11 жасар оқушы IQ жағынан Эйнштейн мен Хокингті басып озды
Фото: unsplash.com / JESHOOTS.COM04.08.2023 09:08141
Ұлыбританияда 11 жастағы оқушы IQ тестінен 162 ұпай жинап, данышпандар клубына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлыбританияда оқушы IQ тест тапсырып, соның қорытындысы бойынша Альберт Эйнштейн мен Стивен Хокингтен асып түсті. Енді ол Mensa жас данышпандар клубының мүшесі атанды.
11 жастағы Эдриан Ли Гонконгтан Лондонға 2022 жылы қоныс аударған. Mensa вундеркиндтер клубының IQ тестінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинап, әлемдегі ең білімді бір процент адамның қатарына енді. Эйнштейн мен Хокинг 160 ұпай жинаса, Лидің көрсеткіші 162 ұпайды құраған.
148 ұпай жинап, Mensa IQ қоғамдастығының мүшелігін алуды ғана ойлағанмын. 160 ұпай жинаймын деген ой болған да жоқ. Өзім де таңғалдым, — деді жасөспірім.
Ли әлемдегі үздік дәрігер атануды қалайды. Ол кардиологияға қызығады екен.
Одан бөлек Эдриан жасөспірімдерге арналған Ежелгі Рим туралы роман жазып жүр. Ол бұл туындысы 2023 жылғы күзде жарық көреді деп үміттенеді.