Мақал-мәтелдерді оқушыларға үйрету технологиясы

«Бала тілін жаттықтырудың әрі ойлау қабілетін арттырудың  ең тиімді жолы — мақал мен мәтелден басталады. Баланың тіліне ыңғайлы әрі ұйқаспен үлкен мәнерге ие болатын мақал мен мәтел — педагогикадағы біздің дамытушы құралымыз. Бір ауыз сөздегі мысалды бір бет әңгіме бере алмауы бек мүмкін. Сондықтан, бастауыш сыныпта бала кем дегенде жүзден астам әр түрлі тақырыптағы мақалды жаттай білуі маңызды. Бұл дегеніміз — ойлау дәлдігі мен  шұрайлы сөйлеу шеберлігіне ие болашақ иелерін қалыптастыру «.

Э.Успенский,

танымал балалар жазушы

Саналы адамның  дұрыс  ойлауы мен дұрыс сөйлеуі  — бала жастағы біліміне байланысты.  Дұрыс ойлану дегеніміз — қоршаған ортаны қабілетіне  қабылдау. Қабылдау үшін туғаннан бала үшін сөздің рөлі ерекше. Сөз — ең басты адамды жетілдіретін құнды дүние. Сөз арқылы ой дамиды, қабілет ұшталады.   Қабілет — әр оқушыда әр қилы. Қабілет дамымаса, балада үлкен тоқырау пайда болады. Мүлдем қабілетсіз оқушы жоқ.

Қазіргі таңда оқушылардың ойлау жүйесін  дамыту үшін мақал-мәтелдерді  үйрету өте өзекті.  Жаңа заман ойы ұшқырлығын қажет етеді. Уақытпен сай күнделікті өмірімізге  жасанды интелект ене бастады.  Бала зейінін  арттыру үшін  жасанды интелект көмегімен  жасалған суреттер мен жапсырма қағаздарды қолдану  өз тиімділігін дәлелдеуде. Өз тәжірбиемде отан туралы мақал-мәтелдерді жасанды интелект құралдары   арқылы   үйретуге басымдық берген болатынмын. Бір айдың ішінде оқушылар жүзге жуық мақал-мәтелді жаттап үлгерді. Жылдам ойлану мен жаттау қабілеті арта түсті.
Бұл тәжірбием арқылы  жаңа интелект көмегін жүйелі пайдалану  баланың көру қабілетімен  есте сақтауы жеделдейтіні айқындалды. Бірнеше оқушымның өз ойынан  тақпақ жаза алатын қабілеті ашылды. Көзбен қабылданған ақпарат санада ұзақ сақталатыны айқын. Балалар  отан тақырыбындағы сабақтарда өз ойларын мақалмен көркемдеп жеткізетін дәрежеге жетуі олардың болашақта өз қабілеттерін бұдан ары да дамыта түсуге   мүмкіндік береді.

Әрі баланың  жаңа технологияны қолдану машықтарын игеруіне сеп. Белгілі мақал негізінде берілген суреттер  ойлау жүйесін дамытып қана қоймайды, олардың суреттегі бейнелерге қатысты сөйлем құрауына жағдай жасайды. Мақал- мәтелді бала жастан үйрену  дегеніміз — отаншылдық және  адамдық қадір-қасиеттерді бойға  сіңірудің ең төте жолы. Мақал мен мәтелді жадыға тоқу арқылы  қоршаған ортаны тануға,  сөздік қорларын, сөйлеу дағдыларын толық қалыптастыруға  болады.

Марина МУДЖАЛАЛИ,

Олег Кошевой шағын жалпы білім

беретін білім мекемесінің  бастауыш сынып мұғалімі.

Түлкібас ауданы, Түркістан облысы

Күз келді

Күз келді қуантып,

Дихандар егісте.

Білімге құмарлық,

Бастайды өрлікке.

Ұстазым — ақылшым,

Білім мен өнерге баулыған.

Әкешім-анашым,

Дихан боп қарнымды тойдырған.

Күз келді ерекше биыл,

Қуаныш мектепке асықтық.

Егін басында атам жүр,

Болсын деп елде тыныштық.

АСИЛХАН Дидар,

3-сынып оқушысы:

Сынып жетекшісі: Муджалали Марина Аскеровна.

 Жас қылқалам шебері                                                             

      3-сынып оқушысы:Өтеген Інжу

Сынып жетекшісі:Муджалали Марина Аскеровна