Есімі ерек нар тұлға

 (Әбу Насыр Әл-Фарабиге арнау)

Көкжиектей шексіздіктің қалпында,

Даналығы көпке үлгі нар тұлға.

Меруерттей терең ойлар діңгегі,

Құны өлшеусіз, тең келмейтін алтынға.

Үйір болып сан ғылымға жас күні,

Ғасырлардан жеткен құнды дәстүрі.

Әділдіктің ақ жолына жығылған,

Түркі ішінде ойшылдардың мәшһүрі.

Ұрпағына жол сілтеген сындарлы,

Ғылым іздеп өткерді сан жылдарды,

Әл-Фараби ұлы атаққа лайықты,

Көк түркілер ұмыт қылмас бұл жанды.

Қызмет қып мәңгі нұрға сөнбеген,

Ұмтылыспен биіктерге өрлеген.

Жан бабамыз — ақыл-ойдың бұлағы,

Біз — ұрпақпыз білім іздеп шөлдеген.

Аманатын болашаққа жалғаған,

Ғылым үшін бар зейінін арнаған.

Сол заманның ғалымдары ішінде,

Фарабиге тең келері болмаған.

Зерделеген ғылымның сан саласын,

Хикметінен мол ғибрат аласың.

Алтын көпір біздің ұлы бабамыз

Жалғап тұрған Батыс-Шығыс арасын.

Бар жаһанға шуақ болып таралған,

Күллі әлемде «Екінші ұстаз» саналған.

Отырардан түлеп ұшқан Фараби,

Ұлы қазақ топырағынан нәр алған.

Бойға сіңген құдіреті қаламның,

Ол-ұрпағы қасиетті даламның.

Мың жыл бірге өмір сүрген халықпен,

Есімі ерек Фарабидей бабамның!

Дана АМАНГЕЛДІ

Атырау облысы

Исатай ауданы

Исатай ауылы

Исатай орта мектебінің

10- сынып оқушысы

 

 Абайға арнау

Ақындар көп аңсаған азат таңын,

Бұрындары сезді ме ұрпақ халін?

Абай атам, уағында ойлап кеткен,

Екі ғасыр бұрын – ақ қазақ қамын.

Әр өлеңі шариғат, құранға бай,

Бұдан қалай өтесің тәлім алмай.

Абайдың әрбір сөзі дәл мен үшін,

Таудың биік беткейіғ шынарлардай.

Бұл ғасыр ғарыш ойлы боп келеді,

Әр жыры шоқ кеудеме от береді.

Қар сөзін көре алмай қалсақ – дағы,

Қара сөзің ғибратымыз боп келеді.

Қазақ десе, түсесің сен – Абай атам,

Саған ғана арналды осы жылым.

175 жыл болыпты туғаныңа,

Құтты болсын, мерейтойың қазағым.

Іңкәр  ӘБДІСЕРІК,

11 – сынып оқушысы.

Ескі Шілік ауылы.

Отырар ауданы, Түркістан облысы

 

Ескерткіші гүл шоғын тағынады

 

Сөз әлемі Абаймен мағыналы,

Абай айтқан ақылға бағынады.

Ескерткіші гүл шоғын тағынады,

Рухына бас иген ұрпағы оны сағынады.

Дара сөз, даналықпен жалғанда,

Жақынырақ көрінеді заңғарлар да.

Абайдың әр сөзінде биіктік бар,

Санаға құйып алар аңғарғандар.

Тіліңде ұлылық бар, мақтан бүгін,

Әлемде  Абай болып сақталды үнің!

Бір ақын өлең жазса, ұмытпасын,

Абай,а есеп беріп жатқандығын.

Қара сөзден қара өлең құрастырып,

Ақылмен білімді ұштастырып.

Әр жерде  үшін ұрпағыңа,

Қалдырып кетпсің – ау, тұтас ғылым.

Жанель  СЕРИМБЕТОВА,

Ә.Байсалбаев атындағы мектеп.

Тұрар ауылы, Қарасай ауданы,

Алматы облысы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *