Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

      Аңдатпа.  Бұл жұмыста оқушылардың сабаққа деген құлшынысы мен  қызығушылығын арттыруда интерактивті оқу құралдары мен жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, оқушылардың өздігінен білім алуы мен дамуы баяндалады.

      Кілт сөздер: Интерактивті тақта,интерактивті әдістер, bilimland.kz, Quizizz,chat gpt,gimkit,nearpod,desmos.

Қазіргі білім беру үдерісінің тиімділігінің жақсарту және сапалы біліммен қамтамасыз ету үшін оқушылардың өз ойын еркін жеткізе алу,сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, сабақта электронды оқулықтар мен bilimland.kz, nearpod сияқты сайттарға кіріп білім алушыларды теориялық материалдар,видеолармен қаруландырып, интерактивті оқу құралдары мен интернет желілерінің тиімділігін пайдаланып, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану, оқытуды және тұлғаға бағыттаудың тәсілдерін, оқушылардың өздігінен білім алуы мен дамуын ынталандыратын бағалау жүйесімен таныса отырып,білімімді толықтырдым. Осы жаңа әдістерді қолдана отырып үш тізбектелген ашық сабақ өткіздім, тақырыбы: «Функция.Функцияның графикпен берілуі. Сызықтық функция».

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтың негізіне сүйеніп, әрбір сабағымды сыни ойлай отырып, оқушылардың білімінің қалыптасуына ықпал ететін әдістерді қолдануымыздың барысында оқушыларымыз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде. Олар ортақ проблеманы шешуде бірлесіп жұмыс істей алды, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану арқылы ойлау дағдылары,оны жеткізу дағдыларымен қалыптасуда.[1] Мысалы :оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту мақсатында, формулаларды, Венн диаграммасы арқылы ұқсастығымен, айырмашылығын тапқызып, анықтамасын өзіміз құрастырып көрдік. Оқушылар белсене атсалысты, кітаппен салыстыра отырып,оқушылар өз айтқан ойларының дұрыс екеніне көз жеткізді. Өткен сабақтардың тақырыбы — өте күрделі тақырыптардың бірі, соған қарамастан оқушылар тырысып, қате жіберіп жатса да, бір-біріне көмектесу арқылы естептерді шығарды.Тақырып бойынша оқушыларға сызба, жазба арқылы тапсырмалар арқасында, миға шабуыл стратегиясын,күрделі сұрақтар арқылы метатану стратегиясын қолданып, оқушыларға көп мүмкіндік бердім. Жетелеу сұрақтарын көп қолданып, анықтаманы, формуланы оқушылар өздері ашқандай әсер алдым. Әр оқушы өз үлесін қоса білді, деңгейіне қарай. Сабақ соңында оқушыларға өзім құрастырған Quizizz, gimkit тест тапсырмаларын орындатып, тақырыпты қаншалықты түсінгендіктерін біле алды.

Жоғарыда өткізген сабақтарымның қорытынды нәтижелерінен аңғарып, түйіндегенім-диалогтік сұхбаттасу. Менің де, оқушыларымның да білім алуына қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылатындығын көрсетті. Сонымен қатар, бағдарлама идеясын сабақтарыма енгізу арқылы мен оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, диалогқа түсіру арқылы сыни ойлаттым, ойын бүкпесіз ашық жеткізіп, ашыла сөйлеуіне ықпал еттім. Сабақтарымды дайындау барысында диалогты қолдану арқылы оқушыларға сұрақ құрастырдым. Мәселен, кіріспе бөлімінде байланыс орнату, сыныптың не білетінін анықтау, бұрынғы жұмысты қайталау, сабақ тақырыбында жүретін проблемаларды белгілеу мақсатында қолдандым.Сабақты меңгеріп, оны қолдану кезеңінде назар аудару және түсіндіру, бақылаудың негізінде ойлы тұжырым жасауды үйрену, қиын сәттерді, түсінбеушіліктерді түсіндіру және жекелеген оқушыларға көмектесу мақсатында қолдандым. [2]

Бағдарламадағы «Оқыту мен оқудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды» қолдану біріншіден, оқушының ой, зейін, ес, қабылдау сезімдеріне әсер етеді; екіншіден, сабақтың мазмұндылығы көрнекі құралдардан демекші,көрнекі құралдың нақтылығы, әсерлігі, тартымдылығы болса; үшіншіден,оқушының пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі молынан артады, сондықтан осы сабақтарда көрініс тапты. Қалай оқу керектігін үйретуді алдым, өйткені сабақта жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім бағыт-бағдар береді, бақылайды, қадағалайды, бағалайды, өзгертеді, ал оқушы өздігінен білім алып өзін-өзі реттеуге дағдыланады,соңында оқушы қалай оқу керектігіне үйренеді. [3]      Оған менің зерттеуге алған сабақтарымдағы оқушылардың іс-әрекеттері дәлел бола алады.

Тілдік мақсаттар математикалық терминдер анықтамаларының дұрыстығы мен нақтылығына аса назар аударып, оқушылардың сөздік қорын байытуға бағытталған.[1]   Сондықтан балаға білім беруде негізгі математикалық терминдердің үш тілдің мағынасын ашып көрсетіп, үйретсек, оқушының өмірде қолданысқа енгізуіне, ізденуіне пайдасын тигізері сөзсіз., жаңартылған білім беру жүйесіне көшу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар — соның дәлелі. Жаңа бағдарламаның басты нысаны-баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды және Блум таксономиясында берілген алты ойлау дағдыларының деңгейлерін — білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалауды көрсетеді. Бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестіндіріп, нақтылап дайындаймын.[3] Одан кейін бағалау критерийлерін сәйкестендіріп, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторларын құрастырамын. Дескрипторлар тапсырманы орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды, сондықтан дескрипторлар оқушыларға түсінікті болуы қажет. Жүргізілген жұмысымыздың барысында кедергілерге де кезіктік, соның бірі оқушыларға жаңа сабақты игерту мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сабақ мақсатын өздері қойып, бүгін не үйренетінін анықтағанмен, жаңа сабақты игеру барысында топтық жұмыста белгіленген уақыт жетпей қалды. Оның себебі, оқушыларға сабақ материалының қиындығы мен бұған дейін таныс болмауы әсер етті.

Ойымды түйіндей келе айтарым, қазіргі сабақтарыма енгізген жаңалығым өте-өте көп болды. Бұрынғы уақыттарда дәстүрлі сабақ кезінде оқушыларға тек қана дайын білім беріліп, оқушылар тыңдаушы болып, ал, біз яғни мұғалімдер сабақтағы уақыттың басым бөлігін өзіміз жаңа сабақ жайлы ақпарат беруге пайдаланатын болсақ, қазір оқушының өзінің ізденуіне көп мүмкіндік бере алатын болдым. Білімімді жетілдіргеннен кейін мен сабақты түрлі формада ұйымдастыра білуді, оқушыларды критерий, тест  арқылы білімдерін бағалауды,  айналаға сыни көзқараспен қарауды және оқушыға еркіндік бере отырып, пікірлерін тыңдай білуді және өз іс-әрекеттерімді сыни тұрғыда бағалауға үйрендім.

ДЮСЕМБЕКОВА Гауар Косжановна,

8- сынып оқушыларына сабақ өткізуде.

Қарағанды облысы, Шет ауданы,

Жұмыскер ауылы Абай атындағы ЖББМ

математика пәнінің мұғалімі

       Пайдаланылған әдебиеттер

  1. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2017 ж.
  2. «Тәжірибедегі рефлексия»жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы.Тренерге арналған нұсқаулық.2018 ж.
  3. Оқыту мен оқудың белсенді әдістері,Астана 2019 ж.