Жеткіншектер арасындағы әуестік

Бүгінгі қоғамда жастардың қызығушылықтары мен әуестіктері жиі талқыланатын тақырыптардың біріне айналды.
Сырттай қарағанда, жаңа қызығушылықтың бір түрі, әлеуметтік желінің ықпалы немесе бос уақытты толтырудың жолы секілді. Алайда, жастар арасындағы әуестік-зиянсыз құбылысқа жатпайды. Өйткені ол жеткіншектің өзін іздеу кезеңімен, қоғамда өз орнын табуға деген ұмтылысымен тығыз байланысты.
Әуестік–бейімділік, құштарлық, зауықтану. Әуестік сипаты мен орнықтылығына байланысты ұнамды не ұнамсыз болып келеді.
Жастар музыка, кино, әдебиет, спорт немесе цифрлық мәдениет арқылы өз көзқарасын, талғамын білдіреді. Бұл кейде үлкендер тарапынан түсінбеушілікке ұшырайды. «Неге олар соған сонша беріліп кетті?» деген сұрақ жиі қойылады. Бірақ бұл-әр жеткіншектің өзінше тіл табысу тәсілі. Бұл ұғымның көптеген түрлері болады. Жастардың қызығушылығы әрдайым артады және ол шексіз. Соңғы жылдары жастар мәдениетінде шетелдік бағыттардың ықпалы күшейді. Соның ішінде музыкалық индустрия арқылы таралған заманауи ағымдар ерекше назар аудартады. Әсіресе Оңтүстік Кореядан шыққан поп-мәдениет біртіндеп тек музыка деңгейінен асып, стильге, өмір салтына, тіпті ойлау жүйесіне әсер ете бастады. Бұл құбылыс көпшілікке K-pop феномені ретінде белгілі.
K-pop–Оңтүстік Кореяда 1990 ж. ортасында батыстың электропоп, хип-хоп, заманауи R’n’B сынды музыкалық жанрлардың элементтерін бойына жинаған жаңа музыкалық жанр. Ол-тек ән емес, бүкіләлемдік би мен Оңтүстік Кореяның киіну ерекшелігін біріктіретін, жастар арасындағы субмәдениет. Оны айдолдар деп аталатын, танымал жастар тобы әншілер мен бишілер болып орындайды. Олар блюз бен рэпті араластыра отырып, тек кәріс емес, ағылшын өлеңін де қосып айтады.К-поптың белсенді әрі кең ауқымда таралып келе жатқанының бір негізі: американдық композитор, жазушы-Куинси Дилайт Джонс Billboard журналына берген сұхбатында «Көптеген Корейлік концерттерге барғанда әндерімен таң болдым. Орын барысы, хореография және орындалуы керемет болды, бірақ бір маңыздысы, мен корейлік әннің рухын сезіндім», — деп хабарлайды.
Жастарға k-pop-тың әсері екі жағдайда тиеді. Яғни, адамның өзінің қабылдауына байланысты. Қызығушылықтың жақсы жағынан, яғни тек жақсы көңіл-күй сыйлап, шынайы қуаныш сезімін білдіретін құбылыс болса, екіншісі әуестіктің белгісі ретінде жағымсыз жағынан болуы мүмкін, адам тәуелді болып, олсыз өмірінің мәні жоқ сияқты елестетеді. Жағымсыз сынды жағдайлар өте көп кездеседі: олар айдолдарды жанкүйер ретінде қолдау көрсетуді таңдамай, одан да көп мағынада тұратынын білдіргісі келіп,өзінің қиялымен жүру арқылы қауіпті іс-әрекеттер байқаусыздан жасайды. Осы екі айырмашылықты айқын бейнелеу үшін, онлайн желісінен K-pop жанкүйерлерінен екі түрлі пікір алдым:
Бірінші пікір қалдырушы:
– K-pop сен үшін нені білдіреді?
– Мен үшін бұл жай ғана музыка емес, үлкен еңбек пен таланттың көрінісі. Әндерін тыңдаймын, билерін көремін, шабыт аламын. Бірақ мен оларды тек әртіс ретінде қабылдаймын. Қолдаймын және шекараны түсінемін.
– Яғни бұл сен үшін қауіпсіз қызығушылық па?
– Иә. Бұл менің хоббиім сияқты. Уақытымды толық алмайды, жеке өміріме кедергі жасамайды. Олар-сахнадағы жұлдыз, мен-көрерменмін.
Екінші пікір қалдырушы:
– Ал сен үшін ше?
– Мен үшін бұл әлдеқайда маңызды. Мен олардың әр қадамын бақылап отырамын. Жаңалықтарын, жеке өмірін, кіммен араласатынын білгім келеді.
– Неге қатты бақылағың келеді?
– Өйткені мен өзімді соған жақын сияқты сезінемін. Кейде тіпті оны «менікі» деп ойлаймын. Егер басқа қыздар оны жақтырса немесе қарым-қатынас туралы жаңалық шықса, қызғанамын.
– Бұл жай қызығушылық па, әлде әуестік пе?
– Нақты білмеймін… Бірақ мен үшін ол жай әнші емес, өмірімнің бір бөлігі сияқты.
Сондықтан жастар арасындағы әуестікті біржақты бағалауға болмайды. Бұл-тыйым салатын немесе жоққа шығаратын құбылыс емес, керісінше, дұрыс бағыт-бағдар беруді қажет ететін әлеуметтік процесс.
МАРАТОВА Сабина,
Абай Ұлттық мектебінің 11- сынып оқушысы,
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі.
Жетекшісі: Мерзоянова Меруерт Өмірсерікқызы





