Қазақ тарихындағы шоқтығы биік нәзік жандылар

Қазақ тарихының сахнасында өз заманының қиыншылықтарына қарамастан, ұлы жетістіктерге жеткен, елге пайдасын тигізген, тарихта ойып тұрып орын алатын нәзік жанды әйелдер өте көп. Олар саясатта, ғылымда, өнерде, соғыста, басшылықта, спортта және қоғамның түрлі салаларында ерекше орын алған. Ендеше, сол жандар жайлы айтып өтсем.

Олардың бірі де бірегейі — сақ патшайымы Томирис. Қазақ даласында өмір сүрген сақ тайпаларының патшайымы. Оның есімі жауынгерлік ерлігімен мәңгілікке тарихта қалды. Ол Кир II бастаған парсы әскерлеріне қарсы күрес жүргізіп, жеңіске жеткен. Тіпті, әлем тарихшысы римдік Помпей Трог: «Әйел де болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ», — деп пікір қалдырған. Томиристің ерлігі еркіндікке деген сүйіспеншіліктің символына айналған, сірә.

Келесі — Абайдың сүйікті жары Әйгерім. Ол тек ұлы ақынның серігі ғана емес, оның шығармашылығына шабыт берген ерекше тұлға болды. Әйгерімнің сұлулығы мен әншілік өнері жайлы күллі қазақ елі білген дейтін болсам, қателеспеспін.

Бұланбайқызы батыр Айбике қыздың да есімі – ел аузында. Ол Абылай ханның жау тылындағы барлаушыларының басшысы болған. Қоңтайшының «қолға түскен тұтқын күңі», күтушісі Айбике Абылайға маңызды мәліметтерді астыртын жіберіп отырған. Тарбағатай мен Алтайдағы, Есілдегі жаудың күшін және олардың орналасқан жері туралы құпия ақпараттар, әрине, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай бастаған қазақ елінің басшыларына өте қажет еді. Айбике алғыр ойлы, ержүрек қыз болған. Қалмақ тілін жетік білген. Тарбағатай мен Алтай тауы өңірінде, Зайсан, Марқакөл алабында, күндіз де, түнде де, тұманды, боранды күндерде де адаспай жүре беретін «жер шолғыштығымен» аты шыққан. Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін 1757-1758 жылдар шамасында ата мекеніне оралған. Құдай қосқан  қосағы — белгілі Бұланбай палуан.

Абылайқызы Айтолқын батыр — ерте заманда Отан үшін жау қолынан қаза тапқан батыр қыз. Айтолқынды мәңгі ұмытпау үшін халық оған арнап әдемі сұр тастан сәулетті күмбез орнатқан. Ол күмбез — Ақтөбе облысындағы Терісбұтақ өзенінің бойында. Айтолқын батыр туралы халық аузында айтылатын аңыз-жырлар да аз емес. Оның кейбірі орыс тіліне де аударылды.

Ақбикеш — Кіші жүз құрамындағы Байұлы тайпасының Алшын руынан шыққан көріпкел, ержүрек, батыр қыз. Ақбикеш батыр қыз сыртқы елдің басқыншылары қанды жорық жасап, елді шапқанда, елдің ер-азаматтарымен қатар бостандық соғысына қатынасып, ерлік көрсетуімен жау қолында мерт болады. Есім хан жасақтарының Бұхара, Қашғар уәлаяттарына, Құба қалмақ жорықтарына көп көмектескен. Ақбикеш еліне оралған соң, Қаратау өңірінен биік мұнара тұрғызып, жауын осы қарауыл мұнарадан қарап тұрған. Мұнара «Ақсүмбе» деген атпен тарихшы Шараф әд-Дин әл-Жүздінің «Зұфар-нәмесінде» айтылады. Әмір Темірдің 1389-1390 жылдардағы Тоқтамысқа қарсы жорықтарын сипаттағанда Дешті Қыпшақ даласын бақылап отыру үшін Қаратау шыңына салынған қарауыл мұнарасы да – осы Ақсүмбе.

Кенесары Қасымұлының қарындасы Бопай ханым – қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі ерекше орын алатын тұлға. Ол ағасы Кенесары бастаған көтеріліске белсене қатысқан әрі әскер жинау мен стратегиялық жоспарлауда маңызды рөл атқарды. Бопайдың ақылы мен ерлігі оны қазақ тарихындағы ұлы қайраткерлердің қатарына қосты.

Қазақ аналарының символы Домалақ ана – халқымыздың рухани дамуына ықпал еткен киелі адам. Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның шын есімін атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті. Оның бойындағы даналық пен мейірімділік — күні бүгінге дейін қаракөз қыздарымызға үлгі. Қасиетті ананың есімі тек қазақ ұрпағына ғана емес, бүкіл түркі әлеміне ортақ рухани тұлға ретінде қадірленеді.

Мәншүк Мәметова – Халық қаһарманы, Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен танылған қазақтың батыр қызы. 1942 жылғы тамызда өз еркімен Қызыл Армия қатарына жазылып, 100-атқыштар бригадасының алғашында кеңсе хатшысы, кейінде медбикесі. Майданда пулеметтік курс бітіріп, ұрыстарға қатысты. Ол соғыс даласында пулеметші ретінде жаумен шайқасып, Отаны үшін жанын пида етті. Мәншүк қазақ қыздарының батылдығы мен қайсарлығының символына айналды.

Әлия Молдағұлова – ерлік пен қайсарлықтың символына айналып, Екінші дүниежүзілік соғыста ерекше көзге түскен қазақтың мерген қызы. Оның жауынгерлік ерлігі мен жанқиярлығы ұлт мақтанышына айналып, көптеген жастарға үлгі болды. Жоғарыда айтылған екі нәзік жандымызға қарап, «Отан үшін отқа түс күймейсің» деген Б.Момышұлының қанатты сөзі еске түседі.

Сара Тастанбекқызы – айтыс Ақтамбердісінен кем түспес тұлға. Айтыс өнерінің жарық жұлдызы, шебері. Оның Біржан салмен айтысы қазақ мәдениетінің алтын қазынасына айналды. Тіпті, бұл айтыстың ерекше болғаны сондай — айтыс өнерінің жаңа түрі ретінде «Біржан мен Сара» енгізілген. Оның жеңілгенінінің себебі — сөз таппауы емес, жеңілу себебі Жаманқұлдың өз теңі еместігінде. Сара өз өнерімен әйелдердің де ерлермен тең дәрежеде өнер көрсете алатынын дәлелдеген. Тарихта осы айтыста пікірін ашық айтып, басына теңдік алған деген де ақпараттар бар.

Ұлтымыздың тарихында әйелдер әрдайым елдің рухани, саяси және мәдени дамуының маңызды бөлігі болды. Олардың батылдығы, даналығы мен ерен еңбегі ұрпақтарға үлгі болып, халық жадында мәңгі сақталады. Бұл әйелдер – қазақ халқының тарихында есімдері Халқының атағын күллі әлемге асқақтатар осындай азаматшалпар көп болғай!

ТӨЛЕУХАНОВ Нұрдана,

ШҚО, Күршім ауданы,

«№3 Күршім гимназиясының» 11 — сынып оқушысы,

Сурет:https://kaz.nur.kz/