16 жасқа дейін әлеуметтік желіге жол жоқ!

ТОҚАЕВ Қасым-Жомарт Кемелұлы,

Қазақстан  Республикасының  Президенті:

«Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінің бастауында тұр. Себебі әлеуметтік желі адамның ойлау (танымдық) қабілетіне зор зиян келтіріп жатыр. Жасы қырыққа жетсе де, білімі мен ой-өрісі он бес жастағы жасөспірімдер деңгейінде қалып қойған азаматтарды қазірдің өзінде кездестіруге болады. Қоғамымыз жеңіл-желпі жаңалық оқып, бейнежазба көрумен шектелмей, мән-мағынасы терең ақпараттың да қадірін білгені дұрыс».

(Мемлекет басшысының  «Түркістан» газетіне берген сұхбатынан: 5 қаңтар, 2026 жыл).

Балалар әлеуметтік желіге кіре алмауы мүмкін. Қазақстан Республикасы  премьер министрдің орынбасары – Мәдениет жіне ақпарат министрі Аида Балаеваның сөзінше, жаңа заң жобасында  16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желілерге, яғни  Tik Tok, Instagram секілді платформаларға тіркелуіне тыйым салу қарастырылған. Бұл жаңа заң – балалар психикасын қорғау ма, әлде құқықты шектеу ме?

XXI ғасырда телефонсыз, әсіресе әлеуметтік желісіз әр күнімізді елестету қиын. Балалар үшін ең бастысы – ата-аналарымен ватсап желілері арқылы сөйлесу маңызды. Күнделікті сабаққа дайындалу, үй тапсырмасын орындауда телефоннві пайдасы бар. Дегенмен, жоғары билік өкілдерінің де, ғалымдардың да бұл жөнінде өз ұстанымы бар. Статистикаға сүйенсек, балалар 5 — жастан бастап интернеттен жеке парақша аша бастайды. Ал 8-12 жастағы балалардың 66 пайызы өз аккаунттарын белсенді жүргізеді. Бұл жағдай балалардың интернетке тәуелділікке, психологиялық әсерге, кибербуллингке ерте ұшырауына әкеп соғады. Ашығын айтқанда, ата-аналардың 20 пайызы балаларымен  интернет қауіпсіздігі мәселесін талқыламайды, әрі оны қадағаламайды. Әйтседе, елімізде мектептерде смартфонды қолданбау, жинап алу соңғы уақытта жиі көрініс табуда. Алайда, бұл оқушыларды әр ауысым кезіндегі сабақ барысында баланы уақытша телефоннан шектеу ғана.

Баланың назары – шектеулі ресурс, Егер ол телефонға автоматты түрде бағытталса, басқа ойлау үдерістері әлсірейді. Бұл компьютердің жедел жадысына ұқсайды мысалы: ауыр бағдарлама іске қосылса, қалғанның бәрі баяулайды. Осы себепті баланы әлеуметтік желіде уақытша шектеу дұрыс шешім деп көпшілік  қауым қабылдап отыр. Әлеуметтік желінің ақ пен қараcын ажыратып, оны дұрыс қолдана білу өзімізден басталады.

Осы тұрғыдан алғанда, қоғам үшін кітап, газет-журнал оқу аса маңызды. Себебі психологтардың айтуынша, ересектер арасында ойлау қабілеті жасөспірім деңгейінде қалып қойған адамдар жиі кездеседі. Ал жасөспірімдер арасында әлеуметтік желіге тәуелді болып, соның салдарынан психологиялық ауытқуға ұшырағандардың саны артып келеді. Осы жағдайды ескере отырып, әлеуметтік желіге шектеу қойып, әдеби кітап оқуды әдетке айналдыру — өмірімізге пайдасы зор қадам. Газет-журнал оқу арқылы сыни ойлауды бала кезден қалыптастыру қажет.

Қорытындылай келе, жаңа заң — қоғам мен ата -ана үшін үлкен мүмкіндік. Кейде уақытша шектеу қою — бала құқықғын бұзу емес, бала болашағын қорғау. Бала бос уақытында кітап оқыту білімін шыңдау, спорт пен шығармашылыққа бағыттау — саналы, білімді  ұрпақ тәрбилеудің жолы. «Тәртіпке бағынған  құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген батыр Бауыржан Момышұлы. Саналы ұрпақ – ел болашағы. Ал сол ұрпақтың қалыптасуына  бүгінгі қабалдап жатқан заңға тікелей байланысты.

МАМАНОВА  Мадина,

Алматы қаласы,

 «172 мектеп – гимназиясының» 11 сынып оқушысы.

Дереккөз:https://aikyn.kz//ministrlik-16-zhask-a-tolmag-an-balalardy—leumettik-zhelilerde-tirkeuine-tyyym-salmak

сурет:chrysaliskids.com