ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің жаңа толқыны: ерекшеліктері мен бағыттары

Жаңа ғасыр — адамдардардың да сана сезімін басқа арнаға бұрады. Сондықтан, шығармалар да өзгеше сипатқа ие және сол қоғамдағы адамдарға сай жазылады. 21-ғасырдың да өзіне тән шығармалары бар. Бірақ, көбіне фантастикалық жанрдағы шығармалар.
Фантастика — адамның ой-қиялын дамытады. Дегенмен де, біз тарихи шындықтан алшақтап кетпеуіміз керек. Ең қызығы, осы жанрдағы шығармаларды оқу қиынға соғып жатады. Мысалы, Асқар Алтайдың “Киллер сауысқан” атты туындысын алсақ болады. Осы фантастикалық жанрдағы әңгімені оқығанда бірден түсіне қойған жоқпын. Мүмкін, сондай жанрды алғаш оқығандықтан ба деп ойладым. Бірақ, менің қатарластарымдағы балалар да түсіне қоймаған екен. Ең қызығы, сюжеттің қиындығы емес, кейіпкерлердің көп болуы мен қорқынышты оқиғалардың қайталануы кедергі болып, адамның психологиясына қатты әсер етті. Көзі жоқ сауысқан секілді кейіпкерлердің әрекеті де адамды бей-жай қалдырмайды. Тек бұл ғана емес, бірнеше шығармаларының да қоғамда өзіндік орны бар.
Екіншіден, қазір классиктердің шығармасы азайып, барлығы болашақ туралы жазуды қолға алған секілді. Сондықтан, классикалық шығармалар аз болып жатыр. Ал, оны іздеген оқырмандар 19-20 ғасырға сапар шегіп, сол заманның заңғар туындыларын оқуда.
Менің ойымша, әр заманның өзіндік классиктері мен тарихи шындықты жазатын жазушылары болуы керек. Кітапты жазатын адамдар санаулы-ақ болса да, оны оқитын адамдар әр дәуірде де кездеседі. Сондықтан, жазушылар қоғамға өтімді, сауатты, ұрпақты саналы ететін бірегей туынды жазуы керек.
САТТЫБАЕВА Еркенур,
Алматы қаласы, Абай атындағы РММИ
11-сынып оқушысы.
Сурет: https://jjtv.kz/