5G мобильді интернет байланысы. Бұл қандай технология және ол әлем дамуына қалай ықпал етеді?

5G желісі 4G-ден 100 есе жылдам

Сарапшылар алдағы он жылда әлемде 5G технологиясы қарқынды түрде дамып, барлық салада қолданылатынын айтады. Сондай-ақ, елімізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясын­да 5G технологиясын енгізу жос­пар­ланған. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 5G пилоттық жобасы іске асырылып жатыр.

Әлемдік алпауыт компаниялар өз елдерінде 5G желілерінің құрылысын орнатып жатыр. 5G-дің басқа байланыс желілерінен қандай айырмасы бар технологияның адамзатқа берер мүмкіндіктері қандай? Informburo.kz осы сұрақтарғажауапіздеді.

5G қандай технология?

5G жүйесі – мобильді интернет байланыстың өте жоғары жылдамдыққа ие келесі деңгейі. Бұл жүйе 4G-ден ең кем дегенде 100 есе жылдам. Смартфон немесе компьютер 5G-ге қосылса фильмдерді санаулы секундта жүктеп алуға болады. Бұл желіні жасанды интеллекті дамытуда, бағдаршамдарға, тіпті иттің қарғыбауына да қосып, қажетті мәліметті алып немесе жолдауға, жүргізушісіз көлікті қашықтықтан басқару мақатында болады. Айта берсе, 5G-дің мүмкіндігі көп.

5G желілерін дамыту операторлардың жұмысын ғана емес, сонымен бірге бүкіл салаларды түрлендіруге ықпал етеді. Мұндай байланыстың арқасында жүргізушісіз басқарылатын автомобильдерді көптеп шығару мүмкін болмақ. Сонымен қатар, технология қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді және «Ақылды қалалардың» интеллектуалды басқаруының арқасында адамдардың күнделікті өмірін айтарлықтай өзгертеді.

Өндірістік сала мамандарының айтуынша, кәсіпорындардың бәріне бейнекамералар орнатқан соң 5G көмегімен өте көп көлемдегі деректерді тез жинауға және талдауға болады.

5G тұтынушылар үшін де, корпоративтік сектор үшін де ұялы байланыс инфрақұрылымын айтарлықтай жақсартады. Цифрлық трансформацияға бағытталған экономиканың барлық саласында жасанды интеллект, бұлтты, есептеуіш және басқа жаңа технологиялармен кезең-кезеңімен интеграциялауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 5G жылдамдықтан бөлек 4G-ге қарағанда айтарлықтай жоғары сыйымдылыққа ие. Бұл желіге құрылғылардың көптеп қосылуына мүмкіндік береді.

5G салаларға қалай әсер етеді?

Жүргізушісіз автокөліктер саласында үлкен жылдамдықта сигналдың қауіпті кідірісін жоюға, өнеркәсіпте роботтардың тез әрекет етуіне, ауыл шаруашылығында қашықтан басқару, егістік пен мал санына мониторинг жасау, білім саласында VR-трансляциясы арқылы білім беру, қарым-қатынас орнатуда интерактивті виртуалды шындық көмегімен адамдар қашықтан сол жерде отырғандай байланыса алады.

Сондай-ақ, сапалы видеолармен сымсыз жылдам алмасу (4К,8К) және шараларды VR әсерімен трансляциялау мүмкін болмақ.

Ақылды қалаларды дамыту

5G – бұл айтарлықтай жетілдірілген және бүкіл әлем бойынша сенімді байланыс орнатуға мүмкіндік беретін платформа. 5G-дің жоғары жылдамдығы мен сыйымдылығы деректерді екі немесе одан да көп нүктелер арасында нақты уақыт ішінде тасымалдауға мүмкіндік береді.

5G – ақылды қала тұжырымдамаларының негізі. Қала өмірін цифрлық түрлендіру бірнеше аймақта қазірдің өзінде жүріп жатыр.

Мысалы, Барселонада сенсорлы хабаршылары бар тұрақ орындары жүргізушілерді бос орындарға бағыттайтын қосымшалармен байланыстырылған. Стокгольм, Амстердам, Копенгаген сияқты қалаларда ақылды қала тұжырымдамасын жүзеге асыруға арналған жобалар іске қосылуда.

Huawei 5G үшін «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясында жұмыс істеуге арналған үш негізгі элементтен тұратын концепция әзірледі:

  • қалалық жерлерде орналасқан 5G-ге негізделген интеллектуалды желіні құру;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мәліметтерін жинау және біріктіру;
  • алған білімді күнделікті өмірге лайықтау. Мысалы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметін түрлендіру және проблемаларды нақты уақыт режимінде шешу, өндірісті қашықтықтан басқару және т.б.

Технология қалай дамиды?

Huawei төрағасы Го Пин 5G коммерциялық табысқа жетуі үшін барлық сала бірге жұмыс істеуі керек деп есептейді. Осы мақсатта компания «Цифрлық технологиялар мен архетиптер – ел экономикасының цифрлық моделі» атты зерттеу жүргізген.

«Алдағы онжылдықта 5G түрлі салада басымдыққа ие болады. Телекоммуникация саласындақарқындыдамудыңжаңакезеңінбастайды. Алғақадам баса отырыпбірқатарқиындықтардыжеңуге тура келедіжәнеәрқадамүзілісті, өзгерістіқажететеді. Ал нәтижесітаңқаларлықтайболмақ. Тасымалдаушылармен, корпоративтіклиенттерменжәнесалалықсеріктестерменинновациялардыңшекараларынкеңейтужәнеадамдардыңөмірінжақсартуүшінсеріктесболуғадайынбыз»,– дедіГоПин.

Бесінші буын технологиясын жасау мен енгізу бойынша әлемде көшбасшыға айналған Қытайда 5G индустриясы өте жоғары қарқынмен дамуда. Тек бір жылдың ішінде Қытайдың 300-ден астам қаласында 600 000-нан астам базалық станция іске қосылған. 5G қолданушылар саны 110 миллионнан асқан. Бір абоненттің трафикті ай сайын қолдану көрсеткіштері 4G-ге қарағанда екі есеге артқан.

Қытайда 5G-дің қарқынды дамуы бүкіл әлемдегі 5G индустриясының танымал болуы мен қарқынды дамуына үлкен әсер етті. 2019 жылдан бері 5G коммерциялық мақсатта қолданыла бастағалы адам сенгізісіз жылдамдықпен өсіп жатыр. 5G желілерінде 130 миллионнан астам қолданушы бар. 5G байланысын қазірдің өзінде ең танымал смартфондардың соңғы буындары қолдайды. Өзіңіз көріп отырғандай, 5G даму қарқыны бойынша алдыңғы буындардың коммуникациялық технологияларын басып озды және 3G мен 4G-ге қарағанда адам өміріне тез енеді.

Барлық сала 5G-ді қолдауы керек

HD видео, бастапқы деңгейдегі VR және AR сияқты қызметтер шамамен 100 Мбит/с жылдамдықты талап етеді. Жасанды интеллект базасында адамды тану және өндірістік көру технологиясын енгізілсе бір пайдаланушыға 300 Мбит/с астам канал қажет болады. 3D, AI және кеңістікті тануды дамытқан кезде талаптар 1 Гбит/с жетеді. Сол себепті салаларды автоматтандыру және интелектуализациялау үшін 1 Гбит/с жылдамдықты қамтамасыз ету міндеті тұр. Мұндай көрсеткішке жету үшін әртүрлі диапазондарды тиімді қолдану керек. Жақын 3-5 жылда  жиілік диапазондары 5G үшін қолданылады.

5G желілерінің одан әрі дамуын және оны қолданушылар санының өсуін қамтамасыз ету үшін байланыс операторларына 5G желісінің ең тиімді инфрақұрылымын құру қажет. Қолданушылар барлық жерде 5G қызметіне қосыла алуы үшін халық тығыз қоныстанған аудандарды да, қала маңын да, үй-жайларды да, ауыл-аймақты да қамту керек. Сонымен қатар, тасымалдаушылар өз абоненттеріне үнемі жоғары сапалы қызмет көрсету үшін 5G байланысын жақсартуы қажет.

AR, VR және 5G

AR ағылшын тілінен аударғанда «қосалқы шындық» деген мағына береді. AR дегеніміз  – қоршаған ортаны толықтырып жақсарту үшін ақпаратты компьютерлік бағдарламалардың көмегімен өңдеу. VR – виртуалды шындық.

Интернет жылдамдығы артқан сайын әлеуметтік желілерде контенттің жаңа форматтары пайда болып жатыр. Snapchat, Instagram-да видеомаскалардың танымал болуы байланыстың дамуының арқасында. 5G енгізілсе айқын сапалы видеоларды, әр түрлі VR- форматтарды көре аламыз.

Huawei компаниясының болжамына сәйкес, 2025 жылы нарықта AR үлесі 300 млрд АҚШ долларын құрайды.

«AR шынымен физикалық және цифрлық әлемнің конвергенциясын қамтамасыз етеді. Біздің болжамымызша, толықтырылған шындық ең алдымен бес басым салада жаппай таралады. Олар: білім беру, әлеуметтік желілер, сатып алулар, саяхат және навигация, сондай-ақ ойындар», – деді Huawei Carrier BG бас атқарушы директоры Боб Цай.   

Оның сөзінше, 5G мен AR бір-бірінің дамуына ықпал етеді. Сол себепті 5G + AR экожүйесі дамуы үшін барлық сала бірлесе жұмыс істеуі керек.

Пандемия салдарынан адамдар сату орындарына келе алмағандықтан Huawei компаниясы өнімдері мен шешімдерін онлайн режимде көрсету үшін AR-ды қолдана бастаған. Бұдан бөлек, компания AR технологиясын 5G базалық станцияларын жылдам жеткізу үшін пайдаланады. Бұл жеткізу тиімділігін айтарлықтай жақсартады.

Қытайдатанымалкомпаниялар AR технологиясынқолданады. Шэньчжэнь 5G SA технологиясыментолыққамтылғанәлемдегіеңалғашқықала. AR ұсынатын АКТ қызметтерінөндіріс, электрондысауда, жылжымайтынмүлік, үй декоры, мәдениет, спорт, туризм, денсаулықсақтаужәнебілім беру сияқтыкөптегенсалалардақолдануғаәлеуеті бар. AR қосымшаларыцифрлықтрансформацияныңнегізгіқозғаушыкүшінеайналдыжәнебұлқазіргіөмірімізді, өндірісәдістерінтүбегейліөзгереді.

Үй ішіндегі байланыс

Сарапшылардың сөзінше, бұрынғы желілерге қарағанда 5G-ге бұзып кіру оңай емес.

Қарапайым адамдар үшін 5G үйдегі wi-fi-ды алмастырады. Теледидар, компьютер, тоңазытқыш, телефондэ секілді үйдегі құрылғылар бір 5G желісіне қосылады.

Десе де 5G жүйесінің денсаулыққа қалай әсер ететіні әлі белгісіз. Антенналардың көптеп орнатылуы адам денсаулығына кері әсер етеді деген пікір бар. Бірақ оған нақты дәлел жоқ.

 

Informburo