Мұғалімнің міндеті – болашақ тұлға қалыптастыру

Бүгінгі өмірімізде креативті индустрия дамып, оның өнімдерін интернет арқылы адамдар миллиондаған есе пайдаланып отырған шақта, алдымызда білім беріп келе жатқан ұрпағымызды туған тіліміз — Ана тілімізден қайтсек алшақтатып алмаймыз деген сұрақ туындайды. Мемлекетімізде балаларға арналған оқу бағдарламалары, телеарналар арқылы берілетін хабарлар, жарнама агенттіктері толық қазақ тіліне көшіп келеді. Қазақ тілінде сөйлеу, сөйлесу үрдісі белең алғаны қуанатын және қолдайтын жайт. Алайда, бүгінгі оқушыны айтпағанда ата-аналар, бесіктегі балаға дейін смартфон арқылы әлеуметтік желіге байланып отыр. Отбасы тәрбиесі мен қамқорлығы, мектепте мұғалімдердің берген үй тапсырмаларының орнын әлеуметтік желі дүниелері басып озбас үшін мұғалім оқушысына ұлттық тәрбие тағлымын оқу бағдарламасымен үзеңгілестіре отырып, оқытуы керек.
Осы тұста ұстаздан талап етілетіні оқушы белсенділігін арттыру. Белсенді оқушы ұстаз түсіндірген жаңа сабақты тыңдай отырып, кері байланыс орната алады. Белсенді оқушыны қалай танимыз? Сыныптағы оқушылардың барлығы бірдей деген сұрақ туындайтыны рас. Оқушы белсенділігін тану үшін – әр баланың қызығушылығын арттыруға тиіспіз. Балалардың қызығушылығын ояту үшін тақырыпты меңгеруі қажет. Айталық, жаңа технологиялар жетістіктерін пайдалана отырып, жасөспірімдердің дамытушылық ізденісін арттыруға еңбектенемін. Тақырып бойынша интерактивті тақтаға пәнге байланысты баланың логикалық ойлауын дамытатын сұрақтарды тақтаға шығарамын. Оқушылар сұрақтарды оқып шығып тез дауап беруі керек. Бірінші, екінші, үшінші… реттік нөмірлері арқылы балл қоя отырып, ең көп бал жинаған құрбыларын оқушылардың өздері анықтайды. Сабақтағы сұраққа жылдам жауап беру тәсілі оқушының ойлау қабілетін дамытады.
Орыс тілі сабағын тест түрінде өткізу баланың өткен сабақтарды қалай меңгергенін, сонымен бірге білім деңгейін көрсетеді. Айталық, бір ғана сұраққа тоқталайын.
Интернациональные слова — это:
А) слова, которые пришли из других языков
В) слова, которые употребляются в какой-либо профессии
С) специальные слова, называющие понятия науки, техники, искусства
Д) слова, общие для многих языков и относящиеся к области науки, культуры, техники и политики.
Е) новые слова, обозначающие новые явления, предметы или понятия.
Жауабы: Д).
Гимназия оқушыларына орыс тілі мен әдебиеті сабағын оқыта отырып, лауазымдық міндеттерді басшылыққа аламын. Онда оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады, білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді. Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады. Қысқа мерзімді жоспарларды, бөлімдер мен тоқсанның суммативті бағалауға арналған тапсырмаларды жасайтыным атап көрсетілген. Лауазымдық міндеттерді орындай отырып, оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу оқушы мен шәкірт арасындағы байланысты жандандырып, сабақтың қарқынын арттыру да оқушыны тез баурап алатын әдіс. Оқушылардың өзіндік және жеке жұмыс көлемін арттыруға мүмкіндік береді.
Орыс тілі мен әдебиетін оқыта отырып, оның қазіргі ерекшеліктеріне бас назар аударамын. Шәкіртке заман талабына лайық білім беру үшін үнемі ізденіп, шеберлігімді шыңдау мақсатында әлемдік озық тәжірибелерді, әдістерден үйреніп, сабақ барысына пайдаланамын. Пәнді оқытуда оқушының есте сақтау қабілетін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру – маңызды міндеттің бірі. Бұл ретте оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға көп көңіл бөлемін. Яғни, оқушы өткен тақырыпты толық қабылдап, мазмұнын, оқиға желісін, айтылып отырған ойды түсініп, айтып беру. Сабақ кезінде, үй тапсырмасын орындағанда, тақырыпты түсініп, айтып беру. Оқушылардың сөйлеу мен жазу сауаттылығын арттыруда шығарма мен эссені көп жаздырамын. Орыс классиктерінің шығармаларынан үзінді оқытып, өлеңдерін жаттатқызамын. Жаттап оқу шығу емес, әр өлеңнің мазмұны мен оқиғасын түсініп оқып, айтып бере алатын дәрежеге білім деңгейін жеткізуге тырысамын.
Шәкіртке білім бере отырып, оларды тұлға болып қалыптасуға дайындаймын. Әр оқушы өзінше бір әлем. Оның әлеміне кіру үшін ұстаз оқушымен көп жұмыс істеуі қажет. Жеке, жұптық және топтық жұмыс арқылы оқушыының жандүниесін ұға отырып, оның қызығушылығын біліуге болады. Соған қарай жеке тапсырмалар орындатамын. Осы тұста көшбасшылық қабілеті бар ұл-қыздар байқалады. Олардың осы дарынын одан әрі ұштау үшін оның белсенділігін дамыта отырып, мектепішілік өтетін іс-шараларда өнерін көрстеуге қосамын. Бағдарлама жүргізуші, жеке орындаушы, қазақ жазушыларының орыс тіліндегі аудармаларынан мәнерлеп оқу, өлеңдерін айтуда шыңдалады.
«Ұстаз – ұлы тұлға» — дейді дана халқымыз. Шәкірт жүрегіне бар игілік ұстаз арқылы даритынын өзім ұстаздық еткен жылдары анық көз жеткізіп келемін. Ұстаз мәртебесі қашанда биік тұратыны дәлелденген. Кәсіби деңгейі жоғары, білікті, жаңа заманның білім берудегі талаптарын орындай отырып бала оқытқан ұстаздың абырой биігінен көрінетіні де шындық. Аталған қағидаларға сүйене отырып, әр сабақта оқушыны орыс тілі мен әдебиеті пәніне қызықтыра отырып, оларға ұлттық тәрбие құндылықтарына қанықтыра оқытудамын. Сабақ кезінде қандай тақырыпты өткізіп талқылағанда, баланы ой еркіндігін меңгеруіне мүмкіндік беремін. Бала қиялы ұшқыр, ойы жүйрік. Сабақта әр оқушының қабілетін ұштау үшін олардың тақырыпқа байланысты айтатын ойларын қызыға тыңдаймын.
Сыныптағы әр оқушының арманы болады. Жеке басында туындаған мәселелер болады. Кейбір білім алушылардың мінез құлқында өзгешеліктер байқалады. Осындайда оқушы ойын сейілту әдісін пайдаланамын. Айталық, одан үй тапсырмасын сұрай отыра, тақырыпты қалай меңгергенін анықтау үшін орыс тілінде қосымша сұрақтар қоямын. «Үй тапсырмасын қалай орындадың? Тапсырманы орындау кезінде бір қиындықтар болды ма? Сұрақтарға жауапты өзің бере алдың ба? Ағаңнан, әпкеңнен көмек сұрадың ба? Ата-анаң көмектесті ме? Тапсырманың түсінбеген тұсын достарыңнан сұрадың ба? Оқулықты, интернетті пайдаландың ба?» «Саған кімнің жауабы ұнады?» — деп сұрағанымда оқушы сұрағыма нақты жауап береді.
Ежелден халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл», — жастарға ұлағат айтқан. Оқушы орыс, ағылшын, басқа шет тілінде де сөйлесе де алдымен оның жүрегі ұлттық тәрбие тағлымына көмкеріліп, ана тілі – қазақ тілінде сөйлеп, қазақша ойлайтын білім алушыға білім беріп, тәрбиелеуіміз қажет. Қазақ тілін – ғылым мен техниканың, бизнес тіліне айналдыратын болашақ тұлға – біздің бүгінгі шәкірттеріміз. Мектепте білімнің тұғырын қалыптастырып, тәрбие алған өрен ертең өмірден адаспай өз орнын таба алады. Кеше мектеп бітіріп кеткен жастар жоғары білім алып, өмірден өз орныны тауып, Отан игілігі үшін еңбек етуде. Жыл сайын олардың қатарын мектепте ұстаз білім берген түлектермен толығуда. Ұстаз еңбегінің жемісі – білім берген шәкірттеріміздің болашақ өз жолын адаспай таба білгенінде.
ТАНИРБЕРГЕНОВА Зульфия Ергазиевна,
Алматы қаласы «№15 Гимназия»
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Дереккөзі: басты беттегі сурет — Qazaq газетінен