8 жасар астаналық шахматтан Азия чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM – 8 жастағы астаналық оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды.
Фото: t.me/A98_new_bot
Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады. №86 гимназияның 2 сынып оқушысы Әбдіқайым Мұхаммедғали шахматтан Таиландта өткен Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алған.
Бұған дейін жас шахматшы «Akbulak Open-2023» халықаралық турниріне қатысып, үш мәрте күміс жүлдегері атанған. Әлем чемпионаттарында да Қазақстанның намысын қорғап жүр.
Елордалық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанғанын жаздық.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек жас шахматшылармен кездесті.
Кездесу барысында қала әкімі жас спортшылардың еліміздің намысын әлемдік ареналарда абыроймен қорғап, ақыл-ойдың күшін, сол сияқты табандылықтары мен таланттарын көрсете білгенін ерекше атап өтті.
kaz.inform.kz