Шәкірттерге білім беруде әлем нарығындағы деңгейге жетелеу

ТОҚАЕВ  Қасым-Жомарт Кемелұлы,

Қазақстан Республикасының Президенті:

«Цифрлық технологиялар жаһандық еңбек нарығын жылдам өзгертіп жатыр. Әлемде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің қыр-сырын білетін мамандарға деген сұраныс артып келеді.

Алайда жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру әлдеқайда ерте жастан, яғни мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс.

Осыған орай бірқатар бастаманы жүзеге асырған жөн. Ең алдымен, мектеп оқушыларына арналған жасанды интеллект негіздері туралы бағдарлама және оқу материалдарын әзірлеу қажет.

Ұстаздардың жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдысын да қалыптастыру керек болады».

(«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан

өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»

атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

2025 жыл, 8 қыркүйек)

Мемлекет  басшысының биылғы жылғы 8 — қыркүйектегі Жолдауында әлемдік деңгейдегі мамандардың қажет екенін қадап айтты. Бұл тапсырманы ұстаз қауымы жүрегіне жылы қабылдап, бала оқытудағы мол тәжірибесі, өнегесі мен жаңашылдығымен жауап беру керектігін сезінді. Солардың қатарында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келе жатқан мен де жаңашыл ұстаз тапсырмасын қолдап отырмын. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетін — (Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді мемлекеттік педагогикалық университетінің филология факультетін) 1984 -1988 жылдары бітіріп, алғашқы ұстаздық баспалдағымды 1988 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Жангелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болып бастадым. 2008 жылдан Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп- интернатында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімімін.

Жылдар алға қарай жылжыған сайын адамның  мүмкіндіктерінің аясы кеңіп, жаңа технологияларды өз саласында меңгеруге құлшынуда. Өйткені, барша  қазақстандықтардың мақсаты — жаңа заман артықшылықтарын пайдалана отырып, елімізді көркейтуге барынша күш-жігерін жұмсау. Атап айтқанда, мемлекетіміздің  қара алтыны мұнай өндірісі, тау-кен, ауыл шаруашылығы, білім мен экономика, медицина мен сауда саласының мамандары білімнің қара шаңырағы – мектепте оқытылады. Осы тұрғыдан алғанда, ұстазға жүктелетін жауапкершілік жүгі – салмақты.

Мектепте сабақ беріп келе жатқаныма 40 жылға жуық уақыт бедерінде үнемі әлемдік және республикамызға танымал білім беру мен тәрбиедегі тәжірибесі кеңінен таралған ұлағатты ұстаздар өнегесінен үйреніп, үлгісінен үйреніп келемін. Өзім де кейінгі жылдары жылдар бойы білім саласында жинаған тәжірибемді жас ұстаздарға үйретуден жалыққан емеспін. Ғылыми -педагогикалық қызмет бойынша әдістемелік құралдар жазып, тарату ісі де — ұстаздық тәжірибемнің бір қыры.

Атап айтқанда «Liberal Arts»  қағидалары негізінде креативті оқыту»  оқу-әдістемелік құралын шығардым. «Данышпан тұлғаның даналық ойлары» — жинағының құрастырушылардың бірімін. Ж.Аймауытов және «Сатылай кешенді оқыту технологиясы» атты Халықаралық САММИТ мінберінен баяндама жасадым. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед  Қонав туралы «Данышпан тұлғаның даналық ойлары», ғалым Асқар Жұбанов оқулары – ІІІ (тұрақты ғылыит тіл танымдық алаңы)  жинағына тәжірибелік мақалаларым енді.

Отан соғысының ардагері, майдангер қаламгер, детектив жанрының негізін салушы Кемел Тоқаевтың 100 жылдығына арналған «Кемел Тоқаев және ұлттық әдебиеттегі детектив жанры» атты ғылыми – теориялық конференцияға оқушыларыммен бірге қатыстым.

Бала оқытудағы негізгі қағидам: дана Абай Құнанбайұлының «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», — деген даналық сөзі. Болашақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда Абайдың даналық сөздері әр оқушыны жігерлендіріп, жаңа белестерге ұмтылуға жетелейді. Үнемі оқушыларыма берген білімнің нәтижесін көру үшін оларды ынталандырып, пән олимпиадалары, байқауларға қатыстырып келемін. Білім аламанында шәкірттерін жаңа технологиялар негізінде оқыта білген ұстаздың шәкірттері озатыны белгілі. Сондықтан, жеке мамандығымның біліктілігін арттыратын курстардан қалған емеспін. Курсқа бару – жәй ғана барып, ұстаздардың озық тәжірибелерін тыңдап қайту емес, әр ұстаз өзінің жаңашылдығын, сабақ беруде цифрлық бағдарламалар негізінде өзінің де тәжірибесін ортаға салып, көрсету. Жаңашылдықты  қалай меңгерудегі шәкірт жетістігімен бөлісу. Бұл ретте «Үздік авторлық бағдарлама» бойынша сертификат, Алғыс хаттар мен дипломға ие бодым.

Бүгін таңда көптеген жастар арасында өткізілген сауалдама қорытынысы бойынша, жастар көркем сөйлей алмайды, сауаттылығы нашар, тілдік қорығы аз деген сын айтылуда. Болашақ жастардың осы күйі әр ұстазды бей-жай қалдырмасы анық. Менің проблемалық тақырыбым: Оқыту үрдісінде заманауи әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім алушылардың академиялық сауаттылығы мен зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру. Ал, енді осы проблеманы қалай шешуге болады десек, Академиялық сауаттылықты дамыту; зерттеушілік әрекетке бағыттау; оқушыларға әр сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

Нәтижесі, оқушыларым мектепішілік, қалалық, республикалық І,ІІ және ІІІ орынды қолдан бермей келе жатқан шәкірттеріммен мақтана аламын. Республикалық ғылыми жобалар мен сайыстардан 2024 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Мұзтар Еңлік 3 дәрежелі диплом иеленсе, халықаралық ХХV «Абай оқуларында» Жаныбекқызы Кәусар І І- дәрежелі дипломмен марапатталды. ҰБТ қорытындысы бойыгша оқушыларым 133 пен 108 аралығында балға ие болып, мектепте 11 жыл алған білімін дәлелдей алды.

Мектеп түлектерінен Хомутсов Василий ҚазҰПУ – дің грант иегері. Асқар Дамир — Сүлеймен Демирел атындағы университеті, Балдан Қамарсұлу Қ.Жұбанов атындағы АӨУ, Иосова Айсұлу, Талғат Нұрсұлтан — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тұрған Нұрбану, Мүсірәлі Жанбота — Қазақ қыздар Ұлттық университетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін таңдап, ұстаздық етуге бел байлап, жоғары білім алуда.

Әлемнің екінші ұстазы әл-Фараби: «Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзінің абзал қасиеттерін тани алмайды», — деген ұлағатты сөзін балаға білім беруде қолдана отырып, цифрлық технологиялар жаңалықтарын сабақ өткізуге қолдана отырып, алдағы уақытта жасанды интеллекті меңгеру міндеті алдымызда тұр. Бұл – бүгінгі және болашақтың талабы.

ТАЙГАРИНА Гульмира Кадрбековвна,

Абай атындағы РММИ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жоғары санатты мұғалімі. Педагог-шебер

ҚР ОАМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері.

ҚР ӘМ Республикалық «Жас дарын» орталығының «Педагогика саласының үздік қызметкері».

«Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері