4 жасар математик аудан әкімінің қабылдауында болды

Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай әлеуметтік желі арқылы бүкіл елге танылып үлгерген 4 жасар математик Ислам Қанатбекұлын қабылдады.
Жас математик есепке жүйрік қасиетімен көпшілікті таңдай қақтырды. Қазнетте тарағанвидео 1 күн үшінде миллиондаған қаралымжинады. Ол ондық пен мыңдықтарды еркін алып-қоса алады.
Бұған қолдау білдірген аудан басшысыризашылығын жеткізіп, өз атынан Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.