Тәуелсіздікті сақтаудағы жастардың рөлі

Тәуелсіздік − қазақ халқының бостандыққа, еркіндікке ұмтылғандағы еңбегінің жемісі. «Тәуелсіздік» сөзінде ата-бабамыздың қанша көз жасы, төккен қаны мен тері, жаны мен ары жатыр десеңізші?! Керей мен Жәнібек хандарымыздың бастаған жолын Д.Қонаев, А.Байтұрсынұлы секілді ұлы тұлғаларымыз жалғастырды. Тәуелсіздікті алғанымыз тек бір адамның арқасы деп айта алмаймыз, себебі оған 1465 жылдан бергі хандардың, ақын-жыраулардың үлесі орасан зор. Ата-бабаларымыздың еш қиындыққа берілмеуінің басты себебі − тәуелсіз ел болу. Жоңғар шапқыншылығы, «Ақтабан шұбырынды», «Желтоқсан оқиғасы», аштық, соғыстардан және т.б. оқиғаларды бастан өткізіп, сонда да тәуелсіздігіміз үшін жанын берген батырларымыз қанша? Ленинград үшін шайқаста мерген қыз − Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова аға сержант, пулеметші қыз ерекше көзге түсті, тарихта із бен ізгілік, үлгі мен өнеге қалдыра білді.

1991 жылы КСРО ыдырап, құрамындағы елдер тәуелсіздік ала бастады. 16 желтоқсанда Қазақстан КСРО құрамындағы елдерден соңғы болып «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады.

Тәуелсіздікке жастар өзінің әсерін тигізе ала ма, сіз қалай ойлайсыз? Біз, заманауи жастар, тарихтағы баба мен батырдың қаны мен жанын пида етіп, алып берген тәуелсіздікті сақтап қала ала аламыз ба? Мағжан Жұмабаев атамыздың өскелең ұрпаққа насихат, аманат ретінде жазған «Мен жастарға сенемін» өлеңі бұған дәлел. Мағжан атамыз бізге сенім арта отырып, бар үмітін шығармаларында насихаттайды. Жастар тәуелсіздікті сақтап қоймай, елімізді басқа ел мен мемлекеттерге білім, ғылым, мәдениет, өркениет, спорт, т.б. сала мен бағыттарда таныта, мойындата алу керек деп ойлаймын. Мысалы, Димаш Құдайберген, Геннадий Головкин, Садраддин Болат, т.б. жас әншілеріміз, спортшыларымыз елімізді әлемге танытып, көрсетіп, мойындатып жүр. Ал қазір робототехника саласы жастар арасында үлкен сұранысқа ие және қарқынды дамуда.

Біздің Абай атындағы РММИ мектеп-интернатымызда оқушылар арасынан құралған «Antares» деген команда робототехника бағыты бойынша алыс және жақын шетелдерге барып, жарыстарға қатысып, жүлделі орындар мен марапаттарды иеленіп, мерзімді басылымдар, телеарналарға шығып, сұқбат беріп жүр. Бұл – біз үшін үлкен жетістік, қуаныш.                                         

                                                                                                      САТТЫБАЕВА Еркенур,

Абай атындағы Республикалық

мамандандырылған дарынды балаларға арналған

                                                   қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын

орта мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы

Сурет: «Толқын»