Рух пен дала- тарихта бірге жаралған қос ұғым

Дала — қазақтың тіршілік ету кеңістігі. Ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрі осы кең даладан алып, сол жерде өркендеді. Ұлы Дала – ата-бабаларымыздың қонысы, өмірінің бастауы. Ал рух – қазақтың жан дүниесі, ұлттық санасы мен танымының көрінісі. Рухани болмыс – қазақ халқының тұрмысын, көзқарасын және өмірлік ұстанымдарды айқындайды. Көшпелі өмір салты қазақтың рухын тәрбиелеп, шыңдады қалыптастырды. Егемендңк пен еркіндік– қазақ рухының өзегі. Енді, тарихтағы рух пен дала өркениетінің нәтижесінде не қалыптасты? Соны саралап көрейік.
Біріншіден, дала өркениеті – көшпелі тұрмысқа негізделген мәдени жүйе. Бұл кезеңде жазу өнерімен қатар мифологиялық таным да маңызды рөл атқарды. Мысалы, «Алтын адам» археологиялық табылымы – сол дәуірдің жарқын көрінісі. Екіншіден, той-думандар, жоқтаулар мен қонақ күт дәстүрі – қазақтың рухани әлемінің айнасы. Айталық, жаңа қонысқа көшіп келген жанға ауыл түрғындары ерулік беріп, өзінің қонақжай пейілін танытқан. Үшіншіден, қазақтың ауыз әдебиеті қалыптасты. Эпостық жырлар мен аңыз-әпсаналар ұлттың дүниетанымын сақтап, атадан балаға жалғасып отырды. Мысалы, «Жер – ана», «Бегім ан»” сынды аңыздар халық арасында елеулі орын алады
Дала мен рух өзара тығыз байланысты. Олар бір-бірін толықтыра отырып болмысымызды қалыптастырды. Кең байтақ дала – халқымыздың азаттығы мен табиғатпен үйлесімін қамтамасыз етсе, рух – осы кеңістікте еркін ойдың, мәдени құндылықтардың еркін дамуына жол ашты. Мәселен, «Елім-ай» зары- елдің еркіндікке деген аңсарының көрінісі. Тарихтан нақты дәлел ретінде “Алаш” қозғалысын атауға болады. Бұл қазақтың рухын оятуға, ел мен жерді сақтап қалуға бағытталған ұлтшылдық серпіліс еді.
Қорытындылай келе, қазақ халқының шежіресінде рух пен даланың маңызы орасан зор. Дала – ұлттың өмір сүру аймағы, тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің бастауы. Рух — қазақтың ішкі әлемі, оның ұлттық санасы, дүниетанымы. Бұл екі ұғым бір-бірімен етене байланысты, оларды бөліп қарау мүмкін емес. Кеңістік пен рухани болмыстың сабақтастығы — қазақ ұлтының ерекшелігін айқындайтын басты белгі. Осы үйлесім арқылы ұлттың танымы мен тұрмыс-түзілімдері қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа аманат болып жетіп отыр. Сондықтан да, қазақ өркениетінде дала мен рухтың орны — өшпес, мәңгілік құндылық!
ӘЛІМ Кәусар
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Көптоғай селосы,
Құрман орта мектебінің 11-сынып оқушысы,
Республикалық «Farabi shakirti» журналы мен
www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі.
Жетекшісі: МЕДИНАЕВА Гүлнар Максотовна
Сурет:https://jjtv.kz/ru/arhiv/ken-dala?page=3