Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі артты ма әлде төмендеді ме?

Жастар арасындағы жұмыссыздық — әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе соңғы жылдары жастар арасында жұмыссыздық деңгейі артуда. Бұл мәселе қоғамдық деңгейде ерекше назар аударылып, талқылануда.
Жастар арасында орын алған жұмыссыздықтың себебі неде? Жастардың жұмыссыз болуына себеп болатын фактор — елдегі экономикалық ахуалдың төмендігі. Өндірістің тоқтауы, қысқаруының әсерінен жастар арасында жұмысқа орналасу мүмкіндігі төмендейді. Мысалы, Covid-19 пандемия кезінде көптеген компаниялар жұмысын тоқтатып, халық жұмыссыз қалған еді. Тағы бір маңызды фактор жастар өздері қалаған оқуды оқымайды, жұмыстың ақшасына, танымалдылығына қарауы мүмкін. Алайда ол үлкен қателік. Сен өзің таңдамаған, ұнатпаған мамандық арқылы көпке бара алмайсың. Қазіргі таңда бұл өзекті проблемма. Бала 7-8 сыныптан бастап қандай маман иесі болатынын ойлануы тиіс. Кейін 9-10 сыныпқа келгенде нақты тұрақталады. Көптеген жастарымыз оқуды бітіріп алып, өздері қаламаған соң ол сала бойынша жұмыс жасамай жатады.
OECD https://www.oecd.org ұйымының (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) — мәліметтері бойынша, жастардың тек 30 пайызы ғана өз мамандығы бойынша жұмыс істейді екен. Сонымен қатар жастардың көпшілігі оқу орнын бітіргеннен кейін алғашқы жұмыс орындарын таба алмайды, өйткені тәжірибесі жоқ.
Әрине көптеген мекемелер, жұмыс берушілер тәжірибесі бар мамандарды іздейді, сондықтан жұмыссыз жастар саны көбеюде. Бұл мәселеге қатысты статистика мен зерттеулер көрсеткендей, жұмыс тәжірибесінің болмауы жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуын айтарлықтай қиындатады. 2024 жылғы жұмыссыздық деңгейі (Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша) 4,7% құрады. Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) 451 мың адамды құрады. Жұмыс істемейтін және білім алумен немесе оқыумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 6,5%-ды құрады.
Жұмыссыздықтың салдары қандай? Жұмыссыз жүрген жас буын өзін керексіз сезініп, психологиялық қысымға ұшырайды. Оған қоса жастардың арасында депрессия, өзін басқалармен салыстыру орын алады. Бұл олардың өмір сүруге деген құлшынысын төмендетіп, қылмыстың артуына, теріс әдеттердің туындауына себеп болады. Мысалы, Халықаралық еңбек ұйымының зерттеуіне сәйкес, жұмыссыздық деңгейі жоғары болған елдерде қылмыс деңгейі де жоғарылайды. Әсіресе, жұмыссыздықтың жоғары болуы жастар арасында қылмыс деңгейінің артатынын көрсетеді. 2020 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі әлемде 13,6 пайызға жеткенде, қылмыс деңгейі 9пайызға артты.
Шешу жолдары: Мемлекет тарапынан жұмыссыздықпен күресу мақсатында «Жұмыспен қамту – 2020», «Серпін – 2050», «Дипломмен — ауылға», «Жас маман» сынды бағдарламалар бар. Сонымен қатар шетелдік компаниялармен келісім жасасып, инвестиция салуға ынталандырып, жұмыс орындарын ашуға болады.
Жұмыссыздық мәселесін шешу бойынша мамандардың пікірлері әртүрлі, алайда барлығы бір мақсатқа – жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және еңбек нарығын тұрақтандыруға бағытталған. Дамир Мұратов- экономист, Қазақстанның Еңбек нарығы мәселелері бойынша сарапшы.
Дамир Мұратов: «Жұмыссыздықты төмендету үшін ең алдымен кәсіпорындар мен өндірістерді дамыту қажет. Жаңа жұмыс орындары, әсіресе, жастар үшін ашылуы керек. Бұл үшін кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен мемлекеттік бағдарламалар маңызды. Инновациялық жобалар мен стартаптарды дамыту арқылы ел экономикасын жақсартуға мүмкіндік бар», – деген еді.
Қорытындылай келе, жұмыссыздық мәселесі бүгінгі таңда тек Қазақстан үшін ғана емес, әлем бойынша өзекті тақырыптардың бірі болып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі әсіресе олардың біліктілігі мен тәжірибесінің жетіспеушілігінен туындайды. Жастардың жұмыссыздығына қарсы мемлекеттік бағдарламалар, қолдаулар бұл мәселені шешуге көмектеседі. Барлық тараптардың бірлескен күш-жігері жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және жастардың болашағын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
САҒЫНДЫҚ Аяжан,
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «№8 Өтеген батыр» атындағы орта
мектебінің 11 сынып оқушысы
Жетекшісі: КАСЕНОВА Айгул Жантугеловна,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Сурет: https://stan.kz/