Аққағазға өрілген жыр тамшылары

Сүйінбай ағаға
Рухың биік ер Сүйінбай,
Жыр төгесің құйындай.
Нөсерлеткен жауынсың,
Бет қаратпас дауылсың.
*Ер Сүйінбай, Сүйінбай,
Жырды – жырға қосасың.
Төстен ұрып, бетке алып,
Бір — ақ сөзбен осасың.
*Ер десе, ер едің,
Ерге бергісіз дер едім.
Аламан шапқан тұлпардай,
Сен бір жырдығ көгі едің!
*Өмірің өлеңмен гүлденген,
Өзіңдей ерді көрмеген.
Талай жылдар өтсе де,
Өзіңдей жан өмірге келмеген.
*Ұшқыр ойдың бұлағы,
Асыл сөздің тұрағы.
Өлең-жырдың пірі едің,
Өнердің жарық шырағы.
Әйел келбеті
Әйелдің мінезі жібек,
Үй толған бала-шаға, демек
Айналасына төгеді сәуле,
Ағайынды жиып өзі де әуре.
*Әйел жаны — қырық шырақ,
Шырақпен жарық мекені.
Әйелдер көптік етпейді,
Әйелмен жанұя — шамшырақ.
*Әйел — отбасы тұтқасы,
Береке, бірлік жұптасы.
Әйел — бақыт, әйел – нұр,
Аналарға бас иіп жүр!
Ізгі тілек
(Әріптесім Мадиева Гулсим Хабиевнаға)
Дүние есігін ашқан,
Көңілі шуақ шашқан.
Пейілі кең, жомарт жан,
Құтты болсын туған күн!
*Ұлы бар алтын сақа асықтай,
Тәрбиелі, өнегелі, үлгілі.
Қыздары қырдың қызыл гүліндей.
Алақанда әлпештеген ай-күні.
*Сізге тілейін бақыт,
Еш уайымсыз уақыт.
Әркез жадырап жаныңыз,
Жүзге жетсін жасыңыз!
М Е К К Е
Все общее хваление тебе,
Ты красив,т ы гениален.
Твоя архитектура и строение,
Есть неимоверная красота.
*Мекке ты суров,
Скрывая милосердие.
Ты тайна великая,
Магнитом тянешь себе.
*Мекке Мир тебе,
Покой навеки.
Прихожанам доброты,
И милосердие окружающим.
29.07.23 год. Мекке
Тимур
Аңқылдаған көңілі ақ,
Жас баладай қуанады.
Қайырымдылық амалдары,
Қолы ашық жомарт-ақ.
*Тимурымыз көш бастаған,
Құптарлық істері көп.
Дереу шешім қабылдайды,
Қолға алып оны орындап.
*Ортаға ой салады,
Игі іс бастап.
Ұсынысты тыңдайды,
Білімділікпен қоштап.
*Жаңалықтың жаршысы,
Көп ортасында танылған.
Қалжыңы да орынды,
Жұбымен жақсы жарасқан.
***
Светлоликая Аида,
Ты прекрасна, ты мила.
Озаряя улыбкой,
Вселяешь всем добра.
*Веселая, шутки в меру
Всем уделяешь внимание.
Одиннадцать наших,
Как семья единая!
КЕНЖЕГУЛОВА Айгуль Малгеждаровна,
Алматы қаласы, №147 гимназия
математика пәнінің мұғалімі
Құрметті Айгүл апайға!
Таразыдай тең ұстайсыз әділдікті,
Әр сөзіңіз ақиқатты айқындап.
Сөйлетіп сандар сырын ұқтырғанда,
Түсініп келем өмірдегі заңдылықты.
*Бастау болды бәрі де натурал саннан,
Қосып, алып, көбейтіп жаттығам сан.
Ал сіз болсаңыз, сабырмен үйретуден,
Жалықпаған шын жанашыр жандардан.
*Оң мен теріс, бөлшектер – алғашқы қадам,
Қателессем, дұрыстап бағыттаған.
Рационал, иррационал – шексіздікке,
Жол ашқан білім нәрін тамшылатқан.
*Координат, функция, графиктерім,
Сізбен бірге шешілді барлық түйін.
Синус, косинус заңдарын жаттап алып,
Таптым білімнің шыңға тартар биігін.
*Үшбұрыштар, теоремалар, пифагорлар,
Әрбір шама өмірде жаралған заң.
Прогрессия, модуль, түбір,
Бәрі – сіздің еңбегіңіздің арқауы таң.
*Векторлар мен массалар, теңдеулерім,
Жеткізді өз заңымен белге мені.
Шексіздікке жол тартқан лимиттерім,
Болашаққа апарар белдеме ебі.
*Сіз берген бағалы білімді алып,
Шәкіртіңіз ұстазымен мақтанады.
Бойыңызда қаталдық бар болса да,
Жүрегіңіз мейіріммен шаттанады.
*Алғысым шексіз сізге, Айгүл апай,
Ұстазы бар шәкірттің тәлімі таудай!
Ұзақ ғұмыр, денсаулық тілеп сізге
Шәкіртіңіз боламын беделге ие!
ЕРКІН Аруна,
Алматы қаласы
№147 гимназияның 10 сынып оқушысы.
Сурет:https://adebiportal.kz/