі  сыныптан тыс жұмысының  ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді.

Тәрбие жұмысы бойынша дәстүрлі мерекелерге арналған сыныптан тыс жұмыстар, онлайн сынып сағаттары,онлайн форматта байқаулар, кездесулер өткізілуде. Атап айтсам, 7 ә сыныбы, сынып жетекшісі Г.Кабаева қоғам қайраткері, Кенен Әзірбаевтың қызы ардагер ұстаз Төрткен Кененқызымен, 9 а сыныбы, сынып жетекшісі И.Сарсенбаева Өтеген батыр округі, қоғамдық кеңес төрағасы, ардагер ұстаз Мақсат Сейдаліұлымен, 11 А және 11 Ә сынып оқушылары  осы мектепте 18 жыл директорлық қызмет атқарған, ардагер ұстаз Баян Найманбаевамен «Өмірі өнегеге толы жан» тақырыбында онлайн кездесу сағаттарын ұйымдастырды. Құқық бұзушылықтың  және жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу мақсатында мектеп инспекторы Думан Тұрлыбековпен ата-аналармен және 8-10 сынып оқушыларымен онлайн кездесу өткізілді. Діни экстремизге қарсы «Терроризмге жол жоқ!», Рәміздер онкүндігі қарсаңында «Менің Отаным Қазақстан!», сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті!» тақырыбында онлайн сурет байқаулары және «Отбасы-бақыт мекені» апталығы аясында  «Бақытты отбасы» сайысы және «Бақытты балалық шақ» коллаж байқауы өткізіліп, орын берілді. Абайдың 175 жылдығына орай бастауыш сыныптар арасында «Абайдың қара сөздерінен» даналық сөздер байқауы және музыка пәнінің мұғалімі Майра Сағындықованың бастамасымен «Көзімнің қарасы» атты Абай әндерінен онлайн байқау, Нұрғиса Тлендиевтің 95 жылдығына Нұрғиса әндерінен онлайн фестиваль ұйымдастырылды.

Мектебіміз дәуір тарланы Тұрғанбек Қатаевтың атында екенін, сол кісі осы өңірде туып, осы мектептің түлегі болғанын мақтанышпен айта отырып, наурыз айында мектеп ауласына Қатаевтың ескерткішінің қойылуы, мектепте Қатаев мұражайының ашылуы Тұрғанбек Қатаұлының өлшеусіз еңбегіне деген құрмет деп білеміз.

Салтанат ҚҰРМАНӘЛІҚЫҚЫ,

№22 Т. Қатаев атындағы мектеп директоры

Алматы облысы, Іле ауданы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *