Алардың алары алда

– Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Алар БЕРІКҰЛЫ қолжазбаны цифрлық форматқа көшіретін қосымша жасап шығарды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде жас ғалымдар, соның ішінде мектеп оқушыларының қатары өсіп келе жатқанына қуана отырып, Алармен тілдескен едік.

Алар, сәлеметсің бе! Қазақ тілінде қосымша мәтінді оқи алатын жаңа нейрондық желі ойлап табу туралы ой қалай келді?

—Бағдарлама мектеп оқушыларының ғылыми жобасы аясында жазылды. Бастапқыда реккуренттік нейронды желі мен  компьютерлік көруді пайдалану арқылы интеллект бағытында жұмыс жасағым келді. Карантин уақытында қашықтан оқып, ғылыми ізденістерімді дамытсам дедім.  Осылайша  мектеп архивін цифрландыруға үлес қосуға тырыстым. «Android жүйесіне арналған бағдарлама екі ай ішінде Java платформасында OpenCV және DL4J ашық кітапханалары негізінде жасалды. Мені нейрондық желілер қызықтырады. Басында Java арқылы жаңадан нейрондық желі құрастырған едім. Алайда ондағы үйрену мен болжау жылдамдығы төмен болғандықтан, жұмысты DL4J-ға көшірдім.

—Кез келген істе нәтижеге жету үшін қажырлылық пен білімділік қажет. Ғылыми жобаңды дайындап, ұсыну үшін қанша уақыт кетті?

Уақыт шектеулі болды. Ғылыми кеңесшім Дария Болатқызымен талқылап, осы тақырыпты таңдауға шешім қабылдадық. Д. Әбікенова апайымС. Торайғыров атындағы Университетінің доценті. Біздің ғылыми жобамыз қосымша қазақ тіліндегі мәтінді таниды. Қолжазба мәтінін цифрландырады. Бағдарламаның жұмыс принципіне келсек, аталған мобильдік қосымша қазақ тіліндегі қолжазбаларды сканерлеп, оны электрондық форматқа көшіреді. Сол арқылы ескі құжаттар мен хаттарды қайта терудің қажеті болмайды. Бағдарламаны әлі дамытуға болады. Мысалы, дәрігер рецептін оқыған адамдар медициналық терминдерді іздеп әуре болады. Бағдарлама бөлек жазылған сөздерді ғана тани алады. Бірақ кейбір адамдар олай жазбайды. Сол себепті қолжазба мәтін мен реккурентті нейрондық желіні біріктіру арқылы кез келген қолжазбаны еркін тани алатын жүйе жасауға болады.

Алар, сенің жобаң шынында да өте пайдалы, әрі уақытты үнемдеуге болатынын дәлелдеп тұр. Пайдаланушы қалай жұмыс істейді, пернетақтамен көрсетіп берші.

Жобамды жетілдіру үшін алдағы уақытта даізденісімді жалғастыра беремін. Пайдаланушы таңдаған қолжазбаны тануды  кез келген тілде қосуына болады. Сөздік, конткестті түсіну, рекуренттік нейронды желілер саласындағы бастаған жобам арқылы Қазақстанның ғылымына үлесімді қосссам деген ниеттемін.Қосымша толығымен әзір болып, патент алынғаннан соң Play Market-те орналастырылады. Мен білім алатын «Жас дарын» мектебінің оқушылары Е-кітапхана және Е-асхана бағдарламаларын жасаған.

Utf8_general_ci  кириллица әріптері Ә (a1), А (g1), Қ (к,), Ң (n1), Ө (о-), Ұ (u1), Ү ( u1), Һ (һ1), I (y1 ) – латын әріптерімен белгіленеді.

—Бәрекелді! Арман – тілектерің орындалсын!

Шәкірт жайлы:

Айдар ШАЙХИМОВ, ақпараттандыру пәнінің мұғалімі:

—Оңай жағы қалды, қиын жағын біз өткіздік. Енді оңай жағын бітіреміз де, толық комплект, бағдарламалық қосымша ретінде бұқараға таратуға дайын боламыз. Қуаттылығы компьютер немесе ұялы телефонның күшіне байланысты. Бағдарламаны әзірлеуге жергілікті кәсіби мамандар көмекке келді. Өңірде қазақ қолжазбаларын оқитын қосымшаны әзірлеумен бұрын-соңды ешкім айналыспаған. Бұл мәселе де шешімін тапты.

Дария ӘБІКЕНОВА, ғылыми кеңесші:

—Оқушы қолданған нейронды желілер бойынша маманданған программистер мүлдем жоқ. Оларды іздеп-табу қиынға соқты. Сондықтан екі ай ішінде ғылыми материалдар зерттелді. Нәтижесінде бағдарлама жазылды. Өз тарапымыздан қазақ тіліндегі мұрағаттық қолжазбаларды цифрлық форматқа ауыстыруға үлесімізді қосамыз деген ойдамыз. Бүгінде білім ордасының кітапханасында 26 мыңнан астам әдебиет қоры бар. Құнды деректердің қатарындағы қолжазба құжаттар мыңдап саналады. Бірінші кезекте қосымшаның көмегімен мектепте 20 жыл бойы жиналған қолжазбалар цифландырылмақ.

 

  «FSH»